Toggle Dropdown
2
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі № 981 Қаулысы
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) «Спорттық костюмдер мен басқа да спорттық керек-жарақтарды ресімдеу кезінде «Қазақстан Республикасының құрама командасы» деген атауды пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
2) «Спорт құрылыстарын салуға арналған жобалау құжаттамасын келiсу» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
3) «Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктерді аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
4) «Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға өмiр бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
5) «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» құрметтi атағы, «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi» құрметтi атағы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi, Қазақстан Республикасының спорт шеберi, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсі спорттық атақтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
6) «Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
7) «Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
8) «Букмекер кеңсесі қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
9) «Тотализатор қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
10) «Спорт құрылыстарына санаттар беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
11) «Cпорт шеберлігiне үміткер, бірiншi спорттық разряд, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, бірiншi санатты спорт төрешiсi» cпорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
12) «Екiншi және үшiншi, жасөспiрiмдер арасындағы бірiншi, екiншi және үшiншi, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 27 шілдедегі
№ 981 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
«Спорттық костюмдер мен басқа да спорттық керек-жарақтарды ресімдеу кезінде «Қазақстан Республикасының құрама командасы» атауын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Мемлекеттік қызметті 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді.
Toggle Dropdown
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызмет «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 23-бабының 19) тармақшасының, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының негізінде көрсетіледі.
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат уәкілетті органның www.mts.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылады.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызметтің нәтижесі спорттық костюмдер мен басқа да спорттық керек-жарақтарды ресімдеу кезінде «Қазақстан Республикасының құрама командасы» атауын пайдалануға қағаз жеткізгіште рұқсат беру, не болмаса мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелді жауап болып табылады.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына (бұдан әрі - алушылар) көрсетіледі.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі алушы уәкілетті органға жүгінген сәттен бастап 30 күнтізбелік күннен аспайды (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте уәкілетті мемлекеттік орган мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға бір күн қалғанда ұсынады);
Toggle Dropdown
2) алушының жүгінген күнінде сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күтудің ең шекті уақыты 20 минуттан аспайды;
Toggle Dropdown
3) алушының жүгінген күнінде сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең шекті уақыты 20 минуттан аспайды.
Toggle Dropdown
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Toggle Dropdown
9. Уәкілетті органда мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, еңбек заңнамасына сай белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Toggle Dropdown
10. Мемлекеттік қызмет уәкілетті органның ғимаратында 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй мекенжайы бойынша көрсетіледі. Ғимаратта мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар көзделген.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
11. Мемлекеттік қызметті алу үшiн алушы уәкілетті органға мынадай құжаттар тізбесін ұсынады:
Toggle Dropdown
1) еркін нысандағы өтiнiш:
Toggle Dropdown
2) жеке кәсіпкер үшін – алушының жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды түрде куәландырған көшірмесі;
Toggle Dropdown
3) заңды тұлға үшін – жарғының және алушының заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды түрде куәландырған көшірмелері.
Toggle Dropdown
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттар тапсырылған кезде алушыға өтініштің көшірмесі тіркеле отырып (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні) беріледі.
Toggle Dropdown
13. Мемлекеттік қызметтің нәтижесін алушы уәкілетті органның қызметкерінен күн сайын қолхаттың негізінде онда көрсетілген мерзімде алады.
Toggle Dropdown
14. Уәкілетті орган аталған мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздемелер бойынша бас тартады:
Toggle Dropdown
1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың толық тізбесі ұсынылмаса;
Toggle Dropdown
2) ұсынылған құжаттарда жалғандық анықталса.
Toggle Dropdown
Өтінішті қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап, құжаттар толық ұсынылмаған не болмаса мемлекеттік қызмет көрсету үшін белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда алушыға екі күндік мерзімде беріледі.
Toggle Dropdown
3. Жұмыс қағидаттары
Toggle Dropdown
15. Уәкілетті органның қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:
Toggle Dropdown
1) заңдылық;
Toggle Dropdown
2) адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін сақтау;
Toggle Dropdown
3) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру;
Toggle Dropdown
4) мемлекеттік қызметшілер үшін заңнамада белгіленген тыйымдар мен шектеулерді қатаң сақтау;