Toggle Dropdown
3
Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 166 Жарлығы
Toggle Dropdown
Редакция 19.12.2022 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 21-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Toggle Dropdown
2
1. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасының прокуратура органдары қызметкерлері нысанды киімінің сипаттамасы және онымен қамтамасыз ету тәртібі бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Мыналардың:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында қызмет өткеру туралы ережені және Қазақстан Республикасының прокуратура органдары қызметкерлерінің антын бекіту туралы» 2008 жылғы 20 мамырдағы № 595 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 27, 249-құжат, 2010 ж., № 51, 465-құжат);
Toggle Dropdown
2) «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 20 мамырдағы № 595 Жарлығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 қыркүйекте № 1061 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 51, 465-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Президенті Н. Назарбаев
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 20 қазандағы
№ 166 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасының прокуратура органдары қызметкерлерінің
АНТЫ
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 20 қазандағы
№ 166 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасының прокуратура органдары қызметкерлері нысанды киімінің сипаттамасы және онымен қамтамасыз ету тәртібі
Toggle Dropdown
1-тарау. Нысанды киімді сипаттау кезінде пайдаланылатын ұғымдар
Toggle Dropdown
Осы қосымшада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
нысанды киім - прокуратура органдарының қызметкерлеріне киюге және құқық қорғау қызметіне тиістілігін айқындауға арналған, сипаттамаға сәйкес киім нысанының ерекшелік белгілері бойынша бірізділенген киім түрлері мен айырым белгілерінің жиынтығы;
Toggle Dropdown
ерекшелік белгілері - прокуратура органдарының қызметкерлері марапатталатын мемлекеттік және ведомстволық наградалар;
Toggle Dropdown
айырым белгілері - прокуратура органдары қызметкерлерінің ведомстволық қатыстылығы мен жеке сыныптық шендерін көрсететін нысанды киім жабдықтарының элементтері.
Toggle Dropdown
Айырым белгілеріне иық белгілері (погондар, шағын погондар), жең белгілері (шеврондар, тігістер), бас киімдердегі (кокарда, тігістер), погондардағы белгілер (эмблемалар, жұлдызшалар), жағалардағы эмблемалар мен тігістер, канттар, лампастар, сондай-ақ дербестендірілген белгілер, кеуде белгілері жатқызылады.
Toggle Dropdown
Нысанды киімде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ерекшелік белгілері мен айырым белгілері тағылады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-тармағына сәйкес арнаулы атақ немесе сыныптық шен берілген прокуратура органдарының қызметкерлері нысанды киіммен тегі қамтамасыз етіледі.
Toggle Dropdown
Нысанды киім салтанатты-парадтық, күнделікті, жазғы және қысқы болып бөлінеді және нөмірленуі мүмкін.
Toggle Dropdown
Қысқа пальто, плащ, китель, куртка, шалбар (юбка) киім өлшемдеріне сәйкес немесе тіктіру сомасы төлене отырып мата күйінде беріледі.
Toggle Dropdown
Жейделер, свитерлер, арнайы жамылғылар, бас киімдер, кашне, қолғап, галстук, аяқ киім дайын күйінде беріледі.
Toggle Dropdown
Әскери прокуратура органдары қызметкерлерінің нысанды киімі, оны киіп жүрудің ережелері әскери қызметшілермен бірдей белгіленеді, бұл ретте погондар мен жағаларда прокуратура органдарының эмблемасы тағылады.
Toggle Dropdown
3-тарау. Прокуратура органдарының жоғары басшылық құрамына
арналған нысанды киімдердің жиынтығы
Toggle Dropdown
1. Салтанатты-шығу нысандағы киімдер (1 -3-сурет ):
Toggle Dropdown
ерекше-салтанатты:
Toggle Dropdown
ақ түсті фуражка (әйелдерде берет);
Toggle Dropdown
ақ түсті китель;
Toggle Dropdown
лампасы бар қара-көк түсті шалбар (юбка);
Toggle Dropdown
ақ түсті ұзын жеңді жейде;
Toggle Dropdown
қара-көк түсті галстук;
Toggle Dropdown
қара түсті былғары туфли.
Toggle Dropdown
№ 1 нысан — жазғы:
Toggle Dropdown
қара-көк түсті фуражка (әйелдерде берет);
Toggle Dropdown
қара-көк түсті китель;
Toggle Dropdown
лампасы бар қара-көк түсті шалбар (юбка);
Toggle Dropdown
ақ түсті ұзын жеңді жейде;
Toggle Dropdown
қара-көк түсті галстук;
Toggle Dropdown
қара түсті былғары туфли.
Toggle Dropdown
№ 2 нысан — жазғы:
Toggle Dropdown
қара-көк түсті фуражка (әйелдерде берет);
Toggle Dropdown
лампасы бар қара-көк түсті шалбар (юбка);
Toggle Dropdown
ақ түсті ұзын жеңді жейде;
Toggle Dropdown
қара-көк түсті галстук;