• Мое избранное
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаштарды бөліп беру мен мөлшерлеу қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 30.09.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаштарды бөліп беру мен мөлшерлеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 1512 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 04.09.2015 жылғы № 745 Қаулысына сәйкес
«Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаш аймағын бөліп беру мен таксациялау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 27.02.2015 жылғы № 18-02/161 Бұйрығын қараңыз
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 113-бабы 1-тармағының 19) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаштарды бөліп беру мен мөлшерлеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 12 желтоқсандағы
 № 1512 қаулысымен
 бекітілген
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаштарды
 бөліп беру мен мөлшерлеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаштарды бөліп беру мен мөлшерлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 113-бабы 1-тармағының 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаштарды бөліп беру мен мөлшерлеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) абрис – кеспеағашты бөлу және бағалау (таксациялау) барысында жасалатын кеспеағаштың далалық сызбасы;
2) мөлшерлеп бөлу – көршілес орман қоры учаскелерінен мөлшерлеу сипаттамасы бойынша ерекшеленетін орман қорының бастапқы есеп бірлігі;
3) бұтақ қоры – қалыңдығы 3 сантиметр және одан да қалың дің бұталар қоры;
4) кәделік сүрек – қабықсыз дөңгелек ағаш материалдары. Кәделік сүрекке мына шарттарға сай келетін ағаш діңінің қиындылары жатады:
қабықсыз жоғарғы кесігінің диаметрі кемінде 3 сантиметр;
қолданыстағы «Қылқан жапырақты тұқымдас дөңгелек ағаш материалдары», «Жапырақты тұқымдас дөңгелек ағаш материалдары», «Сүрек. Кемістіктер» МемСТ-тарына сәйкес жол берілетін нормалардан аспайтын сүрек кемі;
5) кәделік сүрек ірілігінің санаттары (ірі, орташа, ұсақ) – қабықсыз жоғарғы кесігіндегі ірі ағаш материалдарының диаметрі бойынша айқындалады;
6) кеспеағаш аймағы - ағаш кесудiң барлық түрлерi үшiн бөлiнген немесе ағаштары кесiлу сатысындағы орман учаскесi;
7) кеспеағаштарды мөлшерлеу кезінде ескерілетін қалдықтар – кәделік бөліктің қабығы;
8) кеспеағаштарды бөлу – шекараны нақтылы және кеспеағаштарды мөлшерлей отырып айқындау, кесуге жатқызылған ағаштарға белгi соғу, кеспеағаш алқабында есепке алынған сүректердi заттай және ақшалай мөлшерлеу жөніндегі iс-шаралар;
9) мөлдек – бағалық белгілермен және мөлдек бағаналармен табиғи күйінде шектелген ағаш кесуді ұтымды пайдалануға арналған кеспеағаштың бір бөлігі;
10) орманды (кеспеағашты) мөлшерлеу – орман ресурстарының, соның iшiнде кесу көзделетiн екпе ағаштардың сапалық және сандық сипаттамаларын анықтау, есепке алу, бағалау жөніндегі iс-шара;
11) отындық ағаш – үй жылытуға арналған қабығы алынбаған сүрек қиындылары;
12) сүректің жалпы қоры – сүрек діңдері мен бөрікбасынан дайындалатын сүрек көлемі;
13) сүректің тауарлық (өнімді) қоры – қалдықтарды қоспағанда, жалпы қор бөлігі;
14) технологиялық ағаштар – негізінен сүрек жаңқасын алуға арналған қабығы алынбаған дің қиындылары;
15) шөпшек пен өрім қоры – қалыңдығы 2 - 4 сантиметр (шөпшек) және 2 сантиметрден төмен жұқа (өрім) бөрікбасы бұталарының қоры;
3. Сүрек дайындау ағаш кесудің мына түрлерін жүргізу кезінде жүзеге асырылады:
1) өсіп-жетілген және толысып піскен ағаштарды басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу;
2) аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу (орманды күтіп-баптау мақсатында ағаш кесу, іріктеп санитарлық мақсатта ағаш кесу және құндылығы төмен орман екпеағаштарын, сондай-ақ қорғаныштық, су сақтау және басқа да қасиеттерінен айырылған екпеағаштарды қайта жаңартуға байланысты кесу, жекелеген талшыбықтарды кесу);
3) өзге мақсаттарда кесу (су тораптарын, құбыр желілерін, жолдар салуға байланысты, жаппай санитарлық мақсатта ағаш кесу; орман соқпақтарын, өртке қарсы жыралар қазу; жарамды қоқыстарды тазалау кезінде).
4. Мемлекеттік орман қоры учаскелерін басты мақсатта, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге және өзге де мақсаттарда ағаш кесулерге, сүрек, шайыр және ағаш сөлдерін, арзан қолды сүрек ресурстарын дайындауға әзірлеу кезінде мына жұмыстар жүргізіледі:
1) басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу, аралық мақсатта пайдалану және өзге де мақсаттарда ағаш кесулер, сондай-ақ сүрек, шайыр және ағаш сөлдерін, арзан қолды сүрек ресурстарын дайындау жүргізілетін учаскелерді қаз-қалпында іріктеу және ресімдеу;
2) сапасын, санын анықтау, дайындауға арналған орман ресурстарының мөлшерін, материалдық және ақшалай мөлшерлеу.
5. Кеспеағаштарды бөліп беру мен мөлшерлеуді (таксациялауды) мемлекеттік орман иеленуші жүзеге асырады.
2. Сүректі есепке алу түрлері
6. Түбірімен босатылатын сүректі есепке алу кесу тәсілдеріне байланысты:
1) алаңы бойынша (жаппай ағаш кесудің барлық түрлері кезінде қолданылады);
2) кесуге тағайындалатын ағаштар саны бойынша жүргізіледі.
Кесуге тағайындалатын ағаштар саны бойынша есепке алу:
іріктеп ерікті (бұдан әрі – іріктеп кесу), біртіндеп, екі мәрте біртіндеп және жолақтап біртіндеп (бұдан әрі – біртіндеп кесу) ағаш кесу;
сүректің орташа диаметрі 8 сантиметр және одан да жуан болған кезде сирету, жол аршу үшін ағаш кесу;
іріктетіп санитарлық мақсатта ағаш кесу (жас талдардың кеуіп қалғандарын кесуден басқа);
жалғыз-жарым ағаштарды кесу кезінде қолданылады.
Ағаштар саны бойынша босатылатын сүректі есепке алу кезінде кесуге тағайындалатын ағаштар алдын-ала:
3) дайындалған ағаш материалдарының саны бойынша таңбаланады.
Дайындалған ағаш материалдарының саны бойынша есепке алу, егер кесілуге тиіс сүрек қорын алдын-ала айқындау мүмкін болмаса:
жарықтандыру мен тазарту кезінде;
егер кесуге тағайындалатын сүректің орташа диаметрі 8 сантиметрден төмен болса, сирету және жол аршу үшін кесу кезінде;