Toggle Dropdown
1
"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 1415 Қаулысы.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 47-48, 444-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінде:
Toggle Dropdown
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 6-бабының 12) тармақшасына, 10-бабының 7) тармақшасына және 77-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды не мемлекеттік және мемлекеттік емес секторлардың Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған, қызметінің негізгі мәні медициналық техниканы кейіннен қаржылық лизинг шарттарында денсаулық сақтау ұйымдарына беру үшін сатып алуды ұйымдастыру және өткізу болып табылатын ұйым (бұдан әрі – лизинг беруші) қаражатының есебінен денсаулық сақтау ұйымдарының қаржылық лизинг шарттарында сатып алуын ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.»;
Toggle Dropdown
2-тармақта:
Toggle Dropdown
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«19) тек бірыңғай дистрибьютордан сатып алуға жататын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімі (бұдан әрі – бірыңғай дистрибьютордың тізімі) – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жыл сайын әзірлейтін және бекітетін, дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атауларын немесе құрамын, медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауларын, сондай-ақ техникалық сипаттамаларын, жасалған ұзақ мерзімді жеткізу шарттарының болуы туралы ақпаратты қамтитын құжат. Бірыңғай дистрибьютордың тізіміне республикалық бюджет қаражатының есебінен сатып алынатын медициналық мақсаттағы бұйымдар енгізіледі;»;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«19-1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган – индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласында басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
Toggle Dropdown
25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«25) ұзақ мерзiмдi жеткiзу шарты – осы Ережеде белгiленген тәртiппен тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету шеңберiнде бiрыңғай дистрибьютор Қазақстан Республикасының аумағында тиiстi өндiрiстiк практика стандарттарына сәйкес дәрiлiк заттардың, ISO стандарттарына сәйкес медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндiрісін құруға ниетi бар заңды тұлғамен жеті жылға дейiнгi мерзiмге жасайтын дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізуге арналған азаматтық-құқықтық шарт;»;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 26), 27), 28), 29), 30), 31), 32), 33) және 34) тармақшалармен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«26) кепілдік берілген сервистік қызмет көрсету – шығыс материалдары мен тозатын тораптарды қоспағанда, жеткізілген медициналық техниканы тиісінше пайдалану және сақтау шартымен сатып алу шартында және қаржылық лизинг шартында келісілген мерзімге өнім беруші (дайындаушы, орындаушы) ұсынатын оны жарамды жай-күйде ұстау жөніндегі қызметтер кешені, ол техникалық қызмет көрсетудің, техникалық диагностикалаудың және жабдықты дефектациялаудың, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының, техникалық консультациялар мен оқытудың кез келген түрлерін қамтиды;
Toggle Dropdown
27) қаржылық лизинг шарты – лизинг беруші белгілі бір өнім берушіден мүлікті өз меншігіне сатып алуға және осы мүлікті лизинг алушыға уақытша иеленуге және пайдалануға ақылы түрде беруге міндеттенетін шарт, оның ішінде лизинг нысанасын сақтандыруды көздейді;
Toggle Dropdown
28) сатып алу туралы шарт – осы Ережеге және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес лизинг беруші/Тапсырыс беруші және өнім беруші арасында жасалған, жазбаша нысанда тіркелген, барлық қосымшаларымен және оған толықтырулармен, сондай-ақ шартта сілтемесі бар барлық құжаттамалармен бірге тараптар қол қойған шарт;
Toggle Dropdown
29) клиникалық-техникалық негіздеме – сұрау салынған медициналық техниканың қажеттілігі және оны қолдануға денсаулық сақтау ұйымдарының әзірлігі туралы ақпаратты қамтитын құжат;
Toggle Dropdown
30) лизинг бepуші – тартылған ақша және (немесе) өз ақшасы есебiнен лизинг нысанасын меншiгіне сатып алатын және оны лизинг алушыға қаржылық лизинг шартының талаптарымен беретiн лизинг мәмiлесiне қатысушы;
Toggle Dropdown
31) лизинг алушы – қаржылық лизинг шартының талаптарына орай лизинг нысанасын қабылдайтын денсаулық сақтау ұйымы (лизинг мәмiлесiне қатысушы);
Toggle Dropdown
32) лизинг төлемдері – қаржылық лизинг шартын жасасқан сәттегi баға бойынша лизинг нысанасының бүкіл құнының өтелуiн ескере отырып есептелуге тиiс және қаржылық лизинг шартының қолданылу мерзiмiне жүзеге асырылатын, қаржылық лизинг шарты қолданылатын мерзiмге қаржылық лизинг шарты бойынша төлемдердiң жалпы сомасын бiлдiретiн мерзiмдiк төлемдер, олар:
Toggle Dropdown
қаржылық лизинг шартына сәйкес лизинг берушiге лизинг нысанасын сатып алуға жұмсалған шығындарды және лизинг нысанасын сатып алуға, жеткiзуге және мақсаты бойынша пайдалану үшiн оны жұмыс iстейтiн күйге келтiруге тiкелей байланысты кез келген басқа шығыстарды өтеуді;
Toggle Dropdown
лизинг бойынша сыйақыны қамтиды;
Toggle Dropdown
33) біріздендіруді талап ететін медициналық техника – облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі медицина ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, республикалық бюджет қаражатының есебінен сатып алынатын, біртекті медициналық қызметтерді көрсету үшін денсаулық сақтау ұйымдары сатып алатын бір үлгідегі техникалық сипаттамалары бар медициналық техника;
Toggle Dropdown
34) лизинг мерзiмi – қаржылық лизинг шартына сәйкес лизинг алушыға лизинг нысанасы уақытша иеленуге және пайдалануға берiлетiн мерзiм. Бұл ретте лизинг нысанасына лизинг берушінің меншік құқығын сақтай отырып, қаржылық лизинг шартын мерізімнен бұрын бұзу лизинг мерзімін өзгертуге әкеп соқтырмайды.»;
Toggle Dropdown
7-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«2) бірыңғай дистрибьютор сатып алуды жүзеге асырған кезде:
Toggle Dropdown
екі кезеңдік рәсімді қолдану арқылы тендер өткізу;
Toggle Dropdown
бір көзден сатып алу;
Toggle Dropdown
жұқпалы және паразиттік аурулардың туындауы мен таралуының алдын алу, төтенше жағдайлардың салдарын болғызбау және жою үшін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі;
Toggle Dropdown
дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұзақ мерзімді жеткізу шарты бойынша сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі;»;
Toggle Dropdown
8-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«8-1. Дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды және/немесе медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндірушінің ресми өкілі мәртебесі бар дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың әлеуетті өнім берушісі тендердің бір лоты бойынша дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың бір ғана өндірушісін білдіреді.
Toggle Dropdown
Сатып алынатын негізгі медициналық техникамен жиынтықта бірге пайдалану үшін медициналық техника және/немесе медициналық мақсаттағы бұйым қосымша талап етілген жағдайда тендердің бір лоты бойынша медициналық техниканың әлеуетті өнім берушісінің екі және одан да көп өндірушілерді ұсынуға құқығы бар.»;
Toggle Dropdown
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«15. Тендерді ұйымдастырушы алда болатын дәрілік затттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алу туралы тендерлік өтініштерді қабылдау аяқталатын күнге дейін кемінде күнтізбелік 20 күн бұрын аптасына үш реттен сиретпей шығарылатын және Қазақстан Республикасының аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялау және ақпаратты сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсында орналастыру жолымен әлеуетті өнім берушілерді хабардар етеді.»;
Toggle Dropdown
39-тармақтың 2) тармақшасында:
Toggle Dropdown
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлік баланстың түсіндірме жазбасымен бірге түпнұсқасы немесе нотариаттық куәландырылған көшірмесі. Егер конверттерді ашу ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде жүргізілген жағдайда, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы бухгалтерлік баланстың түсіндірме жазбасымен бірге түпнұсқасы немесе нотариаттық куәландырылған көшірмесі ұсынылады;»;
Toggle Dropdown
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«әлеуетті өнім беруге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қолы және мөрі бар әлеуетті өнім берушінің осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстанның даму банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші бірнеше банктің немесе банк филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылған жағдайда, бұл анықтама осындай банктердің немесе банк фидиалдарының әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама тендірлік өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірмей берлуі тиіс. Анықтамаға қол қойған лауазымды тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың болмауы осындай әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп тану үшін негіздеме болып табылмайды.»;
Toggle Dropdown
78-тармақтың 1) тармақшасының сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«әлеуетті өнім беруге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қолы және мөрі бар әлеуетті өнім берушінің осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстанның даму банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші бірнеше банктің немесе банк филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылған жағдайда, бұл анықтама осындай банктердің немесе банк филиалдарының әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама тендірлік өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірмей берлуі тиіс. Анықтамаға қол қойған лауазымды тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың болмауы осындай әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп тану үшін негіздеме болып табылмайды.»;
Toggle Dropdown
82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«82. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардан тұруы тиіс бірыңғай дистрибьютордың тізімін жыл сайын тиісті қаржы жылының бірінші шілдесінен кешіктірмей келесі күнтізбелік жылға бекітеді.
Toggle Dropdown
Бірыңғай дистрибьютордың тізімін уәкілетті орган дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атауын немесе құрамын, медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауын, сондай-ақ техникалық сипаттамасын, жасалған ұзақ мерзімді жеткізу шарттары туралы ақпаратты көрсете отырып, бірыңғай дистрибьюторға жолдайды.
Toggle Dropdown
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу үшін бөлінетін бюджет қаражатын оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар осы Ереженің 11-1-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган бекіткен бағадан аспайтын бағалар бойынша сатып алынады.»;
Toggle Dropdown
87-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«2) бекітілген бюджетке және ай сайынғы қажеттілікке сәйкес дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың саны.
Toggle Dropdown
Бұл ретте, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың саны ай сайын ең аз қаптамаға дейін дөңгелектенеді;»;
Toggle Dropdown
8-1-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«8-1-тарау. Медициналық техниканы сатып алуды жоспарлау және ұйымдастыру
Toggle Dropdown
88-1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде құны 5 000 000 (бес миллион) теңгеге дейінгі медициналық техниканы сатып алу:
Toggle Dropdown
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарымен, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен;
Toggle Dropdown
2) жергілікті атқарушы органдарға бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарымен, денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдарымен;
Toggle Dropdown
3) «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамымен «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамының еншілес ұйымдарымен келісілген клиникалық-техникалық негіздеменің және техникалық ерекшеліктің негізінде осы Ереженің 7-тармағының 1) тармақшасында көзделген әдіспен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
88-2. Құны 5 000 000 (бес миллион) теңгеден бастап 50 000 000 (елу миллион) теңгеге дейінгі медициналық техника қаржылық лизинг шарттарында және осы Ережеге сәйкес сатып алынады.
Toggle Dropdown
88-3. Құны 50 000 000 (елу милион) теңгеден жоғары, сондай-ақ біріздендіруді талап ететін медициналық техниканы, медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы, осы Ереженің 8-2-тарауына сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі медицина ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, республикалық бюджет қаражатының есебінен сатып алады. Сұрау салынған медициналық техниканың клиникалық-техникалық негіздемесіне, техникалық сипаттамасына және құнына сараптаманы лизинг беруші жүргізеді.»;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 8-2-тараумен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«8-2-тарау. Үкімет айқындаған тұлғаның медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыруы
Toggle Dropdown
88-4. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі медицина ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, республикалық бюджет қаражатының есебінен сатып алатын медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болады (бұдан әрі – 8-2-тарауда СҚ-Фармация).
Toggle Dropdown
Денсаулық сақтау ұйымдарына қаржылық лизинг шартында кейіннен беру үшін лизинг беруші қаражаты есебінен сатып алынатын медициналық техника үшін сатып алуды ұйымдастырушы лизинг беруші болады, ал СҚ-Фармация осы Ереженің 3-бөлімінің 10 және 11-тарауларына сәйкес өнім берушілерді іріктеу бойынша тендер өткізеді.
Toggle Dropdown
Ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 5-күніне дейiн СҚ-Фармация мен лизинг беруші облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі медицина ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, республикалық бюджет қаражатының есебінен сатып алатын және лизинг берушінің қаражаты есебінен сатып алатын медициналық техниканы сатып алу және жеткiзу мониторингiн жүргiзедi және денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органға денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша есеп бередi.
Toggle Dropdown
88-5. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі медицина ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, республикалық бюджет қаражатының есебінен сатып алатын медициналық техниканы сатып алуды дайындау және ұйымдастыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган құрамында тізбесі, клиникалық-техникалық негіздемесі, техникалық өзіндік ерекшелігі, саны, мерзімі, жеткізу шарты мен орны, медициналық техниканың әрбір атауы бойынша сатып алу үшін бөлінген сомасы бар тапсырыс берушілерден алған ақпаратты лизинг берушіге ұсынады.
Toggle Dropdown
Лизинг беруші денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпаратты ұсынған сәттен бастап күнтізбелік қырық күн ішінде әрбір атауы бойынша медициналық техниканың клиникалық-техникалық негіздемесі, техникалық өзіндік ерекшелігі (техникалық сипаттамасы) және құны бөлігінде сараптама жүргізеді және сараптама қорытындысын шығарады.
Toggle Dropdown
Ұсынылған ақпараттың толықтығы мен дұрыстығы бұзылған жағдайда лизинг беруші ақпаратты денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға қарамай қайтарады.
Toggle Dropdown
Лизинг беруші сараптама қортындысы шыққан сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны сатып алынатын медициналық техниканың техникалық өзіндік ерекшелігімен қоса лерді жою, қарау және бекіту үшін тапсырыс берушілерге жібереді.
Toggle Dropdown
Тапсырыс берушілер он жұмыс күні ішінде лерді жояды, сатып алынатын медициналық техниканың техникалық өзіндік ерекшелігін қарайды және жазбаша түрде бекітеді, оның әрбір бетіне тапсырыс берушінің басшысы қол қояды, мөрмен бекітеді және лизинг берушіге ұсынады.
Toggle Dropdown
Тапсырыс берушiлер сатып алынатын медициналық техниканың техникалық өзіндік ерекшелігіне тапсырыс берушiнiң толық атауын, банктiк деректемелерiн, мекенжайын (пошталық және заңды), байланыс телефонының/факсiнiң нөмiрiн, электрондық поштасының мекенжайын, тапсырыс беруші басшысының лауазымын және Т.А.Ә., сатып алынатын медициналық техниканы техникалық пайдалану жағдайын, сатып алынатын медициналық техниканы пайдалануға арналған мамандар туралы мәліметті қоса береді.
Toggle Dropdown
Тапсырыс берушінің осы медициналық техникаға қажеттілігін және тапсырыс берушінің осы медициналық техниканы пайдалануға беру дайындығын белгілеу мақсатында лизинг беруші тапсырыс берушіден сараптама қорытындысымен қоса техникалық өзіндік ерекшелікті және осы Ереженің 88-5-тармағының алтыншы бөлігінде көрсетілген ақпаратты алған сәттен бастап оларды үш жұмыс күні ішінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға келісуге жібереді.
Toggle Dropdown
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган лизинг берушіден медициналық техниканың техникалық өзіндік ерекшелігін, сараптама қорытындысын және осы Ереженің 88-5-тармағының алтыншы бөлігінде көрсетілген ақпаратты алған сәттен бастап он бес жұмыс күн ішінде тендер өткізу үшін СҚ-Фармацияға жібереді.
Toggle Dropdown
88-6. Денсаулық сақтау ұйымы қаржылық лизинг шартында сатып алынатын медициналық техниканың техникалық сипаттасыманың (техникалық өзіндік ерекшеліктерінің) оңтайлы параметрлерін анықтау үшін клиникалық-техникалық негіздемені, техникалық өзіндік ерекшелікті және техникалық, ұйымдастырушылық сараптаманы және құн сараптамасын, сондай-ақ қаржылық лизинг шарттары мен талаптарына сәйкестікті жүргізу үшін лизинг беруші айқындаған құжаттар тізбесіне сәйкес тәртіппен басқа да құжаттарды ұсынады.
Toggle Dropdown
Лизинг беруші техникалық, ұйымдастырушылық сараптаманы және құн сараптамасын, сондай-ақ қаржылық лизинг шарттары мен талаптарына сәйкестікті жүргізгеннен кейін он жұмыс күні ішінде сатып алуға жоспарланған медициналық техниканың тізбесін әзірлейді, оны алған сәттен бастап он бес жұмыс күн ішінде медициналық техниканың тізбесін келісуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жібереді.
Toggle Dropdown
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісілген медициналық техниканың тізбесін лизинг беруші он бес жұмыс күні ішінде екі кезеңдік рәсімді және бір көзден сатып алуды пайдалана отырып, медициналық техниканың өнім берушілерін іріктеу бойынша тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін СҚ-Фармацияға жібереді. Тендер өткізгеннен кейін СҚ-Фармация лизинг берушіге он жұмыс күні ішінде жеңімпаз деп анықталған өнім берушілердің тізбесін жібереді.
Toggle Dropdown
Өнім берушілерді айқындау қорытындысы бойынша лизинг беруші он бес жұмыс күн ішінде денсаулық сақтау ұйымдарымен қаржылық лизинг шартын жасасады, одан кейін он бес жұмыс күні ішінде өнім берушілермен медициналық техниканы сатып алу туралы шарт жасасады.
Toggle Dropdown
Лизинг беруші мен өнім беруші арасында сатып алу туралы шарт жасалғаннан кейін соңғысы денсаулық сақтау ұйымына лизинг нысанасын, сатып алу шарттарында көрсетілген, бірақ отыз жеті айдан кем емес мерзімге қосу-жөндеу жұмыстарын, персоналдарды оқытуды және сатып алу туралы шартта көрсетілген кезеңге медициналық техникаға кепілдік берілген сервистік қызмет көрсетуді ұсынады.
Toggle Dropdown
88-7. Жобаланған және салынып жатқан денсаулық сақтау объектілеріне медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыру мақсатында СҚ-Фармация құрамында тізбесі, техникалық сипаттамасы, денсаулық сақтау объектілері бөлімшелерінің бөлінісінде әрбір атауы бойынша медициналық техниканы сатып алу үшін бөлінген сомасы мен саны болуы тиіс, жобаланған және салынып жатқан денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ұсынған ақпарат бойынша техникалық сипаттама мен оның құны бөлігінде сараптама жүргізеді.
Toggle Dropdown
Жобаланған және салынып жатқан денсаулық сақтау объектілеріне медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыру мақсатында СҚ-Фармация құрамында тізбесі, техникалық сипаттамасы, денсаулық сақтау объектілері бөлімшелерінің бөлінісінде әрбір атауы бойынша медициналық техниканы сатып алу үшін бөлінген сомасы мен саны болуы тиіс, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ұсынған ақпарат бойынша техникалық сипаттама бөлігінде сараптама жүргізеді.
Toggle Dropdown
Жобаланған және салынып жатқан денсаулық сақтау объектілеріне арналған медициналық техника құнының сараптамасын құрамында тізбесі, техникалық сипаттамасы, денсаулық сақтау объектілері бөлімшелерінің бөлінісінде әрбір атауы бойынша медициналық техниканы сатып алу үшін бөлінген сомасы мен саны болуы тиіс, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ұсынған ақпарат бойынша лизинг беруші жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
88-8. СҚ-Фармация денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органнан ақпарат алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жобаланған және салынып жатқан денсаулық сақтау объектілеріне сатып алынуға тиiс медициналық техниканың техникалық сипаттасыманың оңтайлы параметрлерін айқындау үшін сұратылатын медициналық техниканың үлгілерінен тұратын бейін бойынша мамандардан, ұйымдардың сарапшыларынан, медициналық техниканы сараптауды жүзеге асыратын аккредиттелген сарапшылардан, лизинг беруші өкілдерінен (келісім бойынша) құрылған сараптама комиссиясын құрады. Сараптама комиссиясының құрамы медициналық техниканы сатып алу бейіні бойынша сарапшылар тобынан құрылуы тиіс. Сараптама комиссиясының және/немесе сараптама тобының мүшелерінің жалпы саны тақ саннан немесе кемінде үш адамнан тұруы тиіс.
Toggle Dropdown
Сараптама комиссиясы денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган берген ақпараттың негiзiнде үш жұмыс күнi iшiнде жобаланған және салынып жатқан денсаулық сақтау объектілеріне сатып алынуға тиiс медициналық техниканың техникалық сипаттамаларының (техникалық өзiндiк ерекшелiгiнiң) оңтайлы параметрлерін айқындайды. Сараптамалық қорытынды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгіленген түрде жазбаша ресiмделедi, оның әрбiр бетiне қол қойылып, ал соңғы бетiне сараптама комиссиясының немесе сараптама тобының мүшелерi қол қояды және сараптама комиссиясы отырысының хаттамасы қоса берiледi.
Toggle Dropdown
Сараптама комиссиясы өзінің қызметін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органда сараптама қорытындысы шығарылғаннан кейін тоқтатады.
Toggle Dropdown
88-9. СҚ-Фармация бес жұмыс күнi iшiнде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісілген тапсырыс берушiлер ұсынған сатып алынатын медициналық техника тiзiмдерiнiң және/немесе осы Ереженiң 88-7-тармағының бірінші бөлігінде, ал 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 88-7-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде көрсетiлген ақпараттың негiзiнде әрбiр атауы бойынша медициналық техниканың тiзбесi, саны, жеткiзу мерзiмi, шарттары мен орны, бағасы және сатып алу үшiн бөлiнген сома, техникалық сипаттама (техникалық өзiндiк ерекшелiк) қамтылған сатып алынатын медициналық техниканың әрбiр атауы бойынша сатып алынатын медициналық техниканың жиынтық тізімін қалыптастырады және тендер жариялайды және осы Ереженің 3 бөлімінің 10 және 11-тарауларында көзделген тәртіппен өнім берушілерді таңдауды жүргізеді.»;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 105-1-тармақпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«105-1. Бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы тендерлік құжаттама әзірлемейді. Әлеуетті өнім берушілер тендерлік өтінімді осы Ережеге сәйкес қалыптастырады.»;
Toggle Dropdown
107-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«107. Егер әлеуетті өнім беруші:
Toggle Dropdown
1) тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін тендерлік өтінімді кері қайтарып алған немесе өзгерткен (тендерлік өтінімге өзгерістер осы Ережеге сәйкес бірыңғай дистрибьютордың/сатып алуды ұйымдастырушының лері негізінде енгізілетін жағдайларды қоспағанда);
Toggle Dropdown
2) екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендердің жеңімпазы деп танылса, бірақ жеткізу шартын уақтылы жасамаса;
Toggle Dropdown
3) өнім беру шартын жасап, шартты орындауды кепілдікті қамтамасыз ету бойынша талаптарды орындамаса немесе уақтылы орындамаса, тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы қайтармайды.
Toggle Dropdown
122-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Әлеуетті өнім беруші тендердің қандай да бір лоты бойынша бастапқы баға ұсынысын ұсынбаған жағдайда әлеуетті өнім беруші осы лот бойынша түпкілікті баға ұсынысын ұсыну мүмкіндігінен айырылады және тендердің жеке лоты бойынша ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне қатысудан шеттетіледі.»;
Toggle Dropdown
123-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«123. Егер баға ұсынысы лот бойынша сатып алу үшін бөлінген сомадан асатын болса комиссия оны, қарамайды және осы лот бойынша мұндай баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімін қарамайды. Бұл ретте, егер осы лот бойынша ең төмен бағаны анықтау рәсіміне қатысуға екіден аз тендерлік өтінім қалса, комиссия лот бойынша екі кезеңдік рәсімді пайдаланылатын тендерді өткізілмеді деп таниды.»;
Toggle Dropdown
124-тармақта:
Toggle Dropdown
екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Түпкілікті баға ұсыныстарын қабылдау уақыты осындай ұсыныстарды қабылдаудың басталуы туралы комиссия хатшысы хабарлаған сәттен бастап бес минутқа дейін болады. Егер бастапқы баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім беруші түпкілікті баға ұсынысын ұсынбаған жағдайда комиссия оның бастапқы ұсынған баға ұсынысын түпкілікті ұсыныс ретінде қабылдайды.»;
Toggle Dropdown
төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Ең төменгі түпкілікті баға ұсыныстарының екі немесе одан да көбі бірдей болған кезде ең төменгі баға ұсынысын анықтау үшін үшінші баға ұсынысын ұсынуға болады.»;
Toggle Dropdown
131-тармақтың 6) тармақшасы алынып тасталсын;
Toggle Dropdown
132-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«132. Бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы осы Ереженің 131-тармағының 1) - 5) тармақшаларына сәйкес бір көзден сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушіден (осы Ереженің 131-тармағының 7) тармақшасына, 11-2-тарауына сәйкес шарт жасалған өнім берушілерді қоспағанда) мыналарды сұратады:
Toggle Dropdown
1) баға ұсынысы;
Toggle Dropdown
2) әлеуетті өнім берушінің осы Ереженің 8-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар. Осы Ереженің 131-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес бір көзден сатып алуды жүзеге асырған кезде, бұдан бұрын осы Ереженің талаптарына сәйкес тендерлік өтінімді ұсынған әлеуетті өнім беруші бірыңғай дистрибьютор мен медициналық техниканы ұйымдастырушыға осы Ереженің 8-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынбайды;
Toggle Dropdown
3) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың осы Ереженің 4-тарауында көзделген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар.»:
Toggle Dropdown
132-1-тармақ алынып тасталсын;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 132-3-тармақпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«132-3. Осы Ереженің 131-тармағының 7) тармақшасына сәйкес бір көзден сатып алуды жүзеге асырған кезде бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім беруші – шетелдік өндірушіден (дайындаушы зауыттан) мыналарды сұратады:
Toggle Dropdown
1) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасы бойынша ұсыныс;
Toggle Dropdown
2) осы Ереженің 12, 13-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкестікті растайтын құжаттар;
Toggle Dropdown
3) шетелдік өндірушінің (дайындаушы зауыттың) шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы бар заңдастырылған немесе апостильденген құжат.
Toggle Dropdown
Егер шетелдік өндірушінің (дайындаушы зауыттың) Қазақстан Республикасының аумағында өкілдігі/филиалы болса, өкілдікті/филиалды есептік тіркеу туралы куәлік, өкілдік/филиал туралы Ереже ғана ұсынылады;
Toggle Dropdown
4) нотариалды куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасы бар дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіруге және/немесе көтерме, бөлшек саудада сатуға шетелдік өндіруші (дайындаушы зауыт) құқығын растайтын құжаттың заңдастырылған немесе апостильденген көшірмесі.»;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 11-2-тараумен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«11-2- тарау. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұзақ мерзімді шарт бойынша сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі
Toggle Dropdown
133-8. Ұзақ мерзiмдi жеткiзу шарты бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу:
Toggle Dropdown
1) бірыңғай дистрибьютордың бастамасымен;
Toggle Dropdown
2) әлеуетті өнім берушінің бірыңғай дистрибьюторға атауын (халықаралық патенттелмеген атауы немесе дәрілік заттардың құрамы немесе медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауы) және дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың техникалық сипаттамасын көрсете отырып ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасау туралы өтініші бойынша жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
133-9. Бірыңғай дистрибьютор бұрын жасалған ұзақ мерзімді жеткізу шарттары бойынша талдау жүргізеді және бұрын жасалған жеткізу шарттары болмаған жағдайда ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасау мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды.
Toggle Dropdown
133-10. Ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасау мүмкіндігі туралы шешім қабылдағаннан кейін бірыңғай дистрибьютор денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органнан он бес жұмыс күн ішінде дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тиісті атаулары бойынша ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасаудың орындылығы туралы қорытындыны сұратады.
Toggle Dropdown
133-11. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бірыңғай дистрибьютор өтініш берген сәттен бастап он жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьюторға халықаралық патенттелмеген атауы немесе дәрілік заттың құрамы және/немесе медициналық мақсаттағы бұйымның атауы, техникалық өзіндік ерекшелігі және ұзақ мерзiмдi жеткiзу шарты бойынша дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың әрбір атауы бойынша жеткізу кезеңінің ұзақтығы көрсетілген ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасасудың орындылығы туралы қорытындыны ұсынады.
Toggle Dropdown
133-12. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органнан ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасасудың орындынсыздығы туралы қорытынды алған жағдайда бірыңғай дистрибьютор ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасау жөнінде конкурс жарияламайды.
Toggle Dropdown
133-13. Бірыңғай дистрибьютор уәкілетті органнан қорытындыда көрсетілген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар атаулары бойынша қорытынды алған сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде ұзақ мерзімді өнім беруші шартын жасасуға конкурс жариялайды.
Toggle Dropdown
133-14. Ұзақ мерзiмдi жеткiзу шарттарын жасауға конкурстарды ұйымдастыру мен жүргізу үшін бірыңғай дистрибьютор конкурстық комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады және оның құрамын бекітеді.
Toggle Dropdown
Комиссия сондай-ақ ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын өзгерту және/немесе бұзу мәселелерін бірыңғай дистрибьютордың бастамасымен қарайды, оның нәтижесі бойынша хаттама әзірлейді.
Toggle Dropdown
133-15. Комиссия құрамына бірыңғай дистрибьютордың бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам, бәсекелестікті қорғау жөніндегі уәкілетті органның басшы немесе ол уәкілеттік берген адам, бірыңғай дистрибьютордың қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері (келісім бойынша), үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері (келісім бойынша), аккредиттелген бейінді қауымдастық өкілдері (келісім бойынша) кіреді.
Toggle Dropdown
133-16. Комиссия құрамына төраға, төрағаның орынбасары және комиссия мүшелері кіреді. Комиссияның жалпы саны тақ болуы және тоғыз адамнан кем болмауы тиіс. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және конкурстық комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды.
Toggle Dropdown
133-17. Комиссия оны құру туралы шешім қабылдаған сәттен бастап тұрақты негізде әрекет етеді.
Toggle Dropdown
133-18. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, комиссия отырыстарында төрағалық етеді, жұмысты жоспарлайды және оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның қызметін орынбасары атқарады.
Toggle Dropdown
133-19. Комиссия хатшысы бірыңғай дистрибьютордың қызметкері болып табылады. Комиссия хатшысы әлеуетті өнім берушілерден конкурстық өтінімдерді қабылдайды, комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттар мен материалдарды әзірлейді, комиссия отырысы өткеннен кейін хаттаманы ресімдейді, келіп түскен конкурстық өтінімдерді тіркеу журналын жүргізеді, онда әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерді ұсынған уақыты мен күндері, әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі. Келіп түскен конкурстық өтінімдерді тіркеу журналы тігілген, беттері нөмірленген болуы тиіс, соңғы парағы бірыңғай дистрибьютордың мөрімен расталған болуы тиіс.
Toggle Dropdown
133-20. Конкурстық комиссияның отырысы конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екі қатысқан жағдайда өткізіледі. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және егер оған конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген болса, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
Toggle Dropdown
133-21. Конкурстық комиссияның қандай да бір мүшесі болмаған жағдайда конкурстық комиссия отырысының хаттамасында аталған фактіні растайтын құжатты қоса бере отырып, оның болмау себебі көрсетіледі.
Toggle Dropdown
133-22. Комиссия мүшелерінің қажетті саны болмаған жағдайда, онда бірыңғай дистрибьютор комиссия құрамына комиссияның жоқ мүшелерін ауыстыру бөлігінде оларды ауыстырудың себебін көрсете отырып өзгеріс енгізеді.
Toggle Dropdown
133-23. Комиссия отырысының хаттамасына комиссияның барлық қатысқан мүшелері, оның төрағасы, оның орынбасары және хатшысы қол қояды.
Toggle Dropdown
133-24. Ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасасу үшін конкурс өткізу туралы әлеуетті өнім берушілерге конкурстық өтінімдерді қабылдау күні аяқталуына дейін күнтізбелік 15 (он бес) күн қалғанда республикалық кезеңдік басылымдарды және (немесе) бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсында хабарландыруды мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялау арқылы хабарланады.
Toggle Dropdown
133-25. Ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасасу үшін конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерден тұрады:
Toggle Dropdown
1) бірыңғай дистрибьютордың атауы, мекенжайы және банктік деректемелері;
Toggle Dropdown
2) дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауы немесе құрамы және/немесе медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауы;
Toggle Dropdown
3) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың техникалық сипаттамасы (техникалық сипаттама туралы мәліметтердің көлемі қомақты болған кезде бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсында ғана орналасуы мүмкін);
Toggle Dropdown
4) конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдауды аяқтау күні, уақыты және орны.
Toggle Dropdown
133-26. Ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасасу бойынша конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілер мынадай құжаттар тізбесіне сәйкес өтінім береді:
Toggle Dropdown
1) ерікті түрдегі конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
Toggle Dropdown
2) «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған соңғы қаржы жылына арналған қаржылық есептіліктің түпнұсқасы немесе нотариаттық расталған көшірмесі;
Toggle Dropdown
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариаттық расталған көшірмесі;
Toggle Dropdown
4) заңды тұлғалар үшін жарғының нотариаттық расталған көшірмесі (егер жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмеген, сондай-ақ акцияны ұстаушылардың тіркелімінен үзінді немесе құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді немесе құрылтай шартының нотариаттық куәландырылған көшірмесін ұсынады);
Toggle Dropdown
5) техникалық-экономикалық негіздеме және/немесе бизнес-жоспар (дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісін құру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мерзімі, жеткізу кезеңінің басталу күні, кезеңдері және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісін құру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру кестесі көрсетілген);
Toggle Dropdown
6) жобаны іске асыру үшін тартылатын біліктілігі, мамандықтары бойынша жұмыс өтілдері, ұқсас жобаларға қатысқандары жөнінде мәліметтері көрсетілген мамандардың болуы және саны туралы мәлімет;
Toggle Dropdown
7) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісін құру жөніндегі инвестициялық жобаны қаржыландыру көздері туралы құжат;
Toggle Dropdown
8) дәрiлiк заттар үшін тиiстi өндiрiстiк практиканың стандарттарын немесе медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін ISO стандарттарын енгізу жөніндегі әлеуетті өнім берушінің кепілдік хаты;
Toggle Dropdown
9) жұмыс және инновациялық құрамдаушы тәжірибесінің болуы/болмауы туралы хат.
Toggle Dropdown
133-27. Әлеуетті өнім беруші конкурстық өтінімнің нөмірленген беттері бар, түпнұсқалары мен көшірмелері, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың нақты мекенжайлары көрсетілген жеке тігілген түрде түпнұсқасы мен көшірмесін ұсынады, соңғы парағы мөрмен расталады.
Toggle Dropdown
133-28. Ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасасуға арналған конкурс әрбір лот бойынша бағалау мен салыстырудың мынадай критерийлері пайдаланыла отырып жүзеге асырылады:
Toggle Dropdown
1) жұмыс тәжірибесінің болуы;
Toggle Dropdown
2) қаржылық орнықтылық;
Toggle Dropdown
3) инновациялық құрамдастың болуы;
Toggle Dropdown
4) активтердің болуы;
Toggle Dropdown
5) дәрiлiк заттар үшін тиiстi өндiрiстiк практиканың стандарттарын немесе медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін ISO стандарттарын енгізу бойынша міндеттер;
Toggle Dropdown
6) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісін құру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру кезеңдері мен кестесі;
Toggle Dropdown
7) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісін құру жөніндегі инвестициялық жобаның пысықталуы;
Toggle Dropdown
8) құзыретті персоналдың болуы;
Toggle Dropdown
9) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісін құру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мерзімдері бойынша міндеттемелері және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізудің басталуы.
Toggle Dropdown
133-29. Комиссия хатшысы конкурстық өтінімнің көшірмесін инвестициялық жобаны іске асырудың орындылығы туралы салалық қорытындыны алу үшін индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға жібереді.
Toggle Dropdown
133-30. Құрамында, оның ішінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрбір атауы бойынша басымдық берілетін анағұрлым әлеуетті өнім беруші туралы ақпарат бар индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның салалық қорытындысы он жұмыс күні ішінде комиссияға ұсынылады.
Toggle Dropdown
133-31. Комиссия конкурстық өтінімнен мынадай:
Toggle Dropdown
1) конкурстық өтінім осы Ереженің 133-26 және 133-27-тармақтарына сәйкес ұсынылмаған;
Toggle Dropdown
2) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органнан инвестициялық жобаны іске асырудың орынсыздығы туралы салалық қорытынды алынған жағдайда бас тартады.
Toggle Dropdown
133-32. Егер ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасасу жөніндегі конкурс немесе тиісті лот:
Toggle Dropdown
1) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тиісті атауы бойынша бірде бір конкурстық өтінімдер ұсынылмаған жағдайда;
Toggle Dropdown
2) лотқа сәйкес барлық конкурстық өтінімдер тоқтатылғанда өткізілмеді деп танылады.
Toggle Dropdown
133-33. Жеңімпазды комиссия осы Ереженің 133-28-тармағында көрсетілген бағалау мен салыстыру критерийлерінің негізінде қатысушы комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен айқындайды.
Toggle Dropdown
133-34. Комиссия индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органнан салалық қорытындыны алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделетін шешім қабылдайды.
Toggle Dropdown
133-35. Хаттамада мыналар:
Toggle Dropdown
1) жеңімпаздың атауы;
Toggle Dropdown
2) ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасау үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың номенклатурасы және техникалық сипаттамасы;
Toggle Dropdown
3) ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасау үшін ұсынылған дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу көлемінің үлесі;
Toggle Dropdown
4) инвестициялық жобаны іске асыру мерзімі;
Toggle Dropdown
5) жеткізу кезеңінің басталған күні;
Toggle Dropdown
6) өтінімдерінен бас тартылған негіздемесі көрсетілген әлеуетті жеткізушілердің атауы көрсетіледі.
Toggle Dropdown
133-36. Бірыңғай дистрибьютор хаттамаға қол қойылған сәттен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде хаттама негізінде ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасасады.
Toggle Dropdown
133-37. Ұзақ мерзiмдi жеткiзу шарттары бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізу басталғанға дейін бірыңғай дистрибьютор оларды осы Ереженің 10, 11-тарауларына сәйкес сатып алады.»;
Toggle Dropdown
141 және 142-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«141. Бірыңғай дистрибьютор немесе сатып алуды ұйымдастырушы егер өнім беруші:
Toggle Dropdown
1) шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаса және шартта көзделген айыппұл санкцияларын төлемесе;
Toggle Dropdown
2) шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындамаса (өнім беру мерзімінің бұзылуы, сапасыз дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы беру, басқа да шарт талаптарын бұзу) және шартта көзделген айыппұл санкцияларын төлемесе, өнім берушінің енгізген шартты орындауды қамтамасыз етуді ұстап қалады.
Toggle Dropdown
142. Сатып алуды өткізу кезінде бұзушылықтар анықталған жағдайда, сатып алуды ұйымдастырушының (бірыңғай дистрибьютордың) басшысы мұндай сатып алуды тұтастай немесе тиісті лоттар бойынша жарамсыз деп тануға құқылы.»;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 142-1-тармақпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«142-1. Лизинг беруші өнім беруші техникалық өзіндік ерекшелігінен ақауы бар медициналық техниканы ұсынған және/немесе осы медициналық техниканың бейіні, бағыты және жеткізілуі жоспарланған денсаулық сақтау ұйымының қызмет түріне сәйкес келмеген жағдайда тендер жеңімпазымен сатып алу туралы шарт жасасудан бас тартуға құқығы бар. Бұл жағдайда лизинг беруші лизинг шарттарында медициналық техниканы сатып алатын денсаулық сақтау ұйымының жазбаша хабарламасы негізінде сатып алуды ұйымдастырушыға және тендер жеңімпазына сатып алу туралы шарт жасасудан бас тартатыны туралы хабарлайды.»;
Toggle Dropdown
көрсетілген Ережеге 4-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулыға 6-1-қосымшада:
Toggle Dropdown
«Осыған байланысты _________________________ (банктің атауы) біз Сіздің ақы төлеуге жазбаша талабыңызды, сондай-ақ Өнім берушінің:
Toggle Dropdown
тендер өтінімін қабылдаудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін тендер өтінімін кері қайтарғанын;
Toggle Dropdown
екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланумен тендер жеңімпазы болып танылып, бірақ жеткізу шартын уақтылы жасаспағанын;
Toggle Dropdown
жеткізу шартын жасасып, орындамағанын не шартты орындаудың кепілді қамтамасыз етуді енгізу бойынша талаптарды уақтылы орындамағанын;
Toggle Dropdown
ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне қатысуға рұқсат етілгенін, бірақ рұқсат ету хаттамасында көрсетілген мерзімде баға ұсыныстарын ұсынбағанын жазбаша растауыңызды алғаннан кейін өзімізге Сіздің талабыңыз бойынша
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ (цифрмен және жазумен сома) тең соманы төлеуге Сізге мерзімінде міндеттеме аламыз» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Осыған байланысты _________________________ (банктің атауы) біз Сіздің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу Ережесінің 107-тармағында көзделген негіздер бойынша ақы төлеуге жазбаша талабыңызды алғаннан кейін Сіздің талабыңыз бойынша
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ (сомасы цифрмен және жазумен) тең соманы Сізге төлеуге бұлтартпас міндеттеме аламыз;»;
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулыға 7-қосымшада:
Toggle Dropdown
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«22. Тауардың істен шыққаны туралы хабарлама алғаннан кейін әлеуетті өнім беруші хабарлама алған сәттен бастап 72 (жетпіс екі) сағаттан аспайтын мерзімде болжамды жөндеу жұмыстарының себептерін, мерзімдерін айқындау үшін білікті мамандарды жергілікті жерге жіберуді қамтамасыз етеді. Өнім беруші дайындаушы-зауыт өндірген қосалқы бөлшектерді және тораптарды пайдалана отырып жөндеу жұмысын немесе бір ай ішінде тапсырыс берушінің тарапынан қандай да бір шығыстарсыз ақауы бар тауарды немесе оның бөлшектерін ауыстыруды жүргізуге тиіс.».
Toggle Dropdown
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«30. Өнім беруші тарапынан өнім беруді орындауды кешіктіру шартты орындауды қамтамасыз етуді ұстап қалуға және тұрақсыздық айыппұлын төлеуге әкеп соқтырады.»;
Toggle Dropdown
32-тармақтың қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді:
Toggle Dropdown
көрсетілген Ережеге 11-қосымшаның 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«6. Тиеуді қоса алғанда, өнім сатып алушыға оны тиеу, темір жол және/немесе автомобиль көлігі арқылы тасымалдау, ауыстырып, түсіру кезінде өнімді бүлінуден сақтауды қамтамасыз ететін паллеттерде, тиісті қаптамада жеткізілуі тиіс.»;
Toggle Dropdown
көрсетілген Ережеге 12-қосымшада:
Toggle Dropdown
«(банктің (банк филиалының) бірінші басшысы немесе оның орынбасары мен банктің бірінші бухгалтері атынан)» деген жол алынып тасталсын.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы 1-тармақтың 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін жетпіс алтыншы, жетпіс жетінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
1-тармақтың жетпіс бесінші абзацы 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі С. Ахметов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 8 қарашадағы
№ 1415 қаулысына
қосымша
Toggle Dropdown
Тегін медициналық көмектің кепілдік
берілетін көлемін көрсету бойынша дәрілік
заттарды, профилактикалық (иммундық-
биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу ережесіне
4-қосымша
Toggle Dropdown
Берешектің жоқтығы туралы анықтама
Toggle Dropdown
Банк/банк филиалы (атауы) _________________ жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының қаулысымен бекітілген екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамдағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарына сәйкес осы банкте/банк филиалында қызмет көрсетілетін (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның толық атауы, мекенжайы, СТН, БСК және т.б. көрсету қажет) банк алдында анықтама берілген айдың алдыңғы үш айдан созылған мерзімі өткен берешегінің жоқ екендігін растайды.