• Мое избранное
Қаржы ұйымдарының аудиторлық есебін жасау және оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзімі туралы
Внимание! Документ утратил силу с 29.09.2019 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қаржы ұйымдарының аудиторлық есебін жасау және оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзімі туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 27 шілдедегі № 223 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 6 қыркүйекте № 7903 тіркелді

Осы Қаулы күшін жойды 2019 жылғы 29 қыркүйектен бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 13.09.2019 жылғы № 156 Қаулысына сәйкес
Редакция 28.11.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2016 жылғы № 279 Қаулысына сәйкес (24.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Аудиторлық ұйымдар «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 2-тармағында көрсетілген қаржы ұйымдарының және «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есепті жасайды және оны есепті жылдан кейінгі жылғы 30 сәуірге дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынады.
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының 24.12.2014 жылғы № 255 Қаулысымен (27.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 26.02.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2016 жылғы № 279 Қаулысына сәйкес (24.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының аудиторлық есебін жасау, оны қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ұсыну мерзімдері туралы» 2007 жылғы 20 шілдедегі № 81 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4867 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Ұлттық Банк Төрағасы                                      Г. Марченко