Toggle Dropdown
8
Кейбiр акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметiн тиiмдi басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 21.11.2008 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Мемлекет тарапынан кейбiр акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметiн басқару мен бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Toggle Dropdown
1. 1-қосымшаға сәйкес кейбiр акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын немесе кейбiр республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға (бұдан әрi - РМК) қатысты мемлекеттік басқару органдары болып табылатын мемлекеттiк органдар (бұдан әрi - уәкiлеттi органдар) заңнамада белгiленген тәртiппен:
Toggle Dropdown
1) қоғамның директорлар кеңесiнiң (мемлекеттік басқару органының - РМК үшін):
Toggle Dropdown
ұйымның орталық аппараты қызметкерлерiнiң штатын;
Toggle Dropdown
ұйымның есепке алу саясатын бекiтуiн;
Toggle Dropdown
3) қоғамның директорлар кеңесi төрағасының (мемлекеттік басқару органының - РМК үшін) ұйымның атынан:
Toggle Dropdown
ұйымның қызметi мен оны дамытудың (қаржы-шаруашылық қызметiнiң жоспарын) орындаудың нәтижелерiне ұйымның бiрiншi басшысының жауапкершiлiгі мен материалдық ынталандырылуының тiкелей байланысты болуын көздейтiн ұйымның бiрiншi басшысымен келiсiм-шарт;
Toggle Dropdown
аудиторлық ұйыммен жыл сайынғы аудит жүргізуге шарт жасасуын;
Toggle Dropdown
4) басшысы қоғамның директорлар кеңесiнiң төрағасымен (мемлекеттік басқару органымен - РМК үшін) келiсiм бойынша тағайындалатын iшкi аудиттiң жеке құрылымдық бөлiмшесiнiң ұйымда болуын;
Toggle Dropdown
5) уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен міндетті аудитті жүргізу жөніндегі біліктілік талаптарға сәйкес келетін аудиторлық ұйымдардың қаржы жылының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына және Бухгалтерлердің халықаралық федерациясы жанындағы Халықаралық аудиторлық практика жөніндегі комитеттен Қазақстан Республикасында халықаралық қаржылық есептілік пен аудит стандарттарын ресми жариялауға жазбаша рұқсаты бар ұйым мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялаған халықаралық қаржылық есептілік пен аудит стандарттарына сәйкес ұйымның жыл сайынғы аудитінің жүргізілуін;
Toggle Dropdown
6) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiткен нысандар бойынша таралымы 30 мың данадан асатын қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында жылдық (аудиторлық ұйым куәландырған) және тоқсандық қаржы есептiлiгiнiң уақытылы жариялануын;
Toggle Dropdown
8) ұйым басшылары шетелдiк iссапарларының уәкiлеттi органмен келiсiлуiн;
Toggle Dropdown
9) қоғамның директорлар кеңесi төрағасының (мемлекеттік басқару органының - РМК үшін) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiткен нысандар бойынша ұйымның қаржы-шаруашылық қызметi туралы ұйым, оның еншiлес, тәуелдi ұйымдары және өзiнiң қатысу үлесiн есепке алу және қатысушылардың қаржылық есеп беруiнде оның ұйымдастыру-құқықтық нысандарына қарамастан, осы қызметтен алынатын активтердi, мiндеттемелердi, кiрiс пен шығысты көрсету үшiн бiрлескен қызметтi жүзеге асыратын ұйымдары (бұдан әрi - бiрлесiп бақыланатын ұйымдар) бөлiгiнде - жеке, сондай-ақ өспелi қорытындысымен - бiрiктiрiлген ақпаратты мынадай мерзiмдерде ұсынуын:
Toggle Dropdown
1-тоқсанның, жарты жылдықтың және 9 айдың қорытындылары бойынша - есептi кезеңнен кейiнгi екiншi айдың 1-күнiнен кешiктiрмей;
Toggle Dropdown
жылдықты - есептi кезеңнен кейiнгi төртiншi айдың 1-күнiнен кешiктiрмей;
Toggle Dropdown
10) ұйымның бiрiншi басшысының қоғамның директорлар кеңесi (мемлекеттiк басқару органы - РМК үшiн) алдында еншiлес, тәуелдi және бiрлесiп бақыланатын ұйымдарды басқару туралы, сондай-ақ еншілес, тәуелдi және бiрлесiп бақыланатын ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметi нәтижелерiнiң негiзгi ұйым қызметiнiң көрсеткiштерiне ықпалы туралы жарты жылдық есептер бepу жүзеге асыруын;
Toggle Dropdown
11) ұйымның бiрiншi басшысының қоғамның директорлар кеңесi (уәкiлеттi орган алдында - РМК үшiн) алдында ұйымның орта мерзiмдi жоспардың iске асырылуы туралы жыл сайын есеп берудi жүзеге асыруын қамтамасыз ететiн көрсетiлген ұйымдардың жарғыларына өзгерiстер мен/немесе толықтырулардың енгiзiлуiн қамтамасыз етсiн.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi 1-тармақтың 9) тармақшасында көрсетiлген ақпаратты Қазақстан Республикасының Yкiметiне берудi:
Toggle Dropdown
1-тоқсанның, жарты жылдықтың және 9 айдың қорытындылары бойынша - есептi кезеңнен кейiнгi екiншi айдың 10-күнiнен кешiктiрмей;
Toggle Dropdown
жылдықты - есептi кезеңнен кейiнгi төртiншi айдың 15-күнiнен кешiктiрмей қамтамасыз етсiн.
Toggle Dropdown
2-1. Осы қаулының 1-тармағының 5), 9) тармақшаларында көзделген iс-шараларды орындау мүмкiн болмаған жағдайда, осындай іс-шаралардың орындалу мерзiмiн уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен келiсiм бойынша ауыстыруы мүмкiн деп белгiленсiн.
Toggle Dropdown
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
3-1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi уәкiлеттi органдармен бiрлесiп, осы қаулыға 1-қосымшада көрсетiлген ұйымдардың даму жоспарлары мен бизнес жоспарларының құрылымына және мазмұнына бiрыңғай талаптарды әзiрлесiн әрi заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтсiн.
Toggle Dropdown
4. 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2001 жылғы 28 ақпандағы
N 290 қаулысына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Кейбір акционерлік қоғамдардың және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі
Toggle Dropdown
1. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
4. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
5. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
6. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
7. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
8. "Қазақстан Ғарыш сапары" ұлттық компаниясы" АҚ
Toggle Dropdown
9. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
10. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
11. "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" РМК
Toggle Dropdown
12. "Қазаэронавигация" РМК
Toggle Dropdown
13. "Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" АҚ
Toggle Dropdown
Ескертпе : аббревиатуралардың толық жазылуы :
Toggle Dropdown
АҚ - акционерлік қоғамы
Toggle Dropdown
РМК - республикалық мемлекеттік кәсіпорын
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2001 жылғы 28 ақпандағы
N 290 қаулысына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Кейбiр акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялар директорлар кеңестерiнiң құрамдары
Toggle Dropdown
1. "Қазақойл" ҰМК" ЖАҚ:
Toggle Dropdown
Еламанов Болат Далдайұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар бiрiншi вице-министрi, төраға;
Toggle Dropdown
Аманбаев Мұрат Ермұқанұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Басшысының орынбасары;
Toggle Dropdown
Мұртазаев Мұрат Арзаұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрi;
Toggle Dropdown
Иденов Мақсат Бағытұлы - Қазақстан Республикасы Президентiнiң кеңесшiсi (келiсiм бойынша);
Toggle Dropdown
Досаев Ерболат Асқарбекұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi;
Toggle Dropdown
Өтепов Эдуард Карлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары;
Toggle Dropdown
Балғымбаев Нұрлан Өтепұлы - "Қазақойл" ҰМК" ЖАҚ-ның президентi;
Toggle Dropdown
Дәукеев Серікбек Жүсіпбекұлы - Атырау облысының әкімі;
Toggle Dropdown
Қиынов Ләззат Кетебайұлы - Маңғыстау облысының әкімі.
Toggle Dropdown
2. "ҚазТрансОйл" ЖАҚ:
Toggle Dropdown
Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi, төраға;
Toggle Dropdown
Сафинов Қанатбек Бейсенбекұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Заң бөлiмiнiң меңгерушiсi;
Toggle Dropdown
Андрющенко Александр Иванович - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрi;
Toggle Dropdown
Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң төрағасы;
Toggle Dropdown
Құлыбаев Тимур Асқарұлы - "ҚазТрансОйл" ЖАҚ-ның президентi.
Toggle Dropdown
3. "Электр желiлерiн басқару жөнiндегі қазақстандық компания" ААҚ:
Toggle Dropdown
Нефедов Петр Петрович - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi, төраға;
Toggle Dropdown
Ыбырайымов Серiкхан Уәлиханұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнiң меңгерушiсi;
Toggle Dropdown
Әмрин Асқар Кемеңгерұлы - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Заң департаментiнiң директоры;
Toggle Dropdown
Комаров Геннадий Григорьевич - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитеті төрағасының орынбасары;
Toggle Dropdown
Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы - "Электр желiлерiн басқару жөнiндегi қазақстандық компания" ААҚ-ның президентi.
Toggle Dropdown
4. "Қазпочта" ААҚ:
Toggle Dropdown
Нәлiбаев Әбдiхалық Зәкiрұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар бiрiншi вице-министрi, төраға;
Toggle Dropdown
Абдулина Нәйлә Құрманбекқызы - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басқармасы Төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша);
Toggle Dropdown
Оразбақов Ғалым Iзбасарұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрi;
Toggle Dropdown
Кадюков Николай Викторович - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары;
Toggle Dropdown
Арыстанов Әркен Кеңесбекұлы - "Қазпочта" ААҚ басқармасының төрағасы.
Toggle Dropdown
5. "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" ЖАҚ:
Toggle Dropdown
Жәкiшев Мұқтар Еркiнұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi, төраға;
Toggle Dropdown
Мұртазаев Мұрат Арзаұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрi;
Toggle Dropdown
Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң төрағасы;
Toggle Dropdown
Шыналиев Ғазиз Қоршабекұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi;
Toggle Dropdown
Қасабеков Асқар Серiкбайұлы - "Қазатомөнеркәсiп" ҰАҚ" ЖАҚ-тың президентi.
Toggle Dropdown
6. "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" ЖАҚ:
Toggle Dropdown
Жәмiшев Болат Бидахметұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы бiрiншi вице-министрi, төраға;
Toggle Dropdown
Мырзахметов Асқар Исабекұлы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрi;
Toggle Dropdown
Босс Владимир Оттович - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары;
Toggle Dropdown
Комаров Геннадий Григорьевич - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттік меншiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары;
Toggle Dropdown
Смағұлов Нұрлан Еркебұланұлы - "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" ЖАҚ-ның президентi.
Toggle Dropdown
7. "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ:
Toggle Dropdown
Коржова Наталья Артемовна - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi, төрайым;
Toggle Dropdown
Айманбетова Гүлбану Зарлыққызы - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басқармасы Төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша);
Toggle Dropdown
Бахмутова Еленеа Леонидовна - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi;
Toggle Dropdown
Аймағамбетов Көпжасар Төленұлы - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесi Экономикалық бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi;
Toggle Dropdown
Сүлейменов Серiк Жүсiпұлы - "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның директоры.
Toggle Dropdown
8. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ:
Toggle Dropdown
Зверьков Вадим Павлович - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар вице-министрi, төраға;
Toggle Dropdown
Абдулина Нәйлә Құрманбекқызы - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басқармасы Төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша);
Toggle Dropdown
Өтеулина Хафиза Мұхтарқызы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi;
Toggle Dropdown
Рахметов Нұрлан Құсайынұлы - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс вице-министрi;
Toggle Dropdown
Кадюков Николай Викторович - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк меншiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары;
Toggle Dropdown
Оразалинов Дулат Сұлтанұлы - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнiң консультанты;
Toggle Dropdown
Гусак Дмитрий Иосифович - "Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ-ның президентi;
Toggle Dropdown
Мәжiренов Жомарт Рахымбекұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң департамент бастығы (келiсiм бойынша).
Toggle Dropdown
10. "Қазақтелеком" ААҚ:
Toggle Dropdown
Нәлібаев Әбдiхалық Зәкiрұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары, төраға;
Toggle Dropdown
Өтепов Эдуард Карлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары;
Toggle Dropdown
Бектасов Әбен Ағыбайұлы - "Қазақтелеком" ААҚ-ның президентi;
Toggle Dropdown
Есенғараев Асқар Батылханұлы - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитетінің төрағасы.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2001 жылғы 28 ақпандағы
N 290 қаулысына
3-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнің тiзбесi
Toggle Dropdown
1. "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөнiндегi ұлттық компания" жабық акционерлiк қоғамының жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 10 наурыздағы N 216 қаулысы 1-тармағының 2) тармақшасы.
Toggle Dropdown
2. "Кейбiр акционерлiк қоғамдардың жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 26 наурыздағы N 308 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 10, 92-құжат).
Toggle Dropdown
3. "Азық-түлiк келiсiм-шарт" корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 17 қыркүйектегi N 1404 қаулысы.
Toggle Dropdown
4. "КЕGОС" электр желiлерiн басқару жөнiндегi қазақстандық компания" ашық акционерлiк қоғамының жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 қазандағы N 1628 қаулысы.
Toggle Dropdown
5. "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының Директорлар кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 17 қарашадағы N 1740 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 500-құжат).
Toggle Dropdown
6. "Эйр Қазақстан тобы" жабық акционерлiк қоғамының жекелеген мәселелерi және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 2026 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 58, 577-құжат).
Toggle Dropdown
7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 26 наурыздағы N 308 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 15 наурыздағы N 404 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 15, 153-құжат).
Toggle Dropdown
8. "Кейбiр акционерлiк қоғамдардың жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 18 шілдедегі N 1083 қаулысы.
Toggle Dropdown
9. "Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 15 тамыздағы N 1261 қаулысы.
Toggle Dropdown
10. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 қазандағы N 1628 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қарашадағы N 1766 қаулысы.