Toggle Dropdown
1
"Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 644 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 11 маусымдағы № 295 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 4 шілдеде № 7788 тіркелді
Toggle Dropdown
БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. «Бюджетті атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдардың бюджеттік есептiлiктi жасау және беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 644 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5489 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Toggle Dropdown
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджетті атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдардың бюджеттік есептiлiктi жасау және беру ережесінде:
Toggle Dropdown
19-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
Toggle Dropdown
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«20. Қаржы жылының басына бюджет қаражаттарының қалдық сомасы есепке қолмен енгiзiледi, ағымдағы қаржы жылының басынан бастап және соңына дейін өзгерiссiз қалады және ол есептің анықтамалық бөлiмiнде «Бюджет түсімдерінің атқарылуы және/немесе бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төленген міндеттемелер» бағанында көрсетiледi.»;
Toggle Dropdown
49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«49. Жергілікті бюджеттер бойынша бюджеттік даму бағдарламаларының атқарылуы туралы айлық (жылдық) есепті заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және арттыруға инвестициялық жобалар, концессиялық жобаларды бірлесе қаржыландыру, инвестициялар бойынша, сондай-ақ өзінің мазмұны бойынша бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға, концессиялық жобаларды бірлесе қаржыландыруға және «Басқалар» деген бөлімде көрсетілген заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға жатпайтын бюджеттік даму бағдарламалары бойынша қорытынды деректерді көрсете отырып, осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар қалыптастырады.
Toggle Dropdown
Жергілікті (жиынтық) бюджеттер бойынша бюджеттік даму бағдарламаларының атқарылуы туралы айлық (жылдық) есепті жергілікті бюджеттер жөніндегі бюджеттік даму бағдарламаларының дамуы туралы есептердің негізінде мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыру үшін жауапты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі қалыптастырады.
Toggle Dropdown
Басым республикалық бюджет бойынша бюджеттік инвестициялық жобалардың атқарылуы туралы айлық (жылдық) есепті осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қоса берілетін объектілер бойынша басым республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесіне сәйкес мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыруға жауапты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі қалыптастырады.
Toggle Dropdown
Республикалық бюджеттің жобасына енгізілген, кейінге қалдыру шарттары бар, өте маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған басым республикалық бюджеттік инвестициялардың атқарылуы туралы айлық (жылдық) есепті осы Ережеге 6-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қоса берілетін республикалық бюджеттің жобасына енгізілген, кейінге қалдыру шарттары бар, өте маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесіне сәйкес мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыруға жауапты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі қалыптастырады.»;
Toggle Dropdown
52-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Мемлекеттік, республикалық және жергiлiктi (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджеттердің атқарылуы туралы, басым республикалық бюджет бойынша бюджеттік инвестициялық жобалардың, Республикалық бюджеттің жобасына енгізілген, кейінге қалдыру шарттары бар, өте маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған басым республикалық бюджеттік инвестициялардың атқарылуы туралы есептері, жергiлiктi (жиынтық) бюджеттер бойынша бюджеттік даму бағдарламалардың атқарылуы туралы айлық (жылдық) есептерді бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган тиісті мемлекеттік органдарға осы Ережеге 2, 6, 6-1, 7-қосымшаларға сәйкес (қол қоюмен бекітілмеген) нысандар бойынша қағаз тасығышта және электрондық түрде жібереді. Қағаз тасығыштағы есептер ілеспе хатпен беріледі.»;
Toggle Dropdown
56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«56. Шоғырландырылған бюджеттің атқарылуы туралы айлық (жылдық) есепті осы Ереженің мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептер үшін белгіленген мерзімінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жасайды және Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және ішкі бақылау жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген органға (біріктірілген) электрондық түрде ілеспе хатпен жібереді.»;
Toggle Dropdown
79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«79. КБ-Б нысаны бойынша кредиторлық берешек туралы есеп мынадай үлгіде толтырылады:
Toggle Dropdown
1-5-бағандарда мыналар көрсетіледі:
Toggle Dropdown
бюджет шығыстарының сыныптамалық кодтарына және тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін ақшаны жұмсау есебінен қалыптасқан берешекті көрсету үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен ақылы қызметтердің тізбесіне сәйкес шығыстардың кодтары;
Toggle Dropdown
бюджет шығыстарының сыныптамалық кодтары және демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін ақшаны жұмсаудан қалыптасқан берешекті көрсету үшін 901 «Демеушілік және қайырымдылық көмек есебінен түсетін шығыстарға арналған ақша» коды;
Toggle Dropdown
бюджет шығыстарының сыныптамалық кодтары және бюджет қаражатының жетіспеушілігі және оны талан-тараж жасау нәтижесінде бюджет қаражаты есебінен қалыптасқан берешекті көрсету үшін 902 «Жетіспеушілік» коды;
Toggle Dropdown
бюджет шығыстарының сыныптамалық кодтары және өзге де себептер нәтижесінде бюджет қаражаты есебінен қалыптасқан берешекті көрсету үшін 903 «Өзге» коды.
Toggle Dropdown
Кейінгі бағандарды толтыру КБ-Б нысаны бойынша есептерді толтыру үшін осы Ереженің 78-тармағында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
Toggle Dropdown
81-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
Toggle Dropdown
«81. Қағаз тасығыштағы КЗ-Б нысан бойынша кредиторлық берешек туралы ай сайынғы есепке бюджет қаражаты есебінен құралған кредиторлық берешектің құрылу себептері туралы ақпарат осы Ереженің 16-қосымшасына сәйкес, әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша берешектің құрылу себебін түсіндіре отырып, қоса беріледі.
Toggle Dropdown
Қағаз тасығыштағы КЗ-П нысан бойынша кредиторлық берешек туралы ай сайынғы есепке басқа қаражаты есебінен құралған кредиторлық берешектің құрылу себептері туралы ақпарат осы Ереженің 16-1-қосымшасына сәйкес, әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша берешектің құрылу себебін түсіндіре отырып, қоса беріледі.»;
Toggle Dropdown
91-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
Toggle Dropdown
«91. ДБ-Б нысаны бойынша дебиторлық берешек туралы есеп мынадай түрде толтырылады:
Toggle Dropdown
1-5 бағандарда мыналар көрсетіледі:
Toggle Dropdown
бюджет шығыстарының сыныптамалық кодтарына және тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін ақшаны жұмсау есебінен қалыптасқан берешекті көрсету үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен ақылы қызметтердің тізбесіне сәйкес шығыстардың кодтары;
Toggle Dropdown
бюджет шығыстарының сыныптамалық кодтары және демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін ақшаны жұмсаудан қалыптасқан берешекті көрсету үшін 901 «Демеушілік және қайырымдылық көмек есебінен түсетін шығыстарға арналған ақша» коды;
Toggle Dropdown
бюджет шығыстарының сыныптамалық кодтары және бюджет қаражатының жетіспеушілігі және оны талан-тараж жасау нәтижесінде бюджет қаражаты есебінен қалыптасқан берешекті көрсету үшін 902 «Жетіспеушілік» коды;
Toggle Dropdown
бюджет шығыстарының сыныптамалық кодтары және өзге де себептер нәтижесінде бюджет қаражаты есебінен қалыптасқан берешекті көрсету үшін 903 «Өзге» коды.
Toggle Dropdown
6-бағанда 1-5-бағандардағы кодтарға сәйкес атаулар көрсетіледі;
Toggle Dropdown
7-бағанда ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарына арналған жағдай бойынша өткен жылдардың кредиторлық берешегi көрсетiледi. Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органға бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы жылдық есептi тапсырған сәттен бастап 7-бағанда көрсетiлген кредиторлық берешектiң сомасы ағымдағы қаржы жылының iшiнде өзгермеуi тиiс.
Toggle Dropdown
8-бағанда ағымдағы қаржы жылында Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес тиiстi бюджеттiң кiрiсiне аударылған өткен жылдың дебиторлық берешек сомасы көрсетiледi;
Toggle Dropdown
9-бағанда басқа негiздер (ағымдағы жылы алынған, сот шешiмi немесе т.б. бойынша есептен шығарылған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) есебiнен) бойынша өтелген өткен жылдардың дебиторлық берешек сомасы көрсетiледi;
Toggle Dropdown
10-бағанда өткен жылғы дебиторлық берешектiң ағымдағы қаржы жылында бiр бөлiгi өтелгеннен кейiнгi қалдығы көрсетiледi;
Toggle Dropdown
11-бағанда ағымдағы қаржы жылы пайда болған дебиторлық берешектiң сомасы көрсетiледi;
Toggle Dropdown
12-бағанда есептi күнге қалыптасқан жалпы дебиторлық берешек көрсетiледi (11 және 12-бағандардың сомасы);
Toggle Dropdown
13-бағанда әлеуеттi өнiм берушiлермен және мердiгерлермен бюджет қаражаттары есебiнен тауарлар мен жұмыстарды (қызметтердi) сатып алуға жасасқан, бюджет заңнамасында белгiленген тәртiппен ведомствоның аумақтық бөлiмшелерiнде тiркелген шарттың талаптарына сәйкес аванстық (алдын-ала) төлемдердiң сомасы көрсетiледi;
Toggle Dropdown
14-бағанда қуыну мерзiмi аяқталған дебиторлық берешектiң сомасы көрсетiледi. Көрсетiлген берешек активтердiң, материалдық қорлардың, ақшаның, есеп айырысулар мен мемлекеттiк мекеме теңгерiмiнiң басқа да баптарын түгендеу жүргiзiлгеннен және түгендеу актiсi жасалғаннан кейiн есепке енгiзiледi.»;
Toggle Dropdown
92-тармақ алынып тасталсын;
Toggle Dropdown
94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«94. Қағаз тасығыштағы ДЗ-Б нысандағы дебиторлық берешек туралы ай сайынғы есепке бюджет қаражаты есебінен кредиторлық берешектің құрылу себептерi туралы ақпарат осы Ережеге 16-қосымшаға сәйкес, әрбiр бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша берешектің құрылу себебiн түсiндiре отырып, қоса берiледi.
Toggle Dropdown
Қағаз тасығыштағы ДЗ-Б нысандағы дебиторлық берешек туралы ай сайынғы есепке өзге де қаражаты есебінен кредиторлық берешектің құрылу себептерi туралы ақпарат осы Ережеге 16-1-қосымшаға сәйкес, әрбiр бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша берешектің құрылу себебiн түсiндiре отырып, қоса берiледi.»;
Toggle Dropdown
6-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;
Toggle Dropdown
осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес 6-1-қосымшасымен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
16-қосымша осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;
Toggle Dropdown
осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес 16-1-қосымшамен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
19-қосымша осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес мынадай редакцияда жазылсын.
Toggle Dropdown
2. Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаменті (А.Н. Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында кейіннен жариялануын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрық тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Министр Б. Жәмішев
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2012 жылғы 11 маусымдағы
№ 295 бұйрығына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Бюджетті атқару жөніндегі
уәкілетті органдардың бюджеттік
есептілікті жасау және беру
ережесіне 6-қосымша
Toggle Dropdown
Басым республикалық бюджеттік инвестициялардың атқарылуы туралы
есеп
Toggle Dropdown
Бюджет түрі: Республикалық
Toggle Dropdown
Кезеңділігі: айлық, жылдық
Toggle Dropdown
Өлшем бірлігі: мың теңге
Toggle Dropdown
| Код | Атауы | Есепті қаржы жылына арналған бекітілген бюджет | Есепті қаржы жылына арналған нақтыланған бюджет | Есепті қаржы жылына арналған түзетілген бюджет |
| Функционалдық топ | ББӘ | Бағдарлама | Кіші бағдарлама | Инвестжобаның коды |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| | | | | Барлығы | | | |
| | | | | I. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар - барлығы | | | |
| | | | | II. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар бюджеттік инвестициялар - барлығы | | | |
| | | | | III. Нысаналы даму трансферттері - барлығы | | | |
| | | | | IV. Кредиттер - барлығы | | | |
Toggle Dropdown
кестенің жалғасы
Toggle Dropdown
| Есепті кезеңге арналған қаржыландырудың жиынтық жоспары | Қабылданған міндеттемелер | Төленбеген міндеттемелер 1 2 бағаны - 14 бағаны | Бюджеттік бағдарлама бойынша төленген міндеттемелердің атқарылуы | Есепті кезеңге ауытқуы 14 бағаны - 11 бағаны | Есепті кезеңге бюджеттік бағдарлама бойынша төленген міндеттемелердің атқарылуы 14 бағаны/11 бағаны * 100 | Жылдық жоспарына бюджет түсімдердің атқарылуы 14 бағаны/ 9 бағаны * 100 | Ескертпе (бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің жоспардың атқарылмауы себебінің негіздемесі) |
| міндеттемелер бойынша | төлемдер бойынша |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
| | | | | | | | |
| | | | | | | | |
| | | | | | | | |
| | | | | | | | |
| | | | | | | | |
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2012 жылғы 11 маусымдағы
№ 295 бұйрығына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Бюджетті атқару жөніндегі
уәкілетті органдардың бюджеттік
есептілікті жасау және беру
ережесіне 6-1-қосымша
Toggle Dropdown
Аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді
іске асыруға бағытталған жоспарлау сатыларынан өтпеген бірақ
республикалық бюджет жобасына қосылған басым республикалық
бюджеттік инвестициялардың атқарылуы туралы есеп
Toggle Dropdown
Бюджет түрі: Республикалық
Toggle Dropdown
Кезеңділігі: айлық, жылдық
Toggle Dropdown
Өлшем бірлігі: мың теңге
Toggle Dropdown
| Код | Атауы | Есепті қаржы жылына арналған бекітілген бюджет | Есепті қаржы жылына арналған нақтыланған бюджет | Есепті қаржы жылына арналған түзетілген бюджет |
| Функционалдық топ | ББӘ | Бағдарлама | Кіші бағдарлама | Инвестжобаның коды |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| | | | | Барлығы | | | |
| | | | | I. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар - барлығы | | | |
| | | | | II. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар бюджеттік инвестициялар - барлығы | | | |
| | | | | III. Нысаналы даму трансферттері - барлығы | | | |
| | | | | IV. Кредиттер - барлығы | | | |
Toggle Dropdown
кестенің жалғасы
Toggle Dropdown
| Есепті кезеңге арналған қаржыландырудың жиынтық жоспары | Қабылданған міндеттемелер | Төленбеген міндеттемелер 12 бағаны - 14 бағаны | Бюджеттік бағдарлама бойынша төленген міндеттемелердің атқарылуы | Есепті кезеңге ауытқуы 14 бағаны - 11 бағаны | Есепті кезеңге бюджеттік бағдарлама бойынша төленген міндеттемелердің атқарылуы 14 бағаны/11 бағаны * 100 | Жылдық жоспарына бюджет түсімдердің атқарылуы 14 бағаны/ 9 бағаны * 100 | Ескертпе (бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің жоспардың атқарылмауы себебінің негіздемесі) |
| міндеттемелер бойынша | төлемдер бойынша |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
| | | | | | | | |
| | | | | | | | |
| | | | | | | | |
| | | | | | | | |
| | | | | | | | |
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2012 жылғы 11 маусымдағы
№ 295 бұйрығына
3-қосымша
Toggle Dropdown
Бюджетті атқару жөніндегі
уәкілетті органдардың бюджеттік
есептілікті жасау және беру
ережесіне 16-қосымша
Toggle Dropdown
Бюджет қаражаты есебінен _____________________________ берешегiнiң
Toggle Dropdown
(бюджеттiң атауы)
Toggle Dropdown
қалыптасу себептерi туралы ақпарат
Toggle Dropdown
20___ жылға ___________________ арналған жағдай бойынша
Toggle Dropdown
Бюджет түрi - ________________________
Toggle Dropdown
Кезеңдiлiгi - айлық, тоқсандық, жылдық
Toggle Dropdown
| Әкiмшi | Бағдарлама | Кiшi бағдарлама | Атауы | Қарыз сомасы, мың теңге | Берешектiң қалыптастыру себептерi |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | Барлығы | | |
Toggle Dropdown
Мемлекеттiк бюджетке қызмет
Toggle Dropdown
көрсетудi жүзеге асыратын
Toggle Dropdown
ведомствоның/бюджеттi атқару
Toggle Dropdown
жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi
Toggle Dropdown
органның басшысы ____________ _______________________
Toggle Dropdown
(қолы) (қолды таратып жазу)
Toggle Dropdown
Деректердi жасау үшiн жауапты
Toggle Dropdown
құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы ____________ _______________________
Toggle Dropdown
(қолы) (қолды таратып жазу)
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2012 жылғы 11 маусымдағы
№ 295 бұйрығына
4-қосымша
Toggle Dropdown
Бюджетті атқару жөніндегі
уәкілетті органдардың бюджеттік
есептілікті жасау және беру
ережесіне 16-1-қосымша
Toggle Dropdown
Өзге де қаражат есебінен _____________________________ берешегiнiң
Toggle Dropdown
(бюджеттiң атауы)
Toggle Dropdown
қалыптасу себептерi туралы ақпарат
Toggle Dropdown
20___ жылға ___________________ арналған жағдай бойынша
Toggle Dropdown
Бюджет түрi - ________________________
Toggle Dropdown
Кезеңдiлiгi - айлық, тоқсандық, жылдық
Toggle Dropdown
| Әкiмшi | Бағдарлама | Кiшi бағдарлама | Атауы | Қарыз сомасы, мың теңге | Берешектiң қалыптастыру себептерi |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | Барлығы | | |
Toggle Dropdown
Мемлекеттiк бюджетке қызмет
Toggle Dropdown
көрсетудi жүзеге асыратын
Toggle Dropdown
ведомствоның/бюджеттi атқару
Toggle Dropdown
жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi
Toggle Dropdown
органның басшысы ____________ _______________________
Toggle Dropdown
(қолы) (қолды таратып жазу)
Toggle Dropdown
Деректердi жасау үшiн жауапты
Toggle Dropdown
құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы ____________ _______________________
Toggle Dropdown
(қолы) (қолды таратып жазу)
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2012 жылғы 11 маусымдағы
№ 295 бұйрығына
5-қосымша
Toggle Dropdown
Бюджетті атқару жөніндегі
уәкілетті органдардың бюджеттік
есептілікті жасау және беру
ережесіне 19-қосымша
Toggle Dropdown
Өзара өтелетiн төлемдер операциясы бойынша деректер
Toggle Dropdown
_________________________________
Toggle Dropdown
(жергiлiктi бюджеттiң атауы)
Toggle Dropdown
____________ жылға
Toggle Dropdown
1-27 нысанына Қосымша
Есеп жасалынды: уақыты
ХN парағына дейiн
Toggle Dropdown
Республика (область, қала, аудан) ______________________
Toggle Dropdown
Мерзiмдiлiгi айлық, жылдық _____________________________
Toggle Dropdown
Өлшем бiрлiгi: мың. теңге
Toggle Dropdown
| Бюджеттiк жiктеу жүйесi | Атауы | Есептi қаржы жылына бекiтiлген бюджет | Есептi қаржы жылына нақтыланған бюджет | Есептi қаржы жылына түзету енгiзiлген бюджет | Түсiмдер мен төлемдердi қаржыландыру жөнiндегi жиынтық жоспары, есептi жылға мiндеттемелердi қаржыландыру жөнiндегi жиынтық жоспары | Қабылданған мiндеттемелер | Төленбеген мiндеттемелер | Бюджет түсiмдерiнiң орындалуы/немесе бюджеттiк бағдарламалар бойынша төленген мiндеттемелер (сол бағдарлама бағытындағы) | Есептi жылға түсiмдер мен төлемдердi қаржыландыру жөнiндегi жиынтық жоспарына бюджет түсiмдерiнiң орындалуы/немесе бюджеттiк бағдарламалар бойынша төленген мiндеттемелер (сол бағдарлама бағытындағы) | Орындалатын (бекiтiлген, нақтыланған, түзету енгiзiлген) бюджетке, бюджет түсiмдерiнiң орындалуы/немесе бюджеттiк бағдарламалар бойынша төленген мiндеттемелер (сол бағдарлама бағытындағы), % |
| Төлемдер бойынша | Мiндеттемелер бойынша |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
| I. Табыстар | | | | | | | | | | |
| II. Шығындар | | | | | | | | | | |
| III. Таза бюджеттiк несиелер | | | | | | | | | х | х |
| Бюджеттiк несиелер | | | | | | | | | | |
| Бюджеттiк несиелердi өтеу | | | | | | | | | | |
| IV. Қаржы активтерiнiң операциялары бойынша қалдық | | | | | | | | | х | х |
| Қаржы активтерiн сатып алу | | | | | | | | | | |
| Мемлекеттiк қаржы активтерiн сатудан түскен түсiмдер | | | | | | | | | | |
| V. Бюджет тапшылығы (профициті) | | | | | | | | | х | х |
| VI. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) | | | | | | | | | х | х |
| Қарыздар түсімі | | | | | | | | | | |
| Қарыздарды өтеу | | | | | | | | | | |
| Бюджет қаражатының пайдаланатын қалдықтары | | | | | | | | | | |
Toggle Dropdown
Мемлекеттiк бюджеттiң орындалуын
Toggle Dropdown
жүзеге асырушы, ведомстваның
Toggle Dropdown
аймақтық бөлiмшесiнiң басшысы _________ ________________________
Toggle Dropdown
(қолы) (қолын ашып жазу)
Toggle Dropdown
Жиынтық жоспарды әзiрлеуге және
Toggle Dropdown
құрастыруға жауапты, құрылымдық
Toggle Dropdown
бөлiмшесiнiң басшысы _________ ________________________
Toggle Dropdown
(қолы) (қолын ашып жазу)
Toggle Dropdown
Деректердi құрастыруға жауапты,
Toggle Dropdown
құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы _________ ________________________
Toggle Dropdown
(қолы) (қолын ашып жазу)