• Мое избранное

Отправить по почте

"Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 – 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 1390 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1298 Қаулысы

«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі Заңының 5-бабының 2) тармақшасына сәйкес, құқық бұзушылықтар профилактикасының әдістерін жетілдіру, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың деңгейін төмендету, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 – 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 1390 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«Паспорты» деген 1-бөлімде:
«Мақсаты » деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Мақсаты     Құқық бұзушылықтар мен қылмыстар профилактикасының                     тиімді және пәрменді жүйесін қалыптастыру»;     »;
«Міндеттері » деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Міндеттері  Кәмелетке толмағандар мен жастар арасында құқық                     бұзушылықтың профилактикасы бойынша жұмысты                     жандандыру;
            Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы                     құқық бұзушылықтардың, маскүнемдік пен                     алкоголизмнің профилактикасы;
            Қоғамдық орындар мен көшелердегі қылмыстың                     деңгейін төмендету;
            Көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтардың                     профилактикасы;
            Табиғатты қорғау заңнамасы саласындағы құқық                     бұзушылықтардың профилактикасы;
            Мүліктік қылмыстарға қарсы іс-қимыл;
            Қару айналымы саласындағы қылмыстардың                     профилактикасы;
            Этносаралық және конфессияаралық қақтығыстардың                     профилактикасы мен ерте алдын алудың тиімді                     жүйесін құру;
            Жұртшылықпен және азаматтармен ынтымақтастық;
            Нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру»;         »;
«Нысаналы индикаторлары » деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Нысаналы    Елдегі құқық бұзушылықтар мен қылмыстар деңгейін        индикатор-   (100 мың тұрғынға) 2011 жылы 4,9 дейін, 2012 жылы        лары         3,9 дейін, 2013 жылы 3,5 дейін төмендету»;      »;
«Ағымдағы жағдайды талдау» деген 3-бөлімде:
бесінші бөлікте:
тоғызыншы абзацта «және есірткіге» деген сөздер алынып тасталсын;
оныншы абзац алынып тасталсын;
он бірінші, он екінші он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші бөліктер алынып тасталсын;
жетпіс екінші бөліктен кейін мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
«Әлемнің көптеген елдерінде (Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Германия, Үндістан, Австралия) өзінің тиімділігін дәлелдеген неғұрлым кең тараған алдын ала жасалатын бағдарламаларға «Көрші назары» және «Сыртқы қоршаған ұйым арқылы қылмыстың алдын алу бағдарламасы (Сынған терезе)» бағдарламаларын жатқызуға болады.
«Көрші назары» бағдарламасы белгілі бір аумақта қоғамдық тәртіптің жай-күйін қадағалау жөніндегі көршілер ұйымдарын құруға бағытталған. Мұндай бағдарламаларды, әдетте, учаскелік полиция инспекторлары жүргізеді. Полиция қызметкерлерінің қатысуы мерзімді бірлескен іс-шараларды ұйымдастырумен шектеледі.
Бағдарлама үш бағыт бойынша жүргізіледі:
1) күдікті адамдарға қадағалау жүргізу және ол туралы полицияны хабардар ету үшін белгілі бір ауданда тұратын азаматтарды топтарға немесе жасақтарға біріктіру;
2) мүлікті табуды оңайлату үшін арнайы нөмір (мысалы, үйдің немесе пәтердің пошталық коды немесе иесінің аты-жөні) қою арқылы мүлікті таңбалау. Тоқсандық қадағалау жасақтарының басшыларына немесе аға қызметкерлеріне полиция қызметкерлері үйдегі мүліктерге белгі қойылғаны туралы қылмыскерлерді ескертетін терезелерге арналған жапсырмалар береді;
3) полицейлердің үй иелері мен аудан тұрғындарына баруын және пәтерлер мен үйлерді күзетпен қамтамасыз етуде консультативтік көмек көрсетуін ұйымдастыру.
«Көрші назары» бағдарламасына қатысудың формальды жағы минималды, ең бастысы – ол неғұрлым қауіпсіз өмір сүру жағдайына мүмкіндік туғызуға ниеті. «Көршілердің» негізгі қызметі – қылмыстық сипаттағы кез келген ақпаратты полицияның назарына жеткізу. Кейде бұл қызметке аумақты патрульдеу бойынша азаматтық жасақтар құру жатады. Мәселен, АҚШ-та 100 мыңнан астам осындай ұйым бар.
Осыған ұқсас бағдарламалар Ұлыбритания мен Эстонияда жасалған, оны қаржыландыру және іске асырылуын бақылау жергілікті билік органдарына жүктелген.
Жасөспірімдер қылмысының профилактикасында АҚШ полициясының жұмыс тәжірибесі үлкен қызығушылық тудырады, мұнда олардың қамқорлығымен, Лос-Анджелес қаласының мэриясымен бірлесе отырып, 1995 жылдан бастап Кадеттер мектебі құрылған.
Кадеттер мектебі – бұл 18 апта бойы әр сенбі күндері сағат 8-ден 17-ге дейін өтетін, 14-тен 18 жасқа дейінгі ниет білдіруші жасөспірімдерді оқыту үшін полиция ұйымдастыратын курстар.
Әдетте, мектептің негізгі контингентін қиын өмір жағдайына тап болған жасөспірімдер құрайды. Кадеттер мектебі оларды өздері түсуі немесе өмір сүріп отырған ортасы еліктіруі мүмкін қылмыс жасау жолынан «тайдыруға» мүмкіндік тудырады.
Оқыту бағдарламасы үш негізгі құрамдас бөліктен тұрады:
1) қылмысты болдырмау;
2) проблема қиындап кетпей тұрып, проблемаға араласу;
3) білім беру, оқыту, өмірде қажет болатын дағдылар.
Мектепті бітіргеннен кейін олар шағын тапсырмаларды орындай отырып, полиция учаскелерінде қоғамдық негізде жұмыс істей алады.
Қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету нысандары мен әдістерін жетілдіру бөлігінде соңғы жылдары Грузия Ішкі істер министрлігінің жүйесінде жүргізіліп жатқан өзгерістер ерекше көңіл бөлуге лайық, мұнда мемлекеттік автомобиль инспекциясы толығымен таратылған.
Қазіргі уақытта Грузияда жол полициясының функцияларын арнайы патрульдік қызмет атқарады, сонымен қатар оларға патрульдік-бекеттік қызмет функциялары да берілген. Жұмысты осылай ұйымдастыру күш-жігері қоғамдық тәртіпті және азаматтардың тыныштығын қамтамасыз етуге бағытталған полиция қызметкерлерінің тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Осыған байланысты, 2012 жылдың 1 сәуірінен бастап Павлодар облысының Ішкі істер департаментінің базасында жол және патрульдік полиция бөліністерін қосу бойынша эксперимент басталды, ол 2013 жылдың 1 сәуіріне дейін жалғасады.»;
сексенінші, сексен бірінші, сексен екінші бөліктер алынып тасталсын;
«Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштері» деген 4-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
Бағдарламаның негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтар мен қылмыстар профилактикасының тиімді және пәрменді жүйесін қалыптастыру.
Бағдарламаның негізгі нысаналы индикаторы – құқық бұзушылықтар мен қылмыстар санын 100 мың тұрғынға шаққанда 2011 жылы 4,9 дейін, 2012 жылы 3,9 дейін, 2013 жылы 3,5 дейін төмендету болып табылады.
Міндеттері:
1) кәмелетке толмағандар мен жастар арасында құқық бұзушылықтар профилактикасы бойынша жұмысты жандандыру;
Бұл міндет нәтижелерінің көрсеткіштері:
қадағалаусыздық және қараусыздықтың деңгейін 2011 жылы 37,4 дейін, 2012 жылы 37,3 дейін, 2013 жылы 37,2 дейін төмендету;
кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстардың үлес салмағын 2011 жылы 6,2% дейін, 2012 жылы 6,1% дейін, 2013 жылы 6,0% дейін төмендету;
жалпы білім беретін мектеп оқушылары жасаған қылмыстар санын 2011 жылы 3659 дейін, 2012 жылы 3563 дейін, 2013 жылы 3500 дейін төмендету болып табылады.
«Кәмелетке толмағандар мен жастар арасында құқық бұзушылықтар профилактикасы бойынша жұмысты жандандыру» деген бірінші міндетті шешу мақсатында үздік комиссияға конкурстар өткізу арқылы өңірлік кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиялардың жұмысын жандандыру шараларына, еңбекпен қамту органдарында есепте тұрған жастарды басымдық тәртіпте еңбекпен қамтуға ерекше көңіл бөлінетін болады, бұл ретте жұмыс берушілерді ынталандыру мәселелері пысықталды.
Сонымен бірге балалардың демалысы мен бос уақытын ұйымдастыру, сондай-ақ оқушылар арасында құқықтық тәрбиені дамыту және кәмелетке толмағандарға психологиялық көмек көрсету қызметін кеңейту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру жоспарланған.
2) отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың, маскүнемдік пен алкоголизмнің профилактикасы;
Бұл міндет нәтижелерінің көрсеткіштері:
отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында жасалған қылмыстардың үлес салмағын 2011 жылы 0,4% дейін, 2012 жылы 0,3% дейін, 2013 жылы 0,2% дейін төмендету;
алкогольге мас күйде жасалған қылмыстардың үлес салмағын 2011 жылы 14,1% дейін, 2012 жылы 14,0% дейін, 2013 жылы 13,9% дейін төмендету болып табылады.
«Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың, маскүнемдік пен алкоголизмнің профилактикасы» деген екінші міндетті шешу үшін тұрмыстық зорлық-зомбылықтар профилактикасы туралы заңнаманың жаңа нормаларын кеңінен қолдануға, қорғау нұсқамалары шығарылған, отбасы-тұрмыстық салада құқық бұзушылықтар жасауға бейім адамдарды толық есепке алуды және олармен сапалы жұмыс ұйымдастыруды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылады.
3) қоғамдық орындар мен көшелердегі қылмыстардың деңгейін төмендету;
бұл міндет нәтижелерінің көрсеткіштері:
кісі өлтірудің үлес салмағын 2011 жылы 0,4% дейін, 2012 жылы 0,3% дейін, 2013 жылы 0,2% дейін төмендету;
денсаулыққа ауыр зиян келтірудің үлес салмағын 2011 жылы 1,0% дейін, 2012 жылы 0,9% дейін, 2013 жылы 0,8% дейін төмендету;
тонаудың үлес салмағын 2011 жылы 22,0% дейін, 2012 жылы 21,8% дейін, 2013 жылы 21,7% дейін төмендету;
қарақшылық шабуылдың үлес салмағын 2011 жылы 1,5% дейін, 2012 жылы 1,4% дейін, 2013 жылы 1,3% дейін төмендету;
бұзақылықтың үлес салмағын 2011 жылы 14,5% дейін, 2012 жылы 14,4% дейін, 2013 жылы 14,3% дейін төмендету болып табылады.
«Қоғамдық орындар мен көшелердегі қылмыстардың деңгейін төмендету» деген үшінші міндетті шешу үшін ең алдымен патрульдік қызметтің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жақсартуға, атап айтқанда полицияның жылжымалы және тұрақты бекеттерінің, адамдар көп шоғырланатын орындардағы бейнебақылау жүйесінің санын арттыруға бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылады.
Сонымен қатар шет елдер құқық қорғау органдарының қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы позитивті жұмыс тәжірибесі (Грузия полициясының тәжірибесі) енгізілетін болады.
4) көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы;
бұл міндет нәтижелерінің көрсеткіші:
Қазақстанда заңсыз болудың орташа ұзақтығы 2011 жылы 25 (күн) дейін, 2012 жылы 20 дейін, 2013 жылы 15 дейін болып табылады.
«Көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы» деген төртінші міндетті шешу шеңберінде «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жаңа нормаларын бұзғаны үшін шетелдіктер мен Қазақстан Республикасы азаматтарының жауапкершілігін күшейту бөлігінде оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырылатын болады.
Сонымен бірге олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуға қою мақсатында қазақстандықпен қатар, басқа да мемлекеттердің азаматтығы бар адамдарды анықтау жөніндегі шаралар қабылданатын болады.
5) мүліктік қылмыстарға қарсы іс-қимыл;
бұл міндет нәтижелерінің көрсеткіші:
тіркелген қылмыстардың жалпы санынан жеке меншікке қарсы қылмыстардың үлес салмағын 2011 жылы 66,0% дейін, 2012 жылы 64,0% дейін, 2013 жылы 63,0% дейін төмендету болып табылады.
«Мүліктік қылмыстарға қарсы іс-қимыл» деген бесінші міндетті шешу үшін мақсатты бағытталған жедел-профилактикалық және арнайы іс-шаралар кешені өткізілетін болады.
6) қару айналымы саласындағы қылмыстардың профилактикасы;
бұл міндет нәтижелерінің көрсеткіші:
атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстардың санын 2011 жылы 645 дейін, 2012 жылы 635 дейін, 2013 жылы 625 дейін төмендету болып табылады.
«Қару айналымы саласындағы қылмыстардың профилактикасы» міндетін шешу үшін атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды әкелудің заңсыз арналарын анықтау және жолын кесу жөніндегі мақсатты бағытталған жедел-профилактикалық және арнайы іс-шаралар кешені өткізілетін болады.
Сонымен бірге тергелетін қылмыстық істердің сапасын арттыру, алынған қаруды есепке алуға, сақтауға және жоюға бақылауды қатаңдату жөніндегі шаралар іске асырылды және оларды есепке алу үшін азаматтық және қызметтік қарудың республикалық гильзотекасын құру мәселесі пысықталды.
7) этносаралық және конфессияаралық қақтығыстардың профилактикасы және ерте алдын алудың тиімді жүйесін құру;
бұл міндет нәтижелерінің көрсеткіші:
этносаралық және конфессияаралық қақтығыстардың туындауын арандатуға қабілетті қақтығыстарды болдырмау санын 2011 жылы 10 дейін, 2012 жылы 9 дейін, 2013 жылы 7 дейін төмендету болып табылады.
«Этносаралық және конфессияаралық қақтығыстардың профилактикасы және ерте алдын алудың тиімді жүйесін құру» міндетін шешу үшін халыққа, әсіресе жастарға этносаралық және конфессияаралық қақтығыстардың профилактикасы мен ерте алдын алу бөлігінде түсіндіру және насихат жұмыстарын жүргізу жөніндегі іс-шаралар іске асырылатын болады, ол үшін өңірлерде үгіт және насихат топтарын құру жоспарлануда.
8) жұртшылықпен және азаматтармен ынтымақтастық;
бұл міндет нәтижелерінің көрсеткіші:
қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысушы азаматтардың санын 2011 жылы 34035 дейін, 2012 жылы 34500 дейін, 2013 жылы 35300 дейін арттыру болып табылады.
«Жұртшылықпен және азаматтармен ынтымақтастық» міндетін шешу үшін құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдардың желісін кеңейту, бұл жұмысқа жеке меншік күзет құрылымдарының қызметкерлері мен студент жастарды жұмылдыру, жолаушылар көлігі кәсіпорындарының диспетчерлік қызметі мен пәтер иелері кооперативтерінің мүмкіндіктерін пайдалану жөніндегі шаралар жүзеге асырылатын болады.
9) нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
Бұл міндетті шешу мақсатында Бағдарламаны іске асыру кезеңінде мүдделі мемлекеттік органдар ішкі істер органдарының есебінде тұрған адамдармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізуге бағытталған құқық бұзушылықтар профилактикасы жүйесіндегі мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру, сондай-ақ кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды ұстау үшін ішкі істер органдарының арнайы мекемелерін құру бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейтін болады.
Мақсатына, нысаналы индикаторларына, міндеттері мен нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жауапты мемлекеттік органдар:
Мемлекеттік органдар мен Бағдарламаға басқа негізгі қатысушылардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын және Бағдарламаның толық іске асырылуы үшін жауапты болатын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
өз құзыреті шегінде Бағдарламада көзделген іс-шаралардың орындалуын жүзеге асыратын Қаржы, Білім және ғылым, Денсаулық сақтау, Мәдениет және ақпарат, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері, Дін істері агенттігі, сондай-ақ облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары.»;
«Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» деген 5-бөлімде:
екінші бөлікте:
2) тармақшада «нашақорлықпен және уытқұмарлықпен,» деген сөздер алынып тасталсын;
4) тармақша алынып тасталсын;
үшінші бөліктің 1), 5), 7), 8), 9), 10), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшалары алынып тасталсын;
«Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтар профилактикасының 2011-2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жоспары» деген 7-бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 1-1-жолмен толықтырылсын:
«
 

1-1
«Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі үздік қалалық, аудандық комиссия» атты облыстық, қалалық конкурстар өткізуді ұйымдастыру Үкіметке ақпарат ІІМ (жинау) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2012-2013 жылдар 4-тоқсан Қажет етпейді Қажет етпейді




                                                                            »;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-1-жолмен толықтырылсын:
«
 

3-1
Еңбекпен қамту органдарында есепте тұрған халықтың мақсатты топтарындағы жастарды басым тәртіппен еңбекпен қамтуға жәрдемдесу және оларға жеке, топтық тәрбие және психологиялық көмек көрсету ІІМ-ге ақпарат Еңбекмині (жинау), БҒМ, ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Жыл сайын Қажет етпейді Қажет етпейді





                                                                             »;
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
 

4
Тәрбие колонияларынан оралған кәмелетке толмағандар мен ата-аналарының қарауынсыз қалған жасөспірімдерге ерекше көңіл бөле отырып, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ, әлеуметтік байланыстарын жоғалтқан кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамту және оңалту жөніндегі шаралар кешенін қабылдау Тиісті іс-шаралар, жұмыс жоспарлары Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Ұдайы Қажет етпейді Қажет етпейді








                                                                            »;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 4-1 және 4-2-жолдармен толықтырылсын:
«
 
4-1 Ішкі істер органдарында есепте тұратын, аз қамтылған және қолайсыз отбасылардағы кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындары квоталарын бөлу мәселелерін пысықтау Тиісті іс-шаралар Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Тоқсан сайын Қажет етпейді Қажет етпейді
4-2 Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға, физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдарға, интернаттық мекемелер мен балалар үйлерінің түлектеріне жұмыс орындарын құрған жұмыс берушілерді ынталандыру жүйесін әзірлеу және енгізу Тиісті іс-шаралар, жұмыс жоспарлары Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2012 жылғы желтоқсан Қажет етпейді Қажет етпейді
                                                                            »;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 13-1, 13-2, 13-3, 13-4, 13-5 және 13-6-жолдармен толықтырылсын:
«
 
13-1 Білім беру ұйымдарында сабақтан тыс уақытта құқық қорғау органдарының қатысуымен өзін-өзі қорғау және экстремалды жағдайларда оңтайлы жүріп-тұру дағдыларын қалыптастыру мақсатында арнайы тренингтер ұйымдастыру ІІМ-ге ақпарат ІІМ (жинау) БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері Жыл сайын 15 қаңтар, 15 шілде Қажет етпейді Қажет етпейді
13-2 Оқушылардың девиантты жүріс-тұрысының алдын алу бойынша оқу орындары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының, сынып жетекшілерінің (тәрбиешілердің) авторлық бағдарламалары мен әдістемелік әзірлемелерінің өңірлік конкурстарын ұйымдастыру ІІМ-ге ақпарат Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері 2012-2013 жылдардың 4-тоқсаны Қажет етпейді Қажет етпейді
13-3 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын оқу мекемелерінде және оларға іргелес аумақтарда бейнебақылау орнату, сондай-ақ пластикалық карточкаларды қолдану арқылы турникет түрінде бақылау-өткізу режимін енгізу мәселелерін пысықтау ІІМ-ге ақпарат Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Жыл сайын 15 қаңтар, 15 шілде
Көзделген қаражат шегінде
13-4 Ішкі істер органдары жүйесінде бір облыстың базасында Кадеттер мектебіне ұқсас (АҚШ) ұйымдар ашу болып табылатын жобаны пилоттық режимде іске асыру туралы мәселелерді пысықтау ІІМ-ге ақпарат Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2013 жылдың 1-тоқсаны Қажет етпейді Қажет етпейді
13-5 Тұрғын үй массивтерінде балалар аулаларын және спорт алаңдарын қосымша салуды ұйымдастыру, жалпы білім беретін мектептер және үй-жай (пәтер) иелерінің кооперативі базасында аула клубтарының санын көбейту бойынша шаралар қабылдау ІІМ-ге ақпарат Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Жыл сайын 15 қаңтар, 15 шілде
Көзделген қаражат шегінде
13-6 Білім беру және ішкі істер органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мәселелері бойынша қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде девиантты мінез-құлықты кәмелетке толмағандармен жұмыс жүргізу үшін интернаттық мекемелер мен арнайы білім беру ұйымдары тәрбиешілерінің біліктілігін арттыру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және ІІМ мен БҒМ-нің бірлескен бұйрығымен бекіту Бірлескен бұйрық ІІМ, БҒМ 2013 жылдың 2-тоқсаны Қажет етпейді Қажет етпейді
                                                                            »;
«Есірткі қылмысы мен нашақорлықтың профилактикасы» және «Қылмыстың қайталану профилактикасы» деген кіші бөлімдер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 29-1-жолмен толықтырылсын:
«
 
29-1 Грузия Ішкі істер министрлігінің тәжірибесі бойынша құқықтық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция бөлінісін құру жөніндегі жұмысты жалғастыру Президент Әкімшілігіне ақпарат ІІМ, Павлодар облысының әкімі 2013 жылғы сәуір Қажет етпейді Қажет етпейді
                                                                             »;
«Жол қозғалысы саласындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы» деген кіші бөлім алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 43-1-жолмен толықтырылсын:
«
 
43-1 Поездар тұрағы парктерінде, жүк станцияларында, алысқа және қала маңына қатынайтын поездарда қарудың, оқ-дәрілердің, жарылғыш заттардың заңсыз айналымымен шұғылданатын адамдарды анықтау бойынша мақсатты бағытталған іс-шаралар мен операциялар кешенін іске асыру Үкіметке ақпарат ІІМ (жинау), Қаржымині КБК Жыл сайын 15 қаңтар, 15 шілде Қажет етпейді Қажет етпейді
                                                                             »;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 45-1-жолмен толықтырылсын:
«
 
45-1 Конфессияаралық және этносаралық қатынастарды нығайту, сондай-ақ дінаралық және діни экстремизм негізіндегі қақтығыстар профилактикасы саласындағы мемлекет саясатын халық, әсіресе оқушы жастар арасында түсіндіру және насихаттау мақсатында үгіт топтарын ұйымдастыру ІІМ-ге ақпарат ДІА (жинау), ІІМ, БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Жыл сайын 15 қаңтар, 15 шілде Қажет етпейді Қажет етпейді
                                                                             »;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 51-1-жолмен толықтырылсын:
«
 
51-1 Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Германия, Үндістан және Эстония тәжірибесі бойынша «Көрші назары» бағдарламасын енгізу ІІМ-ге ақпарат Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ІІМ 2012 жылғы 4-тоқсан Қажет етпейді Қажет етпейді
                                                                             »;
«Құқық бұзушылық профилактикасын ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету» және «Құқық бұзушылықтар профилактикасы мәселесі бойынша кадрларды дайындау және олардың біліктілігін арттыру» деген кіші бөлімдер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                           С. Ахметов