1. Қоса беріліп отырған Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
Отправить по почте
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы N 189 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 15 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5794 болып енгізілді
#$Қолданушылардың назарына!Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3 және 4-тармақтан қараңыз.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
3. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 5-тармағын, 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 1-қосымшасының 1-тармағының реттік нөмірі 10-жолын, реттік нөмірі 11-жолын және 2-тармағының реттік нөмірі 6-жолын қоспағанда, осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Ереженің 4-тармағы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады, Ереженің 1-қосымшасының 1-тармағының реттік нөмірі 5-жолының төртінші абзацы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.
4-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 29.11.2010 № 174 қаулысы (15.07.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
5. Осы Ереженің қолданысы осы Қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін сатып алынған, негізгі борыштың сомасын толық қайтару бойынша эмитенттің кепілдігі белгіленген (principal protected notes) борыштық бағалы қағаздарға таралмайды.
6. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
7. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы N 189 қаулысымен бекітілді
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 6-бабының 3-1) тармақшасына, 51-бабына, 55-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы Заң) 45-бабының 4-тармағына, "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттiк реттеу туралы Заң) 12-бабының 10-тармақшасына сәйкес әзірленді және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - Ұйым) және жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі – Қор) қызметін жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) баға белгілеу – почталық, электрондық немесе факсимильді байланыс арқылы алынған қаржы құралдары бойынша қарсы әріптестің баға ұсынымы;
2) қарсы әріптес – Қазақстан Республикасының және шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес қаржы құралдарымен мәмілені жасасуға құқығы бар заңды тұлға;
3) меншікті активтерін басқару жөніндегі саясат – инвестициялау объектілерінің тізбесін, Ұйымның (Қордың) меншікті активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсатын, стратегиясын, талаптары мен шектеулерін, Ұйымның (Қордың) директорлар кеңесі бекіткен хеджирлеу мен әртараптандырудың талаптарын айқындайтын Ұйымның (Қордың) ішкі құжаты;
4) уәкілетті орган - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
5) халықаралық қаржы ұйымы - халықаралық шарт (келісім) не жарғы негізінде құрылған және жұмыс істеп тұрған, халықаралық мәртебесі бар ұйым;
6) хеджирлеу құралдары – қаржы құралдары, оның ішінде осы Ереженің 1, 2, 3 және 4-қосымшаларында көрсетілген хеджирлеу операцияларын жүзеге асыру үшін қолданылатын туында қаржы құралдары;
7) principal protected notes - негізгі борыштың сомасын толық қайтару бойынша эмитенттің кепілі белгіленген борыштық бағалы қағаздар.
3. Осы Ереженің мақсатында "Standard & Poor's" агенттігінің рейтингтік бағасынан басқа уәкілетті органмен, сонымен қатар "Moody's Investors Service" және "Fitch" агенттіктерінің және олардың рейтингтік еншілес рейтингтік ұйымдарының бағалары танылады (бұдан әрі - басқа рейтинг агенттіктері).
Эмитентте және (немесе) қаржы құралында халықаралық және ұлттық шәкіл бойынша рейтингтік баға бар болғанда, есепке уәкілетті орган таныған рейтингтік агенттіктердің бірінің халықаралық шәкілі бойынша барынша жоғарғы рейтингтік бағасы алынады.
2-тарау. Инвестициялардың объектілері
#$4-тармақ 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.
4. Ұйым инвестициялық басқаруындағы жеке әр Қордың зейнетақы активтерін осы Ереженің 1-қосымшасында көрсетілген қаржы құралдарына орналастырады.
1-қосымшада көрсетілген қаржы құралдарына зейнетақы активтерінің есебінен инвестициялардың мөлшері инвестициялық декларацияда белгіленеді.
#$5-тармақ 01.01.2012. бастап қолданысқа енгізіледі.
5. Ұйым инвестициялық басқаруындағы жеке әр Қордың зейнетақы активтерін мыналарда көрсетілген қаржы құралдарына орналастырады:
Зейнетақы активтері есебінен осы Ереженің 2, 3 және 4-қосымшаларында көрсетілген қаржы құралдарына инвестициялардың мөлшері, сондай-ақ инвестициялық портфельдің әр бір түрі үшін инвестициялардың жиынтық мөлшері әр инвестициялық портфель бойынша Қордың инвестициялық декларацияларында белгіленеді.
6. «Кері Репо» операцияларының мәні болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарды қоса алғанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына зейнетақы активтері есебінен инвестициялардың жалпы мөлшері:
2011 жылғы 1 қаңтардан бастап әрбір жеке жинақтаушы қорының зейнетақы активтерінің жалпы мөлшерінің жиырма бес пайызынан кем еместі;
2011 жылғы 1 сәуірден бастап әрбір жеке зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің жалпы мөлшерінің жиырма пайызынан кем еместі құрайды.
6-тармақ жаңа редакцияда ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 15.07.2010 № 105 қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен. (29.03.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
7. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды 7-тармақ алынып тасталды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 15.07.2010 № 105 Қаулысымен (29.03.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(01.01.2011 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
3-тарау. Инвестициялау талаптары мен тәртібі
8. Қорда зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті, сондай-ақ клиенттер шоттарын жүргізу құқығынсыз брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру үшін берілген лицензиясы бар болған жағдайда, Қор тек өзінің басқаруында болған зейнетақы активтеріне және меншікті активтеріне қатысты брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті көрсетеді.
9. Ұйымда инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін берілген лицензиясы бар болған жағдайда, Ұйым тек қызмет көрсететін Қордың меншікті активтеріне қатысты ғана инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
Ұйымда клиенттер шоттарын жүргізу құқығынсыз брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру үшін берілген лицензиясы бар болған жағдайда, Ұйым тек өзінің басқаруында болған Қордың зейнетақы және меншікті активтеріне қатысты брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті көрсетеді.
10. Ұйым тек ғана Қор зейнетақы активтері инвестициялық басқаруға алынған Қордың салымшыларының мүддесіне қызмет етеді.
11. Ұйым зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асырғанда зейнетақы активтері инвестициялық басқаруға қабылданған Қордың инвестициялық декларацияларына сәйкес қызмет етеді.
12. Ұйым және Қор өзінің қызметін Ұйым (Қор) үшін Мемлекеттiк реттеу туралы Заңның 12-бабының 14-2-тармағында 13-бабының 4-2) тармағында белгіленген тәуекелдерді басқару жүйесі бар болуы жөніндегі талаптарға сәйкес жүзеге асырады.
13. Ұйым зейнетақы активтері есебінен жасайтын мәмілелерді зейнетақы активтері Ұйымның инвестициялық басқаруындағы Қордың инвестициялық декларациясына сәйкес инвестициялық шешімдерді қабылдауға уәкілетті Ұйымның алқалы органы қабылдаған инвестициялық шешім негізінде жасайды.
14. Ұйымның (Қордың) меншікті активтері есебінен жасалатын мәмілелер Ұйымның (Қордың) меншікті активтерін инвестициялау саясатына сәйкес инвестициялық шешімдерді қабылдауға уәкілетті Ұйымның (Қордың) алқалы органы қабылдаған инвестициялық шешім негізінде жасалады.
15. Ұйымның (Қордың) зейнетақы және меншікті активтері есебінен бастапқы ұйымдаспаған нарықтағы мемлекеттік емес бағалы қағаздармен мәмілелерді (оларды орналастыру кезінде) Ұйым (Қор) дербес жасайды.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |