• Мое избранное
"Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 149 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 21.06.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

"Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 149 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 287 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 25 маусымда № 7747 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 21 маусымнан бастап ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.05.2015 жылғы № 318 Бұйрығына сәйкес
«Болашақ» халықаралық стипендиясының мәселелері бойынша іс-шараларды іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 
1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 149 бұйрығына (№ 7549 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2012 жылғы 5 мамырда № 210-215 (27289) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткерлердің құжаттарын қабылдаудың және 2012 жылы осы конкурсты өткізудің мына мерзімдері белгіленсін:
1) құжаттарды қабылдау - 2012 жылғы 14 мамыр мен 1 қазан аралығында;
2) өз бетімен түскендер санаты үшін құжаттар қабылдау – 2012 жылғы 14 мамыр мен 25 шілде аралығында;
3) конкурсты өткізу – 2012 жылғы 4 маусым мен 2013 жылғы 31 қаңтар аралығында.»;
ескертулерінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«* Шығармашылық және медициналық мамандықтар бойынша мамандар даярлайтын осы тізімге енгізілмеген мамандандырылған жоғары оқу орындарды жұмыс органы жеке тәртіппен қарастырады.».
2. Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті (А.Ә. Нұрмағамбетов):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Б. Шаяхметовке жүктелсін. 
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр                                    Б. Жұмағұлов