• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 21.09.2012 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы N 189 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 15 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5794 болып енгізілді
#$Қолданушылардың назарына!Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3 және 4-тармақтан қараңыз.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
3. Ереженің 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 5-тармағының екінші және үшінші абзацтарын, Ереженің 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 5-тармағының төртінші абзацын қоспағанда, осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он төрт күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 26.12.2011 № 221 (01.01.2011 жылғы редакцияны қараңыз) қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2012 бастап туындаған қатынастарға қолданылады)
4. Ереженің 4-тармағы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады, Ереженің 2-қосымшасының реттік нөмірі 5-жолының төртінші абзацы, 3-қосымшасы 1-тармағының реттік нөмірі 5-жолының төртінші абзацы, 4-қосымшасының реттік нөмірі 5-жолының төртінші абзацы 
2013 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.
4-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 26.12.2011 № 221 (01.01.2011 жылғы редакцияны қараңыз) қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2012 бастап туындаған қатынастарға қолданылады)
5. Осы Ереженің қолданысы осы Қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін сатып алынған, негізгі борыштың сомасын толық қайтару бойынша эмитенттің кепілдігі белгіленген (principal protected notes) борыштық бағалы қағаздарға таралмайды.
6. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
7. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрайым                                    Е. Бахмутова
Қазақстан Республикасы Қаржы
 нарығын және қаржы ұйымдарын
 реттеу мен қадағалау агенттігі
 Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы
 N 189 қаулысымен бекітілді
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі - Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі (бұдан әрі - Мемлекеттік реттеу туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - Ұйым) және жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі - Қор) қызметін жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 13.02.2012 № 35 (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысы.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) баға белгілеу - почталық, электрондық немесе факсимильді байланыс арқылы алынған қарсы әріптестердің қаржы құралдары бойынша баға ұсыныстары;
2) меншікті активтерді инвестициялау саясаты - инвестициялау объектілерінің тізбесін, Қордың (Ұйымның) меншікті активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсаттарын, стратегиясын, талаптары мен шектеулерін, Ұйымның (Қордың) директорлар кеңесі бекіткен меншікті активтерді хеджирлеу мен әртараптандырудың талаптарын айқындайтын құжат;
3) қарсы әріптес - Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес қаржы құралдарымен мәмілелер жасау құқығына ие заңды тұлға;
4) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
5) халықаралық қаржы ұйымы - халықаралық шарт (келісім) не жарғы негізінде құрылған және жұмыс істеп тұрған, халықаралық мәртебесі бар ұйым;
6) хеджирлеу құралдары - хеджирлеу операцияларын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын, осы Ереженің 1, 2, 3 және 4-қосымшаларында көрсетілген туынды қаржы құралдары;
7) principal protected notes - негізгі борыштың сомасын толық қайтару бойынша эмитенттің кепілдігі белгіленген борыштық бағалы қағаздар.
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 13.02.2012 № 35 (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысы.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
3. Осы Ереженің мақсатында «Standard & Poor's» агенттігінің рейтингтік бағасынан басқа уәкілетті органмен, сонымен қатар «Moody's Investors Service» және «Fitch» агенттіктерінің және олардың рейтингтік еншілес ұйымдарының бағалары танылады (бұдан әрі - басқа рейтинг агенттіктері).
Эмитентте және (немесе) қаржы құралында халықаралық және (немесе) ұлттық шәкіл бойынша бірнеше рейтингтік баға бар болғанда, есепке уәкілетті орган таныған рейтингтік агенттіктердің бірінің халықаралық және (немесе) ұлттық шәкілі бойынша барынша жоғарғы рейтингтік бағасы есепке алынады.
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.07.2012 № 227 (25.05.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
3-1. Қордың акциялары қор биржасы ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші (ең жоғарғы), екінші (ең жоғарғы) немесе үшінші (ең жоғарғы санатынан кейінгі) санатына енгізіледі.
3-1-тармақпен толықтырылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 13.02.2012 № 35 Қаулысы.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
2-тарау. Инвестициялардың объектілері
4. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 05.08.2009 № 189 Қаулысымен.(01.01.2012 дейін қолданыста болады)
5. Ұйым инвестициялық басқаруындағы жеке әр Қордың зейнетақы активтерін мыналарда көрсетілген қаржы құралдарына орналастырады:
#$Осы абзац 01.01.2012. бастап қолданысқа енгізіледі.
осы Ереженің 2-қосымшасында – консерватиктік инвестициялық портфельге қатысты;
#$Осы абзац 01.01.2012. бастап қолданысқа енгізіледі.
осы Ереженің 3-қосымшасында – орташа инвестициялық портфельге қатысты;
#$Осы абзац 01.01.2015. бастап қолданысқа енгізіледі.
осы Ереженің 4-қосымшасында – агрессивті инвестициялық портфельге қатысты.
Зейнетақы активтері есебінен осы Ереженің 2, 3 және  4-қосымшаларында көрсетілген қаржы құралдарына инвестициялардың мөлшері, сондай-ақ инвестициялық портфельдің әр бір түрі үшін инвестициялардың жиынтық мөлшері әр инвестициялық портфель бойынша Қордың инвестициялық декларацияларында белгіленеді.
6. «Кері Репо» операцияларының мәні болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарды қоса алғанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына зейнетақы активтері есебінен инвестициялардың жалпы мөлшері:
2011 жылғы 1 қаңтардан бастап әрбір жеке жинақтаушы қорының зейнетақы активтерінің жалпы мөлшерінің жиырма бес пайызынан кем еместі;
2011 жылғы 1 сәуірден бастап әрбір жеке зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің жалпы мөлшерінің жиырма пайызынан кем еместі құрайды.
6-тармақ жаңа редакцияда ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 15.07.2010 № 105 қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен. (29.03.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
6-1. Қор меншікті активтерінің есебінен мынадай мүлікті:
1) осы Ереженің 1, 2, 3 және 4-қосымшаларында айқындалған, зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесінде көрсетілген мүлікті;
2) Қордың өз мұқтажы үшін және Қордың зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті орындауы үшін пайдаланылатын мүлікті;
3) акцияларды және Қордың қызметін автоматтандыруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін осы заңды тұлғалардың жарғылық капиталының он пайызынан аспайтын мөлшерде;
4) акцияларды және бір немесе бірнеше Қор өз қызметін үйлестіру, ортақ мүдделерін қорғау және білдіру, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және ортақ міндеттерді шешу үшін құрған заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін сатып алады немесе сатады. Осы тармақшада көрсетілген мақсаттарды іске асыру үшін құрылған қауымдастықтарға және (немесе) одақтарға Қордың меншікті активтері есебінен мүше жарналарын төлеуге жол беріледі.
6-1-тармақпен толықтырылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 13.02.2012 № 35 Қаулысы.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
7. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды
 7-тармақ алынып тасталды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 15.07.2010 № 105, ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24 (29.03.2010 жылғы редакцияны қараңыз)(01.01.2011 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс).02.2012 № 76 Қаулыларымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
3-тарау. Инвестициялау талаптары мен тәртібі
8. Қорда зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті, сондай-ақ клиенттер шоттарын жүргізу құқығынсыз брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру үшін берілген лицензиясы бар болған жағдайда, Қор тек өзінің басқаруында болған зейнетақы активтеріне және меншікті активтеріне қатысты брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті көрсетеді.
9. Ұйымда инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін берілген лицензиясы бар болған жағдайда, Ұйым тек қызмет көрсететін Қордың меншікті активтеріне қатысты ғана инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
Ұйымда клиенттер шоттарын жүргізу құқығынсыз брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру үшін берілген лицензиясы бар болған жағдайда, Ұйым тек өзінің басқаруында болған Қордың зейнетақы және меншікті активтеріне қатысты брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті көрсетеді.