Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1331 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 193 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 13 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 901 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жол-құрылыс материалдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1331 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 48, 548-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Жол-құрылыс материалдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде:
«1. Осы «Жол-құрылыс материалдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі және «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы заңдарына сәйкес әзірленді.»;
«34. Жол-құрылыс материалдарының әрбір топтамасында және (немесе) көлік құралында «Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 277 қаулысына сәйкес таңбалау, сондай-ақ мынадай қосымша деректер болуы тиіс:
1) құжаттардың нөмірі және берілген күні (сапа паспорты, қауіпсіздік паспорты және (немесе) сынақтар хаттамалары);
2) тұтынушының атауы және мекенжайы;
3) өнімнің үлгісі (маркасы);
4) табиғи радионуклидтердің меншікті тиімді белсенділігі;
5) осы Техникалық регламенттің 21-тармағының 5) тармақшасына сәйкес физика-механикалық қасиеттері;
6) жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың құрамы және атмосфералық ауадағы, жер қыртысындағы, беттік және жерасты суларындағы ластаушы заттар құрамының нақты деңгейі және қоспалар жөніндегі ақпарат оны өндіріске қойған кезде өнімнің бастапқы топтамасымен нақты тұтынушыға, ал одан әрі өндіруде - даулы жағдайларда - тапсырыс берушінің талап етуі бойынша ұсынылады. Көрсетілсін ақпарат тұтыну ыдысына, ол бар болған кезде тікелей түсіріледі және (немесе), егер жол-құрылыс материалдары үйіліп тасымалданатын болса, ілеспе құжаттарға енгізіледі.»;
«52. Осы Техникалық регламентте белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін үйлестірілген стандарттардың тізбесін техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |