Toggle Dropdown
"Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді жалға алынған шетел кемелерінің тізілімінде кемелерді мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 27 қарашадағы № 821 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 желтоқсанда № 8139 тіркелді
Toggle Dropdown
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса берiлiп отырған «Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жалға алынған шетел кемелерiнiң тiзiлiмiнде кемелерді мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет регламенті бекiтілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Б.Ш. Әбішев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
2) оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Министр А. Жұмағалиев
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2012 жылғы 27 қарашадағы
№ 821 бұйрығымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
«Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жалға алынған шетел кемелерiнiң тiзiлiмiнде кемелерді мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет регламенті
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы «Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жалға алынған шетел кемелерiнiң тiзiлiмiнде кемелерді мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 26-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 1058 қаулысымен бекітілген Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларына (бұдан әрi – Қағидалар), Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 29 қазандағы № 1710 қаулысымен бекітілген «Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жалға алынған шетел кемелерiнiң тiзiлiмiнде кемелерді мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленген.
Toggle Dropdown
2. Осы регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттік қызметті алушы – Қазақстан Республикасында тіркелген жеке және заңды тұлға;
Toggle Dropdown
2) құрылымдық-функциялық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын уәкілетті органдардың жауапты адамдары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар.
Toggle Dropdown
3. «Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жалға алынған шетел кемелерiнiң тiзiлiмiнде кемелерді мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді.
Toggle Dropdown
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызмет:
Toggle Dropdown
1) «Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 26-бабының;
Toggle Dropdown
2) Стандарттың;
Toggle Dropdown
3) Қағиданың негізінде көрсетіледі.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттiк қызметті аяқтау нәтижесі шетел кемесiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлiк (бұдан әрі – куәлік) не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қағаз тасығышта беру болып табылады.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызмет ақылы болып табылады.
Toggle Dropdown
Ішкі суда жүзетін және «өзен-теңіз» суларында жүзетін жалға алынған кемелерді мемлекеттiк тiркеудің алымы тіркеуді жүзеге асырған орын бойынша жергілікті бюджетке төленеді, ставка алымы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінде (Салық кодексі) белгіленген және алымды төлеу күні қолданыстағы он бес еселік айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
Toggle Dropdown
8. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасында тіркелген жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
Toggle Dropdown
9. Мемлекеттік қызмет ХҚКО арқылы демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбі күннен бастап сенбі күнін қоса алғанда, күн сайын белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Қабылдау «электрондық» кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
10. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпаратты, сондай-ақ олардың толтыру үлгілері:
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің www.mtс.gov.kz интернет-ресурсында («Көлiктiк бақылау комитетi» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» кіші бөлімінде);
Toggle Dropdown
ХҚКО интернет-ресурсында www.con.gov.kz мекенжай бойынша;
Toggle Dropdown
ХҚКО ғимараттарында орнатылған стенділерде;
Toggle Dropdown
1414 call-орталығында орналастырылған.
Toggle Dropdown
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.
Toggle Dropdown
12. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 7-тармағында белгіленген.
Toggle Dropdown
13. Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда куәлікті беруден бас тартылады.
Toggle Dropdown
14. Мемлекеттік қызметті көрсетудің кезеңдері:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттік қызметті алушы ХҚКО өтініш береді;
Toggle Dropdown
2) ХҚКО қызметкері өтінішті тіркеуді жүргізеді, ХҚКО жинақтаушы бөлімінің қызметкері құжаттарды уәкілетті органға береді.
Toggle Dropdown
Құжаттарды ХҚКО уәкілетті органға жөнелту фактісі мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде құжаттардың қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін Сканер штрихкодтың көмегімен тіркеледі;
Toggle Dropdown
3) уәкілетті органның кеңсе қызметкері құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде алынған құжаттарды тіркеуді жүргізеді және басшыға не оның орынбасарына қарауға береді;
Toggle Dropdown
4) уәкілетті органның басшысы не оның орынбасары қарағаннан кейін, құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде су көлігінде бақылау бөлімінің бастығына тапсырады;
Toggle Dropdown
5) су көлігінде бақылау бөлімінің бастығы құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде өтінішті ұсынылатын талаптар сәйкестігіне қарайды және су көлігінде бақылау бөлімінің маманына тапсырады;
Toggle Dropdown
6) су көлігінде бақылау бөлімінің маманы бес жұмыс күні ішінде ХҚКО ұсынылған өтінішті қарауды жүзеге асырады және куәлікті ресімдеуге немесе дәлелді түрде бас тартуға дайындайды, содан кейін уәкілетті орган басшысына қол қоюға жібереді;
Toggle Dropdown
7) уәкілетті органның басшысы бір жұмыс күні ішінде куәлікке немесе дәлелді түрде бас тартуға қол қояды және уәкілетті органның кеңсесіне жібереді;
Toggle Dropdown
8) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері қызмет көрсету нәтижесін ХҚКО-ға жібереді.
Toggle Dropdown
Уәкілетті органнан мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижесін алған кезде ХҚКО түскен құжаттарды Сканер штрихкодтың көмегімен тіркейді;
Toggle Dropdown
9) ХҚКО қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін - куәлікті не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты мемлекеттік қызмет алушыға ұсынады.
Toggle Dropdown
15. ХҚКО мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын адамдардың ең аз саны бір адамды құрайды.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрекеттер (өзара қарым қатынас) тәртібі
Toggle Dropdown
16. ХҚКО қызметкерінің тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы көрсетілген құжаттарды қабылдау ХҚКО операциялық залында «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
ХҚКО құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызмет алушыға мыналар көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді:
Toggle Dropdown
сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні;
Toggle Dropdown
сұрау салынған мемлекеттік қызметтің түрі;
Toggle Dropdown
қоса берілген құжаттардың саны және атаулары;
Toggle Dropdown
құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
Toggle Dropdown
құжаттарды ресімдеуге өтінішті алған ХҚКО қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты;
Toggle Dropdown
мемлекеттік қызмет алушының тегі, аты және әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты және әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.
Toggle Dropdown
17. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне мынадай ҚФБ іске қосылған:
Toggle Dropdown
1) ХҚКО қызметкері;
Toggle Dropdown
2) ХҚКО жинақтаушы бөлімінің қызметкері;
Toggle Dropdown
3) уәкілетті органның кеңсе қызметкері;
Toggle Dropdown
4) уәкілетті органның басшысы не оның орынбасары;
Toggle Dropdown
5) су көлігінде бақылау басқармасының бастығы;
Toggle Dropdown
6) су көлігінде бақылау басқармасының маманы;
Toggle Dropdown
7) курьер.
Toggle Dropdown
18. Әрбір ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекеттерінің (рәсімдерінің) реттілігі мен өзара іс-қимылының әрбір әкімшілік іс-қимылдың (рәсімді) орындалу мерзімі көрсетілген мәтіндік кесте түріндегі сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.
Toggle Dropdown
19. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық ретімен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы осы регламентке 2-қосымшада келтірілген.
Toggle Dropdown
«Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді
және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді
жалға алынған шетел кемелерiнiң тiзiлiмiнде
кемелерді мемлекеттiк тiркеу»
мемлекеттiк қызмет регламентіне
1-қосымша
Toggle Dropdown
1-кесте. ҚФБ әрекетінің сипаттамасы
Toggle Dropdown
| Негізгі үдерістің іс-әрекеті |
| Іс-әрекет № | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| ҚФБ-ң атауы | ХҚКО қызметкері | ХҚКО жинақтаушы бөлімінің қызметкері | Уәкілетті органның кеңсе қызметкері | Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің басшысы не оның орынбасары | Су көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығы | Су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы |
| Іс-әрекеттің атауы және олардың сипаттамасы | Өтінішті қабылдау және тіркеу | Құжаттарды уәкілетті органға беру | Алынған құжаттарды тіркеуді жүргізеді | Кемені мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті қарау | Ұсынылған құжаттардың тізбесін талаптар сәйкестілігіне қарау | Ұсынылған құжаттардың тізбесін талаптар сәйкестілігіне қарау. Куәлікті ресімдеу |
| Аяқталу нысаны | | | | Бұрыштамасы бар құжаттарда орындау мерзімі мен жауапты орындаушы көрсетіледі | Бұрыштамасы бар құжаттарда орындау мерзімі мен жауапты орындаушы көрсетіледі | Ресімделген куәлік |
| Орындау мерзімдері | | | 1 күн | 1 күн | 1 күн | 5 күн |
| Іс-әрекет № | 7 | 8 | 9 | | | |
| ҚФБ-ң атауы | Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің басшысы не оның орынбасары | Уәкілетті органның кеңсе қызметкері | ХҚКО жинақтаушы бөлімінің қызметкері | | | |
| Іс-әрекеттің атауы және олардың сипаттамасы | Куәлікке қол қою | Куәлікті ХҚКО жіберу | Өтініш берушіге куәлік беру | | | |
| Аяқталу нысаны | Қол қойылған куәлік | | Куәлік | | | |
| Орындау мерзімдері | 1 күн | 1 күн | | | | |
Toggle Dropdown
2-кесте. Мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі үдерісі
Toggle Dropdown
| Мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі үдерісі |
| ХҚКО қызметкері | ХҚКО жинақтаушы бөлімінің қызметкері | Уәкілетті органның кеңсе қызметкері | Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің басшысы не оның орынбасары | Су көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығы | Су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы |
| 1. Өтінішті қабылдау және тіркеу | 2. Құжаттарды уәкілетті органға беру | 3. Алынған құжаттарды тіркеу | 4. Кемені мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті қарау | 5. Ұсынылған құжаттардың тізбесін талаптар сәйкестілігіне қарау | 6. Ұсынылған құжаттардың тізбесін талаптар сәйкестілігіне қарау және куәлікті ресімдеу |
| 9. Өтініш берушіге куәлік беру | 8. Куәлікті ХҚКО жіберу | 7. Куәлікке қол қою | | |
Toggle Dropdown
3-кесте. Мемлекеттік қызмет көрсетудің балама үдерісі
Toggle Dropdown
| Мемлекеттік қызмет көрсетудің балама үдерісі |
| ХҚКО қызметкері | ХҚКО жинақтаушы бөлімінің қызметкері | Уәкілетті органның кеңсе қызметкері | Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің басшысы не оның орынбасары | Су көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығы | Су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы |
| 1. Өтініштің тіркелуін жүргізеді | 2. Құжаттарды уәкілетті органға беру | 3. Алынған құжаттарды тіркеу | 4. Кемені мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті қарау | 5. Ұсынылған құжаттардың тізбесін талаптар сәйкестілігіне қарау | 6. Ұсынылған талаптарға құжаттар сәйкес келмесе немесе жетіспеген жағдайда өтініш берушіге құжаттарды қабылдауға бас тартылады. Өтініш берушінің талабы бойынша оған құжаттарды қабылдаудан бас тартуды дәлелді түрде жазбаша растау қағазын береді. |
| 9. Куәлік беруден бас тарту туралы жазбаша шешімін өтініш берушіге беру | 8. Куәлік беруден бас тарту туралы жазбаша шешімін Орталыққа жіберу | 7. Құжаттарды қабылдаудан бас тартуды дәлелді түрде жазбаша растау қағазына қол қою | | |
Toggle Dropdown
1
«Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді
және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді
жалға алынған шетел кемелерiнiң тiзiлiмiнде
кемелерді мемлекеттiк тiркеу»
мемлекеттiк қызмет регламентіне
2-қосымша
Toggle Dropdown
Функционалдық өзара іс-қимылдың диаграммасы
Toggle Dropdown
