• Менің таңдаулыларым
Назар аударыңыз! Құжаттың 14.04.2010 күші жойылды

Отправить по почте

2

Қазақстан Республикасының "электрондық үкіметті" дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы N 1155-1 Қаулысы

Күші жойылды ҚР Үкіметінің 14.04.2010 № 302 Қаулысымен. (31.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік қызмет көрсетулерге жылдам әрі сапалы қол жетімділігін қамтамасыз ету және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдану жолымен мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының "электрондық үкіметті" дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Мемлекеттік, орталық және жергілікті атқарушы органдар: 
1) Бағдарламада көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін; 
2) жарты жылдың қорытындылары бойынша жылына екі рет 10 қаңтарға және 10 шілдеге Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігіне ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 30 қарашадағы
 N 1155-1 қаулысымен
 БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының "электрондық үкіметті" дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған БАҒДАРЛАМАСЫ 
3. Проблеманың қазіргі заманғы жай-күйін талдау "Электрондық үкімет" қалыптастыру бағдарламасын іске асыру нәтижелері 
Қазіргі проблемалар және шетелдік оң тәжірибені шолу 
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері 
5.1. Мемлекеттік ресурстарды басқарудың автоматтандырылған жүйесін құру 
Корпоративтік басқару функцияларын автоматтандыру   е-Қаржының кіші жүйесі   е-Экономиканың кіші жүйесі   е-Кадрлардың кіші жүйесі 
5.2. Мемлекеттік қызметтердің базалық санаттарын автоматтандыру 
5.3. Электрондық үкіметтің базалық инфрақұрылымын және қол жеткізу тетіктерін дамыту 
"Электрондық әкімдіктер" инфрақұрылымын құру және дамыту 
5.4. "Электрондық үкімет" базалық құрамдас бөліктерін дамыту 
5.5. "Электрондық үкімет" сәулетін әзірлеу және әлеуметтік институттарын қалыптастыру, АКТ саласындағы стандарттардың қорын дамыту 
"Электрондық үкімет" әлеуметтік институттарын қалыптастыру 
АКТ саласындағы стандарттар мен регламенттердің қорын дамыту 
5.6. "Электрондық үкімет" нормативтік-құқықтық базасын қамтамасыз ету 
5.7. "Электрондық үкімет" дамыту және жай-күйін бақылау және мониторингі жүйесін құру 
6. Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері 
7. Күтілетін нәтижелер және Бағдарламаның индикаторлары 
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары