"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында тұру қағидасы мен мерзімдерін, сондай-ақ оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және кіріктіру қызметтерін көрсету қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 582 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды 2013 жылғы 6 қыркүйектен бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.07.2013 жылғы № 331-ө-м Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған:
1) Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Оралманды бейімдеу және кіріктіру орталығында тұру қағидасы мен мерзімдері, осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және кіріктіру қызметтерін көрсету қағидасы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында уақытша болуы және оларға бейімдеу қызметтерін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 135 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6909 болып тіркелген, 2011 жылғы 14 мамырда № 156-157 (26577-26578) "Казахстанская правда", 2011 жылғы 1 маусымда № 228-231 (26629) "Егемен Қазақстан" газеттерінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті (П.К. Нокин):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен ресми жариялануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі Қ.С.Тыныбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитетіне (П.К.Нокин) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр
милиция генерал-майоры Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 582 бұйрығына 1-қосымша
Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында тұруы және қағидасы мен мерзімі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында (бұдан әрі - Орталық) тұру қағидасы мен мерзімдері, "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Орталықта уақытша тұру тәртібі мен мерзімін белгілейді.
2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жолдама - уәкілетті орган беретін оралман мен оның отбасы мүшелеріне орталыққа орналасу құқығын беретін және белгіленген нысандағы құжат;
2) Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін оралмандардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің уақытша тұруы мен оларға бейімдеу және кіріктіру қызметтерін көрсетуге арналған заңды тұлға;
3) өтініш иесі - Орталыққа орналасу мақсатында уәкілетті органға өтініш білдіретін оралман мен оның отбасы мүшелері;
4) Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – көші-қон процестерін реттеуді және халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді өз құзыреті шегінде жүзеге асырушы мемлекеттік орган
2. Өтініш беру
3. Осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті орган беретін жолдама оралман мен оның отбасы мүшелерін Орталыққа орналасу үшін негіз болып табылады.
5. Өтініш осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында тұратын оралмандар мен олардың отбасы мүшелерін тіркеу журналында (бұдан әрі – журнал) тіркеледі.
6. Өтініш берілген күнінде уәкілетті органның қарауына жатады.
7. Бос төсек-орындар болмаған жағдайда өтініш білдіруші уәкілетті орган қалыптастыратын резервке журналда тіркелетін өтініш беру кезектілігінің тәртібімен қабылданады.
8. Орталықта төсек-орын босаған кезде уәкілетті орган Орталыққа орналастыру үшін кезектілік тәртібімен өтініш иесіне (өтініш иелеріне) жолдама береді.
9. Жолдама алған кезде оралмандар мен олардың отбасы мүшелері Орталыққа күнтізбелік үш күн ішінде орналасады.
Көрсетілген мерзімді сақтамаған жағдайда өтініш білдіруші қоныстандырылмайды, бұл ретте оның Орталыққа орналасуға қайтадан өтініш беру мүмкіндігі сақталады.
3. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Орталықта тұру тәртібі мен мерзімдері
10. Орталықта тұратын оралмандар мен олардың отбасы мүшелері:
1) Өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Орталықтың тұрғын үй және қосалқы үй-жайларын, төсек-орнын пайдаланады;
2) Орталыққа орналасу және болу мәселелері бойынша Орталық басшылығына арыздар, қолдаухаттар және өзге де өтініштер береді;
3) уәкілетті орган бекіткен ішкі тәртіп ережелерімен танысады және оларды сақтайды;
4) бейімдеу және кіріктіру қызметтерін алады.
11. Орталық:
Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерін төсек-орын мен керек-жарақтарымен, оларды уақтылы ауыстыруды қамтамасыз етеді;
оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және кіріктіру қызметтерін көрсетеді.
12. Орталыққа оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінен басқа адамдарды орналастыруға тыйым салынады.
13. Өтініш білдірушілер Орталықта тұру тәртібін бұзған жағдайда Орталық жолдама берген аумақтық бөліністерге олардың Орталықта болуын мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныспен өтініш білдіреді.
14. Уәкілетті орган өтініш білдірушілердің Орталықта болуын мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс негізділігіне тексеріс жүргізеді және бір жұмыс күні ішінде оларды Орталықта қалдыру не болмаса шығару туралы шешім шығарады.
Шешім Оралманның отбасына немесе отбасының жекелеген мүшесіне қатысты шығарылады. Шешімдерді уәкілетті орган рәсімдейді.
15. Өтініш білдірушілердің Орталықта тұруы үш ай ішінде жүзеге асырылады.
16. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелері оларға ұсынылған үй-жайды олар Қазақстан Республикасының азаматтығын алған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей босатады.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 582 бұйрығына 2-қосымша
Оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында бейімдеу және кіріктіру қызметтерін көрсету қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында (бұдан әрі - Орталық) бейімдеу және кіріктіру қызметтерін көрсету қағидасы "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне Орталықта бейімдеу және кіріктіру қызметтерін көрсету тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бейімдеу және кіріктіру қызметтері - қоғамға бейімдеу және кіріктіру мақсатында оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне ұсынылатын қызметтер (ақпараттық, заңгерлік, әлеуметтік, медициналық және білім беру) кешені;
2) оралман – тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және осы Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде одан тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақ және оның Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін одан тыс жерде туған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары.
2. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және кіріктіру қызметтерін көрсету тәртібі
3. Орталықта уақытша тұратын оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне қазақстандық қоғамның әлеуметтік ортасына тезірек бейімделуі, және кірігіп кетуі үшін Орталықтың әкімшілігі бейімдеу және кіріктіру қызметтерінің кешенін көрсетеді.
4. Орталықта уақытша тұратын оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне мынандай:
1) ақпараттық және анықтамалық қызметтерді көрсету;
2) мемлекеттік тіл және қалауы бойынша орыс тілін оқыту;
3) Қазақстан Республикасының тарихын, мәдениеті мен салт-дәстүрін оқыту және шағын кәсіпкерлікті ашуға заңнамалар негіздері бойынша курстар өткізу;
4) әртүрлі мәдени іс-шаралар өткізу;
5) құқықтық қызмет (кеңестер, консультациялар және тіркелуге, квота аларда оралман мәртебесіне өтініш тапсыруға, азаматтық, әлеуметтік жәрдемақылар мен т.б. көмек көрсету) көрсету;
6) аударма қызметін көрсету;
7) жұмысқа орналастыру, кәсіптік даярлау, қайта даярлау өту және біліктілігін арттыру;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақысыз кепілді медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етуге көмек көрсету;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектер алуға көмек көрсету;
10) Қазақстанның азаматтығын алу мәселелеріне және құжаттандыруға көмек көрсету бойынша бейімдеу және кіріктіру қызметтері көрсетіледі.
5. Бейімдеу және кіріктіру қызметтерін сапалы қамтамасыз ету үшін Орталықтың әкімшілігі уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органдармен, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және мекемелермен өзара іс-қимыл жасасады.
Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында тұру қағидасына 1-қосымша
Нысан
ЖОЛДАМА
Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталықтарында тұру үшін
____________________________________________________________________
(Үміткердің Т.А.Ә. туған күні)
Отбасы мүшелері:
1.__________________________________________________________________
(Т.А.Ә., туған күні, туыстық дәрежесі)
2.__________________________________________________________________
(Т.А.Ә., туған күні, туыстық дәрежесі)
3.__________________________________________________________________
(Т.А.Ә., туған күні, туыстық дәрежесі)
4.__________________________________________________________________
(Т.А.Ә., туған күні, туыстық дәрежесі)
5___________________________________________________________________
(Т.А.Ә., туған күні, туыстық дәрежесі)
6.__________________________________________________________________
(Т.А.Ә., туған күні, туыстық дәрежесі)
жолданады.
____________облысы (қаласы)
Ішкі істер департаменті
Көші-қон полициясы басқармасының бастығы
/_____________/ ________________
(берілген уақыты)
Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында тұру қағидасына 2-қосымша
_________________облысы (қаласы) Ішкі істер департаменті Көші-қон полициясы басқармасының бастығына _______________________________ (үміткердің Т.А.Ә.)
Өтініш
Cізден мені және саны "_____" адамнан тұратын менің отбасы мүшелерімді Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығына орналастыруыңызды сұраймын.
_____________ _________________
(Күні) (Қолы)
Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында тұру қағидасына 3-қосымша
Нысан
Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында тұратын оралмандар мен олардың отбасы мүшелерін тіркеу ЖУРНАЛЫ
№ р/с | Өтініш иесінің Т.А.Ә. | Туған жері және күні | Шыққан елі | Өтінішті тіркеу күні және нөмірі | Жолдаманың нөмірі және берілген күні |
Басталды __________ Аяқталды __________
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |