Toggle Dropdown
"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1649 Қаулысы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 47-48, 444-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінде:
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші, үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Дәрілік заттарға және медициналық мақсаттағы бұйымдарға шекті бағалар өндіруші растаған бағалар, көтерме бағаларды талдау негізінде, сондай-ақ алдыңғы жылғы сатып алу бағасын және тұтынушылық баға индексін есепке ала отырып айқындалады.
Дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға бағаны мониторингілеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру, сондай-ақ оларды қалыптастыру тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«фармацевтикалық қызметпен айналысуға лицензиясы және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның хабарламаны қабылдау туралы талонының немесе халыққа қызмет көрсету орталығының қабылдау туралы белгісі бар хабарлама көшірмесінің немесе электрондық құжат нысанындағы талонның болуы»;
9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өткізу объектілеріне қосымшаларымен фармацевтикалық қызметпен айналысуға, оның ішінде өткізу объектілеріне қосымшаларымен есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызмет лицензиясының (құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттардың әлеуетті өнім берушілері ұсынады) және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның хабарламаны қабылдау туралы талонының немесе халыққа қызмет көрсету орталығының қабылдау туралы белгісі бар хабарламасының көшірмесі немесе медициналық техниканы және медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме, бөлшек саудада өткізуге электрондық құжат нысанындағы талонның болуы;»;
39-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды көтерме, бөлшек саудада өткізуге әлеуетті өнім берушінің құқығын растайтын лицензиялардың көшірмелері және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның хабарламаны қабылдау туралы талоны немесе халыққа қызмет көрсету орталығының қабылдау туралы белгісі бар хабарламасының көшірмесі немесе медициналық техниканы және медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме, бөлшек саудада өткізуге электрондық құжат нысанындағы талоны;»;
78-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды көтерме, бөлшек саудада өткізуге әлеуетті өнім берушінің құқығын растайтын лицензиялардың көшірмелері және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның хабарламаны қабылдау туралы талоны, халыққа қызмет көрсету орталығының қабылдау туралы белгісі бар хабарламасының көшірмесі немесе медициналық техниканы және медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме, бөлшек саудада өткізуге электрондық құжат нысанындағы талоны;»;
131-тармақтың 7) тармақшасының екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«халықаралық патенттелмеген атауы немесе құрамы бойынша аналогтары жоқ шетелдік өндірушінің дәрілік заты.»;
133-14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«133-14. Ұзақ мерзiмдi жеткiзу шарттарын жасасуға конкурстарды ұйымдастыру мен өткізу үшін бірыңғай дистрибьютор конкурстық комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады және оның құрамын бекітеді.
Комиссия сондай-ақ ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартының мәнін өзгерту және/немесе оны бұзу мәселелерін бірыңғай дистрибьютордың бастамасымен қарайды, оның нәтижелері бойынша хаттама жасалады.
Комиссия ұзақ мерзімді шарттар бойынша отандық өндірушілерден сатып алынатын дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағалары бойынша ұсынымдық сипаты бар ұсыныстарды әзірлейді және уәкілетті органға ұсынады.
Бірыңғай дистрибьютор комиссияға өткен жылғы сатып алынған бағаларға талдау жолымен айқындалған дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрбір атауы бойынша бағаларды ұсынады.
Егер дәрілік зат және/немесе медициналық мақсаттағы бұйым бірінші рет сатып алынған жағдайда, бірыңғай дистрибьютор комиссияға денсаулық сақтау ұйымдары ұсынған олардың соңғы үш жылда сатып алған дәрілік затқа және/немесе медициналық мақсаттағы бұйымға арналған бағалар негізінде айқындалған бағалар талдауын ұсынады.
Егер Қазақстан Республикасында аналогтары жоқ бір ғана дәрілік зат және/немесе медициналық мақсаттағы бұйым тіркелген жағдайда, Бірыңғай дистрибьютор комиссияға жақын және алыс шетелдердің өндіруші елдерінде өткізілетін бағалар бойынша дәрілік заттың және/немесе медициналық мақсаттағы бұйымның әрбір атауы бойынша тиісті кезеңге арналған бағаларды ұсынады.»;
133-26-тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«5) техникалық-экономикалық негіздеме және/немесе бизнес-жоспар (дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісін құру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мерзімі, жеткізу кезеңінің басталу күні, кезеңдері және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісін құру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру кестесі және жобаны іске асырудың әрбір жылына оларды өндіруге және қазақстандық үлеске нақты шығыстарды есепке ала отырып, әрбір атауына баға көрсетілген);»;
133-30-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«133-30. Құрамында, оның ішінде отандық өндірушілер олардың өндірісінен арналған нақты шығындарды және жобаны іске асырудың әрбір жылына қазақстандық қолдауды ескере отырып ұсынған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға арналған бағаны көрсете отырып, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрбір атауы бойынша басымдық берілетін неғұрлым әлеуетті өнім беруші туралы және екі әлеуетті жеткізушінің немесе өндірушінің әрбір атауы бойынша ақпарат бар индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның салалық қорытындысы он жұмыс күні ішінде комиссияға ұсынылады.»;
133-34-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«133-34. Комиссия осы Ережелердің 133-14-тармағының төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде және 133-30-тармағында көрсетілген, ұсынылған мәліметтер негізінде он жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделетін тиісті шешім қабылдайды.»;
133-35-тармақтың 6) тармақшасында «атауы көрсетіледі.» деген сөздер «атауы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) дәрілік заттың және медициналық мақсаттағы бұйымның әрбір атауына ұсынылатын баға көрсетіледі.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов