• Мое избранное
"Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігімен танылатын қор биржаларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 8 қыркүйектегі № 8 Бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 08.08.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігімен танылатын қор биржаларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 8 қыркүйектегі № 8 Бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының м.а. 2010 жылғы 27 шілдедегі № 04.2-40/121 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 9 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6379 болып енгізілді

Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.08.2016 жылғы № 183 Қаулысына сәйкес
«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігімен танылатын қор биржаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 8 қыркүйектегі № 8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4402 тіркелген) бұйрығына келесі өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
1-тармақта:
4) тармақшадағы «.» деген тыныс белгісі «;» деген тыныс белгісіне ауыстырылсын;
мына мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) «Баку қор биржасы» ЖАҚ;
6) «Белоруссия валюталық-қор биржасы» ААҚ».».
2. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Даму департаменті:
1) Агенттіктің Заң басқармасымен бірлесіп осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі бойынша шаралар қабылдасын;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі, «Қазақстандық қор биржасы» акционерлік қоғамы және «Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің назарына жеткізсін;
3) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік төрағасының бағыттаушы орынбасарына (Ш.С. Қанапиянов) жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң, 10 күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Төраға м.а.                                Д. Нұрпейісов