Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 - 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы N 1390 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 12.10.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
"Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі Заңы 5-бабының 2) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 - 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2010 жылғы 30 желтоқсанға дейінгі мерзімде мәслихаттардың құқық бұзушылық профилактикасының 2011 - 2013 жылдарға арналған өңірлік бағдарламаларын қабылдауын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне жүктелсін.
Toggle Dropdown
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1390 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 - 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасы
Toggle Dropdown
1. Паспорты
Toggle Dropdown
Атауы Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасының 2011 - 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасы (бұдан әрі — Бағдарлама)
Toggle Dropdown
Әзірлеу үшін "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" негіздеме 2010 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 2) тармақшасы;
Toggle Dropdown
Мемлекет басшысының "Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы"
Toggle Dropdown
2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығының
Toggle Dropdown
5.8-тармағы
Toggle Dropdown
Бағдарламаны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган
Toggle Dropdown
Мақсаты Құқық бұзушылықтар мен қылмыстар профилактикасының тиімді және пәрменді жүйесін қалыптастыру
Toggle Dropdown
Міндеттері Кәмелетке толмағандар мен жастар арасында құқық бұзушылықтың профилактикасы бойынша жұмысты жандандыру;
Toggle Dropdown
Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың, маскүнемдік пен алкоголизмнің профилактикасы;
Toggle Dropdown
Қоғамдық орындар мен көшелердегі қылмыстың деңгейін төмендету;
Toggle Dropdown
Көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы;
Toggle Dropdown
Табиғатты қорғау заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы;
Toggle Dropdown
Мүліктік қылмыстарға қарсы іс-қимыл;
Toggle Dropdown
Қару айналымы саласындағы қылмыстардың профилактикасы;
Toggle Dropdown
Этносаралық және конфессияаралық қақтығыстардың профилактикасы мен ерте алдын алудың тиімді жүйесін құру;
Toggle Dropdown
Жұртшылықпен және азаматтармен ынтымақтастық;
Toggle Dropdown
Нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру
Toggle Dropdown
Іске асыру 2011 - 2013 жылдары мерзімдері (кезеңдері)
Toggle Dropdown
Нысаналы Елдегі құқық бұзушылықтар мен қылмыстар деңгейін индикатор- (100 мың тұрғынға) 2011 жылы 4,9 дейін, 2012 лары жылы 3,9 дейін, 2013 жылы 3,5 дейін төмендету
Toggle Dropdown
Қаржыландыру Республикалық бюджет қаражаты.
Toggle Dropdown
көздері мен Қаржыландырудың болжанатын жалпы көлемі көлемі 156,295 млн. теңгені құрайды, оның ішінде:
Toggle Dropdown
2012 жылы - 81, 288 млн. теңге,
Toggle Dropdown
2013 жылы - 75,007 млн. теңге.
Toggle Dropdown
2012 - 2013 жылдарға қарастырылатын сома тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.
Toggle Dropdown
2. Кіріспе
Toggle Dropdown
Әлеуметтік жағымсыз көрініс ретінде қылмыс ұғымы басты бағыты оны тудыратын себептерге ықпал ету болып табылатын алдын алудың тиісті стратегиясын көздейді.
Toggle Dropdown
Әлеуметтік басқару саласындағы қызметтің ерекше түрі бола отырып, профилактика қоғамдық қарым-қатынастарды жетілдіруге және құқық бұзушылыққа қарсы іс-әрекеттің кешенді шараларын қамтамасыз етуге бағытталған.
Toggle Dropdown
Құқық бұзушылықтың алдын алудың салалық бағдарламасын әзірлеу құқық бұзушылық профилактикасы проблемасын шешуде мемлекеттік деңгейде жүйелі және кешенді тәсілді жасау, сондай-ақ осы саладағы әлеуетті күшейту бойынша алдын ала қабылданып жатқан шараларды қаржылық және техникалық қолдау қажеттігінен туындады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 - 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы" 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығын, "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылықтарды мәселелері бойынша өзге де заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді іске асыру мақсатында әзірленді.
Toggle Dropdown
3. Ағымдағы жағдайды талдау
Toggle Dropdown
Мемлекеттің қылмысқа қарсы алдын ала қабылдап жатқан шаралары тек қана тіркелген қылмыстар санының өсуін (1-кесте) тоқтатуға мүмкіндік береді.
Toggle Dropdown
1-кесте. Тіркелген қылмыстардың саны
Toggle Dropdown
| жылдар | тіркелгені, барлығы | % өскен, төмендеген | 10 мың тұрғынға шаққандағы қылмыстылық |
| 2005 | 146347 | -9,3 | 96 |
| 2006 | 141271 | -3,5 | 92 |
| 2007 | 128064 | -9,3 | 83 |
| 2008 | 127478 | -0,6 | 81 |
| 2009 | 121667 | -4,6 | 77 |
| 2010 жылдың 10 айы | 110412 | 10,8 | 82 |
Toggle Dropdown
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ҚСжАЕК
Toggle Dropdown
Сонымен қатар қылмыстылықтың шынайы көрінісі (оның латенттік бөлігін ескере отырып) барлық криминалдық көріністерді тоқтатуға құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың күшінің анық жетпейтінін көрсетеді. Бұл көп жағдайда құқық бұзушылық пен қылмыстылықты бойынша жұмысты жүргізудегі кемшіліктерге негізделеді.
Toggle Dropdown
Соңғы екі жылдағы жедел жағдайды талдай отырып, Қазақстан Республикасында криминалдық жағдай жалпы күрделі болып отырғанын атап өту қажет. Қылмыстылық мемлекет пен қоғамның барлық тіршілік ету саласына жағымсыз ықпал етіп, елдің әлеуметтік-экономикалық қалыптасуын бәсеңдетіп, оның халықаралық беделіне нұқсан келтіруін жалғастыруда.
Toggle Dropdown
2010 жылдың 8 айында 110 мыңнан астам қылмыс тіркелді, бұл 2009 жылдың осыған ұқсас кезеңіне қарағанда 10,8%-ға көп. Бұл ретте 10 мың тұрғынға шаққанда қылмыстылықтың деңгейі 75-тен 82-ге дейін өскен.