Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН :










Отправить по почте

Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 644 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 15 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5489 болып енгізілді.
Осы Бұйрық күшін жойды 2014 жылғы 5 қазаннан бастап ҚР Қаржы министрінің 31.07.2014 жылғы № 324 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1. Қоса беріліп отырған Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Есептілік және статистика департаменті (Л.И.Парусимова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 644 бұйрығымен бекітілген
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесі
1-бөлім. Жалпы ереже
Атау өзгертілді ҚР Премьер - Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 13.11.2013 жылғы № 523 Бұйрығымен (23.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Осы Ереже бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептіліктің нысандарын, кезеңділігін, мерзімін, жасалу мен беру тәртібін анықтайды, олар мынадай:
1-тармақ өзгертілді ҚР Премьер - Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 13.11.2013 жылғы № 523 Бұйрығымен (23.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
республикалық, тиісті мемлекеттік бюджеттердің, мемлекеттік және шоғырландырылған бюджеттердің атқарылуы туралы (бұдан әрі – бюджеттің атқарылуы туралы есеп);
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасын бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы;
мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түскен түсімдері мен ақша шығыстары жоспарларының атқарылуы туралы;
мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен түсімдер және ақшаны жұмсау туралы;
шетел валютасындағы қаражаттың қозғалысы туралы
мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің кредиторлық берешегі туралы;
мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің дебиторлық берешегі туралы есеп түрлерін қамтиды.
2. Мың теңгеде жүзеге асырылатын есептерді қалыптастыру. Есеп көрсеткiштерiнiң бөлшек бөлiгi нақты бiрден онға дейiнгi белгiмен көрсетiледi және бүтiн бөлiгiнен үтiрмен бөлiнедi.
2-бөлім. Бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасау және беру тәртібі
Атау өзгертілді ҚР Премьер - Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 13.11.2013 жылғы № 523 Бұйрығымен (23.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыру
3. Бюджеттің атқарылуы туралы есепті бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар жасайды.
4. Бюджеттің атқарылуы туралы есеп кассалық негізде жүзеге асырылатын есепті кезең үшін тиісті бюджеттің түсімдері мен шығыстары бойынша барлық операцияларды көрсетеді.
5. Бюджеттің атқарылуы туралы есеп Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде анықталған бюджет құрылымы, бюджет түсiмдерi сыныптамасының, Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік сыныптама бюджет шығыстарының функционалдық, экономикалық сыныптамасының кодтары бойынша қалыптастырылады және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулысына немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне сәйкес жасалады.
6. Мерзімділігі бойынша бюджеттің атқарылуы туралы есеп ай сайын және жыл қорытындысы бойынша жасалады. Бюджеттің атқарылуы туралы айлық (жылдық) есеп былайша қалыптасады.
7. Бюджеттің түсімдерін қамтитын бюджеттің атқарылуы туралы есептің бөлімдері бюджет түсімдері сыныптамасының санаттары, сыныптары, ішкі сыныптары және ерекшеліктері бойынша деректерді қамтиды.
8. Бюджет шығыстарын қамтитын бюджеттің атқарылуы туралы есептің бөлімдері функционалдық топтар, функционалдық кіші топтар, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бюджет шығыстары сыныптамасының бюджеттік бағдарламалары бойынша деректерді қамтиды.
Бюджеттің шығыстарын қамтитын жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептің бөлімдері функционалдық топтар, функционалдық кіші топтар, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бюджеттік бағдарламалар, бюджет шығыстары сыныптамасының кіші бағдарламалары бойынша деректерді қамтиды.
9. Бюджеттің атқарылуы туралы есеп түсімдердің бөлімі, кіші бөлімі, санаты, сыныбы және ішкі сыныбы бойынша, бюджет шығыстарының бөлімі, кіші бөлімі, функционалдық тобы, функционалдық кіші тобы, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі, бюджеттік бағдарлама, кіші бағдарлама бойынша аралық қорытындыларды қамтиды.
2. Бюджеттің атқарылуы туралы есептің құрылымы
10. Бюджеттің атқарылуы туралы есеп өзіне мынадай бөлімдерді (кіші бөлімдерді) қамтиды:
1) кiрiстер (I):
салық түсiмдерi;
салықтан тыс түсiмдер;
негiзгi капиталды сатудан түскен түсiмдер;
трансферттердiң түсiмдерi;
2) шығындар (II);
3) таза бюджеттiк кредит беру (IІІ):
бюджеттiк кредиттер;
бюджеттiк кредиттердi өтеу;
4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо (ІV):
қаржылық активтер сатып алу;
мемлекеттiң қаржылық активтерiн сатудан түскен түсiм;
5) бюджеттiң тапшылығы (профицитi) (V);
6) бюджеттiң тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану) (VI):
қарыздардың түсiмi;
қарыздарды өтеу;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары;
7) "Бюджет қаражаттарының қалдықтары" анықтамалық бөлiмi:

Бұл мүмкіндік тек қана тіркелген пайдаланушыларға беріледі. Өтініш, кіріңіз немесе тіркеліңіз. |
|
| Тіркелу | |