Toggle Dropdown
1
"Тегін мeдициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 мамырдағы № 629 Қаулысы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммуннобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 47-48, 444-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінде:
Toggle Dropdown
1-тармақта:
Toggle Dropdown
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«16) тендерлік өтінім - әлеуетті өнім берушінің тендерлік құжаттамаға немесе осы Ереженің 10-тарауының ережелеріне сәйкес жасалған ұсынысы;»;
Toggle Dropdown
25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«25) ұзақ мерзімді жеткізу шарты - осы Ережеде белгіленген тәртіппен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету шеңберінде бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының аумағында тиісті өндірістік практиканың және ISO стандарттарына сәйкес дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы өндірудің толық циклын құруға ниеті бар заңды тұлғамен дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізуге жеті жылға дейінгі мерзімге жасалатын азаматтық-құқықтық шарт;»;
Toggle Dropdown
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«43. Тендерлік өтінімді әлеуетті өнім беруші беттері нөмірленген тігілген түрде ұсынады және соңғы беті мөрімен куәландырылады.
Toggle Dropdown
Тендерлік өтінімнің техникалық өзіндік ерекшелігі (тігілген түрде, беттері нөмірленген, соңғы беті заңды тұлғаның немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның қолымен және мөрімен бекітілген болуы тиіс), кепілдікті қамтамасыз етудің түпнұсқасы тендерлік өтінімге жеке қоса беріледі және осы Ереженің 46-тармағына сәйкес ресімделген тендерлік өтініммен бір конвертке салынып, жабылады.»;
Toggle Dropdown
78-тармақта:
Toggle Dropdown
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«78. Тапсырыс беруші осы Ережеге 5-қосымшада көрсетілген нысан бойынша өзара аффилиирленбеген кемінде екі әлеуетті өнім берушіден баға ұсыныстарын сұратады және түскен барлық ұсыныстарды қарайды».
Toggle Dropdown
үшінші бөлік алынып тасталсын;
Toggle Dropdown
төртінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу кезінде қойылатын біліктілік талаптарына ең темен баға ұсынған әлеуетті өнім берушінің сәйкестігін растайтын құжаттар мыналар болып табылады:».
Toggle Dropdown
87-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«87-2. Бірыңғай дистрибьютор ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сатып алу және жеткізу мониторингін жүргізеді және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша есеп береді.»;
Toggle Dropdown
88-1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«Сатып алуды ұйымдастырушы ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сатып алу және жеткізу мониторингін жүргізеді және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша есеп береді.»;
Toggle Dropdown
88-2-тармақта:
Toggle Dropdown
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді қоса алғанда, республикалық бюджет қаражатының есебінен сатып алынатын медициналық техниканы сатып алуды дайындау және ұйымдастыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушыға құрамында тізбесі, саны, уақыты, жеткізу шарты мен орны, медициналық техниканың әрбір атауы бойынша сатып алу үшін бөлінген соммасы бар ақпаратты ұсынады.»;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«Жобаланған және салынып жатқан денсаулық сақтау объектілеріне медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыру мақсатында сатып алуды ұйымдастырушы құрамында тізбесі, техникалық сипаттамасы, денсаулық сақтау объектілері бөлімшелерінің бөлінісінде әрбір атауы бойынша медициналық техниканың құны мен саны бар уәкілетті орган ұсынған ақпарат бойынша техникалық сипаттама мен оның құны бөлігінде сараптама жүргізеді.»;
Toggle Dropdown
88-3, 88-4, 88-5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«88-3. Медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органнан ақпарат алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде сатып алынуға тиіс денсаулық сақтау ұйымдарына кейіннен беру үшін қаржылық лизинг шартында сатып алынатын медициналық техниканы қоспағанда, медициналық техниканың техникалық сипаттамасының (техникалық өзіндік ерекшелігінің), сондай-ақ жобаланған және салынып жатқан денсаулық сақтау объектілеріне арналған медициналық техникаға техникалық сипаттамаларды және құнының оңтайлы параметрлерін анықтау үшін медициналық техниканың сұратылған үлгісінің бейіні бойынша мамандардан, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның штаттан тыс бас мамандарынан, медициналық ұйымдар мамандарынан, медициналық техниканың сараптамасын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың сарапшыларынан, лизинг беруші өкілдерінен тұратын сараптама комиссиясын құрады. Сараптама комиссиясының құрамында сатып алынатын медициналық техниканың бейіні бойынша сарапшылар топтары құрылуы мүмкін. Сараптама комиссиясы және/немесе сарапшылар тобы мүшелерінің жалпы саны тақ саннан және кемінде бес адамнан тұруы тиіс.
Toggle Dropdown
88-4. Сараптама комиссиясы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген ақпараттың негізінде үш жұмыс күні ішінде сатып алынуға тиіс медициналық техниканың техникалық сипаттамаларының (техникалық өзіндік ерекшелігінің) оңтайлы параметрлерін айқындайды, сондай-ақ он жұмыс күні ішінде жобаланған және салынып жатқан денсаулық сақтау объектілеріне арналған медициналық техниканың техникалық сипаттамалары мен құнының оңтайлы параметрлерін айқындайды. Сараптамалық қорытынды жазбаша ресімделеді, оның әрбір бетіне қол қойылып, ал соңғы бетіне сараптама комиссиясының немесе сараптама тобының мүшелері кол қояды және сараптама комиссиясы отырысының хаттамасына қоса беріледі.
Toggle Dropdown
88-5. Сараптама комиссиясы оны құру туралы шешім қабылданған сәттен бастап медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы әрбір атау бойынша медициналық техниканың тізбесі, саны, мерзімі, жеткізу шарттары мен орны, бағасы және сатып алу үшін бөлінген сома, техникалық сипаттама (техникалық өзіндік ерекшелік) қамтылған сатып алынатын медициналық техниканың тізімін қалыптастырғанға дейін жұмыс істейді. Жобаланған және салынып жатқан денсаулық сақтау объектілеріне арналған медициналық техниканың техникалық сипаттамалары мен құнының оңтайлы параметрлерін анықтау кезінде сараптама комиссиясы сараптама қорытындысы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдарға жіберілгенге дейін әрекет етеді.»;
Toggle Dropdown
88-7-тармақта:
Toggle Dropdown
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Тапсырыс берушілер сатып алынатын медициналық техниканың тізіміне тапсырыс берушілердің толық атауын, банктік деректемелерін, мекенжайын (пошталық және заңды), байланыс телефондарының, факстерінің нөмірлерін, электрондық поштасының мекенжайын, тапсырыс беруші өкілінің лауазымын және Т.А.Ә., сатып алынатын медициналық техниканы пайдалану жағдайын (үй-жай, электрмен, сумен қамтамасыз ету, желдету және т.б.) көрсетуді жоспарлайтын медициналық қызметтер тізбесі және көлемі бар, сатып алынатын медициналық техниканы пайдалануға арналған мамандар туралы ақпаратты қоса беруі тиіс.
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«Медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы екінші абзацта көрсетілген ақпаратпен қоса тапсырыс берушілер ұсынған сатып алынатын медициналық техника тізімдерінің көшірмесін 3 жұмыс күні ішінде тапсырыс берушінің аталған медициналық техникаға қажеттілігін және тапсырыс берушінің аталған медициналық техниканы пайдалануға әзірлігін анықтау мақсатында денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға келісу үшін жібереді.»;
Toggle Dropdown
88-8-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«88-8. Медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісілген 5 жұмыс күні ішінде тапсырыс берушілер ұсынған сатып алынатын медициналық техника тізімдерінің және/немесе осы Ереженің 88-2-тармағының үшінші абзацында көрсетілген ақпарат негізінде әрбір атау бойынша медициналық техниканың тізбесі, саны, жеткізу мерзімі, шарттары мен орны, бағасы және сатып алу үшін бөлінген сома, техникалық сипаттама (техникалық өзіндік ерекшелік) қамтылған сатып алынатын медициналық техниканың әрбір атауы бойынша сатып алынатын медициналық техниканың жиынтық тізімін қалыптастырады және тендер жариялайды.
Toggle Dropdown
119-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«119. Комиссия ұсынылған өзгерістерді зерделегеннен кейін тендерлік өтінімді тұтастай не лоттар бойынша, егер:
Toggle Dropdown
1) әлеуетті өнім беруші осы Ережеде көзделген нысанда, көлемде және жағдайларда өтінімдерді кепілдікті қамтамасыз етуді енгізбесе;
Toggle Dropdown
2) әлеуетті өнім беруші осы Ереженің 8 және 8-1-тармақтарында көзделген талаптарға сай келмесе;
Toggle Dropdown
3) әлеуетті өнім беруші ұсынатын дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника осы Ереженің 12 және 13-тармақтарының талаптарына және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгіленген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканың мемлекеттік тіркеу тәртібіне сай келмесе;
Toggle Dropdown
4) әлеуетті өнім беруші жосықсыз өнім берушілердің тізбесіне енгізілсе;
Toggle Dropdown
5) осы Ереженің 118, 123-тармақтарында көзделген жағдайларда;
Toggle Dropdown
6) тендерлік өтінім осы Ереженің 38, 39, 40, 40-1, 43, 49-тармақтарының талаптарына сәйкес келмейді деп танылған жағдайда;
Toggle Dropdown
7) сараптама комиссиясы әлеуетті өнім беруші ұсынған дәрілік заттарды, профилактикалық (иммуннобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың техникалық сипаттамаларына (техникалық өзіндік ерекшеліктеріне) қойылатын талаптарға сәйкес келмейді деп танылған жағдайда қарамайды.»;
Toggle Dropdown
129-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«129-1. Медициналық техниканы сатып алу бойынша екі кезеңді рәсімдер пайдаланылған тендер қорытындылары туралы хаттаманың нотариалды куәландырылған көшірмелерін техникалық өзіндік ерекшеліктердің көшірмелерімен қоса қағаз және doc*форматындағы электрондық түрде тендердің қорытындысы шығарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушілердің тендер жеңімпаздарымен осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес жасалған медициналық техниканы сатып алу шарттарын (бұдан әрі - сатып алу шарты) жасасуы үшін қабылдау-беру актісі бойынша тапсырыс берушілерге беруге тиіс»;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 130-1-тармақпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«130-1. Егер сатып алу осы Ереженің 7-тармағының З) тармақшасында көзделген тәсілдермен жүргізілген жағдайда сатып алуды ұйымдастырушы медициналық техниканы жеткізушіні айқындамаса, құндық мәндегі жылдық көлемі бір айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын медициналық техниканы сатып алуды Ережеге сәйкес тапсырыс берушілер жүзеге асырады.»;
Toggle Dropdown
131-тармақтың 6), 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«6) ұзақ мерзімді жеткізу шартының жасасқан кезде. Шартты жасасу мерзіміне жасалатын ұзақ мерзімді жеткізу шартын шеңберінде дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға болжанатын көлемдерін есептеуді бірыңғай дистрибьютор соңғы аяқталған күнтізбелік жылдың тапсырыс берушілердің нақты пайдаланған қажеттілігі негізінде жүзеге асырады, бұл ретте сатып алынатын дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың жыл сайынғы көлемдерін бірыңғай дистрибьютордың тізіміне сәйкес және тиісті қаржы жылына арналған тапсырыс берушілердің өтінімдері негізінде бірыңғай дистрибьютор нақтылайды. Медициналық техниканы сатып алуға болжанатын көлемдерді есептеу шарт жасасудың бүкіл мерзіміне уәкілетті орган белгілеген ұзақ мерзімді болжамды қажеттілік негізінде жүргізіледі;
Toggle Dropdown
7) Қазақстан Республикасында тек бір ғана:
Toggle Dropdown
халықаралық патенттелмеген атау бойынша аналогтары жоқ шетелдік өндірушінің дәрілік заты;
Toggle Dropdown
аналогтары жоқ медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника тіркелгенде.»;
Toggle Dropdown
132-тармақта:
Toggle Dropdown
бірінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«2) әлеуетті өнім берушінің осы Ереженің 8-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар. Осы Ереженің 131-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес бір кезден сатып алуды жүзеге асыру кезінде бұрын осы Ереженің талаптарына сәйкес тендерлік өтінім ұсынған әлеуетті өнім беруші бірыңғай дистрибьюторға немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушыға оның осы Ереженің 8-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынбайды;»;
Toggle Dropdown
екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Осы Ереженің 131-тармағының 7) тармақшасына сәйкес бір көзден сатып алуды жүзеге асыру кезінде бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіден мыналарды сұратады:»;
Toggle Dropdown
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«2) осы Ереженің 12, 13-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар;»;
Toggle Dropdown
132-1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«132-1. Ұзақ мерзімді шарт бірыңғай дистрибьюторға немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушыға мынадай құжаттарды ұсынған кезде ғана жасалуға тиіс:»;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 132-2-тармақпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«132-2. Осы Ереженің 131-тармағының 7) тармақшасына сәйкес бір көзден сатып алуды жүзеге асыру кезінде 3 жылға дейінгі мерзіммен азаматтық-құқықтық шарт мынадай жағдайларда жасалады:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасында халықаралық патенттелмеген атау бойынша аналогтары жоқ тек бір ғана дәрілік зат тіркелгенде;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасында аналогтары жоқ тек бір ғана медициналық мақсаттағы бұйым және/немесе медициналық техника тіркелгенде.
Toggle Dropdown
Азаматтық-құқықтық, шарт мынадай жағдайларда:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасында халықаралық патенттелмеген атау бойынша дәрілік заттың аналогтары тіркелгенде;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасында медициналық мақсаттағы бұйымдардың және/немесе медициналық техниканың аналогы тіркелгенде;
Toggle Dropdown
3) дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды бірыңғай дистрибьютордың сатып алу тізімінен, сондай-ақ уәкілетті орган айқындайтын медициналық техниканы сатып алу тізбесінен алып тастағанда;
Toggle Dropdown
4) дәрілік затты, медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасында тіркеудің қолданылу мерзімі тоқтатылғанда бұзылуға жатады.»;
Toggle Dropdown
көрсетілген Ережеге 9-қосымшада:
Toggle Dropdown
5-тармақта:
Toggle Dropdown
сегізінші бөлік алып тасталсын;
Toggle Dropdown
он бірінші, он екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Жалпы жарамдылық мерзімі кемінде екі жыл болатын тауарды беру сәтіне қалдық жарамдылық мерзімі беру сәтіндегі жалпы жарамдылық мерзімінің кемінде отыз пайызын құрауы тиіс. Жарамдылық мерзімі екі жылдан кем емес тауар үшін беру сәтіндегі қалдық жарамдылық мерзімі кемінде сегіз айды құрауы тиіс.
Toggle Dropdown
Тапсырыс берушіге жеткізілетін, тауардың ауыспалы қалдығы болып табылатын, өнім берушіден бірыңғай дистрибьютордың қоймасына бұрын қабылданған қалдық жарамдылық мерзімі бар тауарды жеткізуге жол беріледі. Бұл ретте ауыспалы қалдық болып табылатын жеткізілген тауардың жарамдылық мерзімі аяқталған жағдайда бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушінің бірінші жазбаша талабы бойынша тауарды қалдық жарамдылық мерзімі бар ұқсасына алмастыруды өтеусіз жүргізеді:
Toggle Dropdown
1) жарамдылық мерзімі екі жылдан кем болса - өндіруші көрсеткен жеткізу сәтінде жарамдылықтың жалпы мерзімінің отыз пайызынан кем емес;
Toggle Dropdown
2) жарамдылық мерзімі кемінде екі жыл болса - өндіруші көрсеткен жеткізу сәтінде жарамдылықтың жалпы мерзімінің сегіз айынан кем емес»;
Toggle Dropdown
көрсетілген Ережеге 11-қосымшада:
Toggle Dropdown
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«29. Егер:
Toggle Dropdown
1) өнім жеткізуді кідірту күнтізбелік 30 (отыз) күннен асса және/немесе өсімақы және/немесе айыппұл төлеуді кідірту күнтізбелік 15 (он бес) күннен асса;
Toggle Dropdown
2) өнім беруші Ереженің 139-тармағының талаптарын бұза отырып шартты орындауды қамтамасыз етуді ұсынса, сатып алушы бір жақты тәртіппен өнім берушіге кез келген шығыстары мен шығындарын өтеместен шартты бұзуға құқылы.»;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 32-1-тармақпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«32-1. Өнім беруші сақтау орнынан өнімнің ақауы бар барлық партиясын ауыстыру және/немесе толық алып кою (қайтару) жөніндегі міндеттемелерін бұзған жағдайда, өнім беруші сатып алушыға осы шарт бойынша сақтау орнынан өнімнің сапасыз (зақымданған және/немесе ақауы бар) барлық партиясын ауыстыру және/немесе толық алып қою (қайтару) жөніндегі міндеттемелерін бұзған әр күні үшін ауыстыруға, алып қоюға (қайтаруға) жататын өнімнің құнының 1%-ы мөлшерінде өсімақы төлейді.».
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі К. Мәсімов