• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 Қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 17.07.2023 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 8 қазан N 1298

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.07.2023 жылғы № 602 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 
1. "Кейбiр акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметiн тиiмдi басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 8, 85-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн: 
1) мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: 
"2-1. Осы қаулының 1-тармағының 5), 7), 9) тармақшаларында көзделген iс-шараларды орындау мүмкiн болмаған жағдайда, осындай іс-шаралардың орындалу мерзiмiн уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен келiсiм бойынша ауыстыруы мүмкiн деп белгiленсiн."; 
2) көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада: 
1-тармақта: 
"Палымбетов Болат Әбiлқасымұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрi" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: 
"Мұртазаев Мұрат Арзаұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрi"; 
3-тармақта: 
"Палымбетов Болат Әбiлқасымұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрi 
Дүкенбаев Кенжемұрат Дүкенбайұлы - "Электр желiлерiн басқару жөнiндегi қазақстандық компания" ААҚ-ның президентi" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: 
"Әмрин Асқар Кемеңгерұлы - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Заң департаментiнiң директоры 
Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы - "Электр желiлерiн басқару жөнiндегi қазақстандық компания" ААҚ-ның президентi"; 
4-тармақта: 
"Оразбақов Ғалым Iзбасарұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: 
"Оразбақов Ғалым Iзбасарұлы - Қазақстан Республикасының Экономика 
және сауда вице-министрi";
     8-тармақта:
     "Тоқсейiтов Рахымберген Құрманғалиұлы - Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттiк кiрiс бiрiншi вице-министрi" деген жол мынадай редакцияда 
жазылсын:
     "Рахметов Нұрлан Құсайынұлы - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк 
кiрiс вице-министрi";
     мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
     "Мәжiренов Жомарт Рахымбекұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық 
қауiпсiздiк комитетiнiң департамент бастығы (келiсiм бойынша)".
     
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі