• Мое избранное
Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметтері туралы
Внимание! Документ утратил силу с 29.04.2010 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметтері туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 21 наурыздағы N 124 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 27 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4131

Күші жойылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.04.2010 № 311 бұйрығымен. (25.12.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
Редакция 25.12.2006 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасының халқына бастапқы медициналық-санитарлық көмекті жетілдіру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 желтоқсандағы N 1304 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: Қараңыз ,
1. Қоса беріліп отырған Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдардың қызметі (бұдан әрі - БМСК) туралы ереже бекітілсін. 
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары осы бұйрыққа сәйкес нормативтік құқықтық актілерге қажетті өзгерістер енгізсін. 
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау департаменттерінің басшылары (келісім бойынша) осы бұйрыққа сәйкес БМСК ұйымдарының қызметін қамтамасыз етсін. 
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Емдеу-алдын алу ісі департаментінің директоры (Байсеркин Б.С.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 
5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми жариялауға жіберсін. 
6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Емдеу-алдын алу ісі департаментінің директоры (Байсеркин Б.С.) облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау департаменттерінің директорларымен (келісім бойынша) бірлесе отырып мамандандырылған көмек бойынша мыналарды анықтасын және ұсынсын: 
1) 2006 жылғы 10 сәуірге дейін мамандықтар мен лауазымдардың номенклатурасын, мамандардың функциялары мен жұмыс көлемінің нормативтерін; 
2) 2006 жылғы 1 мамырға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне 2007 жылға арналған шығыстарды жоспарлау үшін ұсынсын. 
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.А.Ақановқа жүктелсін. 
8. Осы бұйрық оны ресми жариялаған күнінен бастап күшіне енеді және 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Министр
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау министрінің
 2006 жылғы 21 наурыздағы
 N 124 бұйрығымен
 бекітілген
Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының (бұдан әрі - БМСК) қызметін, үлгілік ұйымдастыру құрылымын, үлгілік штаттары мен штат нормативтерін және емханаларда, БМСК орталығында, дәрігерлік амбулаторияда, медициналық пунктте халыққа медициналық қызмет көрсетудің көлемі мен деңгейінің нормативтерін реттейді.
2. БМСК көрсететін ұйымдардың қызметтері азаматтарға жергілікті мекен-жайы және/немесе медициналық ұйымдарды еркін таңдау құқығы есепке ала отырып тіркеу бойынша медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында аумақтық қағидат бойынша құрылады.
3. БМСК ұйымының жұмыс режимін кезекші дәрігерлердің демалыс және мереке күндеріндегі жұмысын қамтамасыз ете отырып, денсаулық сақтау саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару органдары белгілейді.
4. БМСК дербес ұйымдары заңды тұлға құқықтарын пайдаланады, мөртабаны, мөртаңбасы мен өзінің атауы белгіленген фирмалық бланкісі бар.
5. БМСК ұйымдары Қазақстан Республикасының Конституциясына, денсаулық сақтау саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге, Жарғыға және осы Ережеге сәйкес жұмыс істейді.
6. Емхана - өзіне алдын алу, диагностикалық және емдеу қызметтерін қамтитын, тұрғындарға бастапқы медициналық-санитарлық, мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйым.
7. Емхананың құрылымына: 
1) жалпы дәрігерлік практика және/немесе учаскелік қызмет, күндізгі стационар бөлімшесі мен қосалқы қызметтер; 
2) мамандандырылған көмек; 
3) зертханалық-диагностикалық көмек бөлімшесі кіреді.
8. БМСК орталығы - тұрғындарға бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйым.
9. БМСК орталығының құрылымына жалпы дәрігерлік практика және/немесе учаскелік қызмет, зертханалық-аспаптық диагностика, күндізгі стационар және қосалқы қызмет кіреді.
10. Дәрігерлік амбулатория - тұрғындарға бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін дербес заңды тұлға немесе БМСК орталығының құрылымдық бөлімшесі немесе жалпы дәрігерлік практика және/немесе учаскелік қызметтің құрылымдық бөлімшесі болып табылатын медициналық ұйым.
11. Дәрігерлік амбулаторияның құрылымына жалпы дәрігерлік практика және/немесе учаскелік қызмет, күндізгі стационар және қосалқы қызмет кіреді.
12. Медициналық пункт - тұрғындарға дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсететін дәрігерлік амбулаторияның, БМСК орталығының құрылымдық бөлімшесі.
13. БМСК ұйымдарындағы бастапқы медициналық-санитарлық көмекті жалпы практика дәрігерлері, учаскелік терапевтер мен педиатрлар, акушер-гинекологтар мен басқа да мамандар, жалпы практика медбикелері, учаскелік медбикелер, фельдшерлер, акушерлер мен басқа да бейін медбикелері жүзеге асырады.
14. Жалпы практика дәрігері (бұдан әрі - ЖПД) - бұл ересектер мен балаларға жынысы мен жасына қарай бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша арнайы көп бағдарлы даярлықтан өткен, дербес амбулаториялық аралас қабылдауды жүзеге асыратын, алдын алу және оңалту іс-шаралары кешенін өткізетін, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, медициналық-әлеуметтік проблемаларды шешуге жәрдемдесетін шұғыл медициналық көмек көрсететін маман.
15. ЖПД лауазымына "Жалпы дәрігерлік практика" (бұдан әрі - ЖПД) мамандығы бойынша интернатураны немесе клиникалық ординатураны бітірген мамандар, кәсіптік қайта даярлықтан өткен және ЖПД бойынша куәлік немесе сертификат алған мамандар тағайындалады.
16. Жалпы практика медбикесі - жалпы практика дәрігерімен өзінің қызметін жүзеге асыратын және тұрғындарды диагностикалық, алдын алу және оңалту іс-шараларын қоса алғанда, дәрігерге дейінгі көмекпен қамтамасыз ететін медбике ісі саласындағы маман.
17. Учаскелік медбике - учаскелік терапевт дәрігермен (терапевтпен және педиатрмен) бірлесіп өзінің қызметін жүзеге асыратын және тұрғындарға (ересектер мен балаларға) диагностикалық, алдын алу және оңалту іс-шараларын қоса алғанда, өзінің құзыреті шегінде дәрігерге дейінгі көмекті қамтамасыз ететін медбике ісі саласындағы маман.
18. Медбике лауазымына тиісті қосымша медициналық білім циклдарында мамандандыру мен жетілдіруден өткен»"жалпы практика медбикесі" біліктілігімен базалық орта медициналық білімі бар медбикелер тағайындалады.
19. Халыққа мамандандырылған көмек диагностиканың, емдеудің арнайы әдістерін және күрделі медициналық технологияларды пайдалануды талап ететін аурулар кезінде көрсетіледі.
20. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Лауазымдардың тізбесі бойынша аудандық және қалалық емханалардың деңгейінде халыққа мамандандырылған көмек көрсетіледі.
21. Тиісті бейін бойынша мамандандырылған көмек көрсететін дәрігердің (бұдан әрі - бейін маманы) лауазымына бастапқы мамандандыруды немесе бейіндік маман бойынша қайта даярлаудан өткен "Емдеу ісі" мамандығы бойынша жоғары медициналық білімі бар маман тағайындалады.
22. Зертханалық-диагностикалық бөлімше (бұдан әрі - ЗДБ) диагнозды анықтау, растау немесе алып тастау мақсатында диагностикалық және зертханалық зерттеулер жүргізуге арналған.
23. ЗДБ құрылымына мынадай зертханалар, кабинеттер кіреді: ультрадыбыстық зерттеулер, рентген диагностикалық, эндоскопиялық зерттеулер мен функционалдық диагностика.
24. Күндізгі стационар, кабинеттер: егу, емшара, физиотерапиялық емдеу мен емдік дене шынықтыру мәдениеті (бұдан әрі - ЕДМ), алдын алу және диспансерлеу, химизатор, дәріханалар жалпы практика және/немесе учаскелік қызметтің бөлімшесінің құрылымында ұйымдастырылады.
25. Күндізгі стационардың жұмысы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2596 тіркелген»"Стационарды алмастыратын медициналық көмекті дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 14 қарашадағы N 840  бұйрығымен реттеледі.
2. БМСК ұйымдарының функциялары
26. Емхананың негізгі функциялары мыналар: 
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен түрлер мен көлемдерге сәйкес амбулаториялық жағдайда, күндізгі стационарда және үйде тұрғындарға бастапқы медициналық-санитарлық, мамандандырылған медициналық, зертханалық-диагностикалық көмек көрсету;
2) учаскелік терапевтер мен педиатрлардың, акушер-гинекологтардың, жалпы практика дәрігерлерінің, медбикелердің (учаскелік және жалпы практика), акушерлердің бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуі; 
3) бейін мамандарының мамандандырылған медициналық көмек көрсетуі;