Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабы 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
"Парниктік газдар шығарындыларын және озонды бұзатын заттарды түгендеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 348-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 170-Ө бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 28 маусымда № 7762 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Энергетика министрінің 27.04.2016 жылғы № 176 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабы 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Парниктік газдар шығарындыларын және озонды бұзатын заттарды түгендеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 348-ө бұйрығына (№ 5094 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, № 5, 2008 жылғы 28 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларын және озонды бұзатын заттарды түгендеу ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Парниктік газдар шығарындыларын және озонды бұзатын заттарды түгендеу ережесін бекіту туралы»;
«3. Парниктік газдардың атмосфераға шығарындыларының және озонды бұзатын заттарды тұтыну көздері бар заңды тұлғалар жыл сайын парниктік газдар шығарындыларын және озонды бұзатын заттарды түгендеу жүргізеді және оны есептілік жылдан кейінгі жылғы 1 сәуірден кешіктірмей қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынады.»;
«5. Парниктік газдар шығарындыларына жүргізілген түгендеудің нәтижелері бойынша табиғат пайдаланушылар парниктік газдарды түгендеу туралы есепті «Парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы есептің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 145-ө бұйрығымен (№ 7692 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) бекітілген нысан бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынады.»;
6-тармақ алынып тасталсын;
«3. Озонды бұзатын заттарға түгендеу жүргізу тәртібі»;
2. Төменкөміртекті даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Н. Қаппаров
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |