• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 19.05.2015 г

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 515 Қаулысы

Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.10.2013 жылғы № 1122 Қаулысымен (04.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 мамырдан бастап ҚР Үкіметінің 25.04.2015 жылғы № 291 Қаулысына сәйкес
"Қазақстан Республикасы сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" ҚР Әділет министрінің 26.01.2015 жылғы № 49 Бұйрығын қараңыз
Редакция 21.10.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
Кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.10.2013 жылғы № 1122 Қаулысымен (04.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидалары бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.10.2013 жылғы № 1122 Қаулысымен (04.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 4 маусымдағы
 № 515 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидалары
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.10.2013 жылғы № 1122 Қаулысымен (04.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидалары «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 43-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін (бұдан әрі - Мемлекеттік тізілім) қалыптастыру және пайдалану мақсатын, тәртібін айқындайды.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.10.2013 жылғы № 1122 Қаулысымен (04.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
2. Мемлекеттік тізілім Заң талаптарына жауап беретін сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелері (бұдан әрі - әдістемелер) туралы мәліметтерді қамтиды.
3. Мемлекеттік тізілім қылмыстық процесті жүргізуші органдарды, соттарды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органдарды (лауазымды адамдарды), процеске өзге қатысушыларды, сондай-ақ сот сарапшыларын әдістемелер туралы мәліметтермен қамтамасыз ету мақсатында қалыптастырылады.
2. Мемлекеттік тізілімді қалыптастыру тәртібі
4. Мемлекеттік тізілімді жүргізуді «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Орталық) жүзеге асырады.
5. Мемлекеттік тізілімді жүргізуді ақпараттық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органының сот сараптамасы органдары (бұдан әрі - coт сараптамасы органдары ) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленген, байқаудан өткен және енгізілген әдістемелер туралы мәліметтерді ұсына отырып жүзеге асырады.
6. Мемлекеттік тізілімге енгізілуге тиіс әдістемелер туралы мәліметтерді сот сараптамасы органдары Орталыққа мемлекеттік және орыс тілдерінде, көрсетілген органдардың мөрімен расталған баспа және электронды түрде бір данада сот сараптамасы органдары әдістемелерді бекіту туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жолдайды.
7. Мемлекеттік тізілімге енгізілуге тиіс мәліметтер Орталыққа келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде оған енгізіледі.
8. Мемлекеттік тізілім осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды жеткізгіштерде жүргізіледі.
9. Мемлекеттік тізілімнің қағаз нұсқасы тігіледі, нөмірленеді, оған жауапты тұлғаның қолы қойылады, Орталықтың мөрімен бекітіледі.
Беттердің нөмірлері толассыз болып табылады.
Қарындашпен жазуға, шимайлауға, өшіруге, түзету енгізуге, парақтарын алуға жол берілмейді.
10. Мемлекеттік тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда сот сараптамасы органдары тиісті ақпаратты Орталыққа мемлекеттік және орыс тілдерінде, көрсетілген органдардың мөрімен расталған баспа және электронды түрде бір данада сот сараптамасы органдары бекітілген әдістемелердің тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жолдайды.
Мемлекеттік тізілімге өзгерістер мен толықтыруларды Орталық осы тармақта көрсетілген ақпарат келіп түскен сәттен бастан бес жұмыс күні ішінде енгізеді.
11. Мемлекеттік тізілімнің электронды нұсқасы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурстарында орналастырылады.
3. Мемлекеттік тізілімді пайдалану тәртібі
12. Сот сарапшылары сот сараптамасын жүргізу кезінде Мемлекеттік тізілімде енгізілген әдістемелер туралы мәліметтерді пайдаланады.
13. Қылмыстық процесті жүргізуші орган, сот, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан орган (лауазымды адам), процеске өзге қатысушы, сондай-ақ сот сарапшысы Орталықтың мекенжайына әдістемелер туралы мәліметтерді ұсыну туралы сұрауды жазбаша түрде рәсімдейді.
14. Орталық жазбаша түрде сұрау келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Мемлекеттік тізілімнен басшының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және Орталықтың мөрімен куәландырылған үзіндіні ұсынады.
15. Аталған үзінді қылмыстық процесті жүргізуші органның, соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органның (лауазымды адамның), процеске өзге қатысушының, сондай-ақ сұрауды ресімдеген сот сарапшысының мекенжайына жіберіледі.
Қазақстан Республикасының
 Сот сараптамасы зерттеулері
 әдістемелерінің мемлекеттік
 тізілімін жүргізу ережесіне
 қосымша
Қазақстан Республикасы сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидаларына қосымша
Қосымшаның тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.10.2013 жылғы № 1122 Қаулысымен (04.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
 
Р/с
Әдістеменің шифры Әдістеменің атауы Әдістеменің әзірленген жылы Әдістеменің бекітілген күні Әдістеменің авторы (жасаушы) Ескертпе
1 2 3 4 5 6 7