Bestprofi Logo

Қаулы № 1354 от 2012-10-24г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 03.09.2015 г.

Документ на казахском языке

Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1354 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 3 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 21.08.2015 жылғы № 657 Қаулысына сәйкес Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 750 Қаулысына сәйкес «Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 30.03.2015 жылғы № 246 Бұйрығын қараңыз

«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 24) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1354 қаулысымен бекітілген

Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидалары

1. Осы Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 24) тармақшасына сәйкес әзірленген және тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану тәртібін айқындайды.

2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) оқшауландырылған бейтараптық – жерге тұйықталатын құрылғыға қосылмайтын немесе оған өлшейтін, қорғайтын, сигнализация құрылғылары және жоғары кедергіге ие басқа да ұқсас құрылғылар арқылы жалғанатын трансформатордың немесе генератордың бейтараптығы;

2) бейтараптық – электр жабдығының сымды орамаларының (элементтерінің) жұлдызшасына жалғанған жалпы нүктесі;

3) жерге саңылаусыз қосылатын бейтараптық – трансформатордың немесе жерге тұйықталған құрылғыға тікелей қосылған генератордың бейтараптығы;

4) тұтынушы – шарт негізінде электр энергиясын тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;

5) жедел ток желісі – көрсетілген операцияларды орындау үшін электр қондырғыларын басқару, автоматтандыру, қорғау және сигнализациямен қамтуда пайдаланылатын электр энергиясын жеткізу мен таратуға арналған ауыспалы немесе тұрақты токтың электр желісі;

6) жинақтамалы тарату құрылғысы – жиналған немесе жинау үшін толықтай дайындалған коммутациялық аппараттары, жабдықтары, қорғау және автоматтандыру құрылғылары кіріктірілген толықтай немесе ішінара жабық шкафтар мен блоктардан тұратын жекелеген желі бойынша электр энергиясын таратуға арналған құрылғы, жинақтамалы тарату құрылғысы ішкі қондырғыға арналады, жинақтамалы тарату құрылғысы сыртқы қондырғыға арналады;

7) жинақтамалы трансформаторлық (түрлендіргіш) қосалқы станция – жинақталған немесе жинау үшін толықтай дайындалып қойылған трансформаторлар (түрлендіргіштер) мен блоктардан тұратын қосалқы станция. Жинақтамалы трансформаторлық (түрлендіргішті) қосалқы станциялар немесе олардың жабық үй-жайларда орнатылатын бөліктері ішкі қондырғыларға; ал далада қойылатыны – сыртқы қондырғыларға жатады;

8) жұмыс істеп тұрған электр қондырғысы – кернеулі немесе кернеу коммутациялық аппараттарды іске қосу арқылы берілуі мүмкін электр қондырғысы немесе оның бөлігі;

9) қосарланушылық – электр қондырғысын басқару және жұмыс барысында бақылайтын жауапты басшының рұқсат етуімен негізгі қызметшінің өз жұмыс орнында басқа да қызметтерді атқару;

10) жылжымалы электр қабылдағыш – көлік құралдарының көмегімен немесе қолмен итеріп апару арқылы орнына орналастыру мүмкіндігі қамтамасыз етілетін, ал ток көзіне қосылуы икемді кәбіл және уақытша алынып, салынатын немесе бөлшектенетін түйіспелі жалғамалар көмегімен жүзеге асырылатын конструкциясы болатын электр қабылдағышы;

11) кіріктірілген қосалқы станция – ғимараттың бір бөлігін алатын қосалқы электр станциясы;

12) қалыпты оқшауланатын электр жабдығы – асқын кернеуден қорғайтын әдеттегі шаралар кезінде найзағайдың асқын кернеуі әсеріне ұшырайтын электр қондырғыларында қолдануға арналған электр жабдығы;

13) жарылыстан қорғалған электр техникалық бұйым (электр техникалық құрылғы, электр жабдығы) – бұйымды пайдалану нәтижесінде оның қауіпті жарылысы болатын қоршаған ортасының тұтанып жану мүмкіндігі жойылған немесе қиындатылған арнайы мақсаттағы электр техникалық бұйым (электр техникалық құрылғы, электр жабдығы);

14) құрама шиналар жүйесі – электр тарату құрылғысы жалғайтын элементтер жинағы;

15) нысаналы нұсқаулық – нарядпен немесе жарлықпен анықталатын наряд берген жұмысшылардың бригада мүшесіне немесе атқарушыға дейін қамтитын жұмысшылар санатына электр қондырғысымен қауіпсіз нақты жұмыс істеу бойынша нұсқау;

16) нормаланбаған өлшенетін шама – абсолютті мәні нормалармен регламенттелмеген шама. Мұндай жағдайда электр жабдығының жай-күйіне баға беру алдыңғы өлшемдердің деректерімен немесе бір типтік электр жабдығында жасалатын қалған жинақтар нәтижесінде алынатын ұқсас өлшемдердің жақсы сипаттамалы мәндерімен салыстыру арқылы атқарылады;

17) жеңіл оқшаулағышы бар электр жабдығы – найзағайдың асқын кернеуі әсеріне ұшырамайтын немесе найзағайдың асқын кернеуі амплитудасын шектеп, қорғайтын арнайы шаралар кезінде электр қондырғыларында қолдануға арналған электр жабдығы;

18) өнеркәсіптік жиіліктің сынаулы кернеуі – сынауда белгілі бір жағдай туындаған кезде электр жабдығының берілген ішкі және/немесе сыртқы оқшаулағыш уақыты ішінде сақтайтын айнымалы токтың 50 герц (Гц) кернеуінің қолданыстағы мәні;

19) пайдалану – бұйымның өз мақсатына қол жеткізілуі іске асырылатын, қолдау табатын немесе қалпына келтірілетін тіршілік циклінің кезеңі;

20) тартымдық қосалқы станция – негізінен, көлік құралдарының түйіспелі торабы арқылы электрлік тартымына ток беруге арналған электрлік қосалқы станция;

21) техникалық қызмет көрсету – бұйымды мақсаты, сақталуы және тасымалдануы бойынша пайдалану кезінде оның жұмыс істеу қабілетін немесе жарамдылығын сақтау операцияларының кешені немесе операция (ұсақ-түйек жөндеуді қоса алғанда);

22) ток сымы – электр станциясы, қосалқы станция, кәсіпорын немесе цех шегінде электр энергиясын беруге және таратуға арналған, оқшаулағыштар мен құрылымдары бар шиналар немесе сымдар түрінде жасалған құрылғы;

23) күш беретін электрлік тізбек – функционалдық мақсаты электр энергиясын өндіру немесе беру, оны тарату, параметрлердің басқа мәндерімен энергияның немесе электр энергиясының басқа түріне түрлендіру болатын элементтерді қамтитын электрлік тізбек;

24) трансформаторлық қосалқы станция – трансформатордың көмегімен бір кернеулі электр энергиясын басқа кернеуге түрлендіруге арналған электрлік қосалқы станция;

25) түзетілген сыналатын кернеу – сынаудың белгілі бір шарттары кезінде берілген уақыт ішінде электр жабдығына салынатын түзетілген кернеудің амплитудалық мәні;

26) түрлендіргіш қосалқы станция – ток түрін немесе оның жиілігін түрлендіруге арналған электрлік қосалқы станция;

27) электр техникалық бұйымның (құрылғының) блокталуы – бұйымның басқа бөлігінің белгілі бір жай-күйі немесе жағдайы болатын кезде оның кернеудегі бөліктеріне кіру мүмкіндігі болмайтын немесе шиеленісе түсетін жағдайдың туындауын болдырмау мақсатында бұйымның бір бөлігі орындайтын операцияны шектеуге немесе тоқтатуға арналған электр техникалық бұйымның (құрылғының) бөлігі;

28) электр берудің әуе желісі – электр энергиясын жер үстінде орналасқан және оқшаулағыштар мен арматуралар көмегімен тіреуіштерге немесе инженерлік құрылыстардағы (көпірлердегі, жол сымдарындағы) кронштейндерге және тіректерге бекітілетін сымдар арқылы электр энергиясын жеткізуге арналған құрылғы. Электр берудің әуе желісінің басы мен соңына желілік порталдары немесе тарату құрылғысының желілік кірмелері, ал тармақталуы үшін тармақталу тіректері мен желілік порталдар немесе тарату құрылғылардың желілік кірмесі қабылданады;

29) электр берудің қосалқы тізбектері (электр станциясы, қосалқы станциялар немесе кез келген электр қондырғылары) – құралдар мен электр автоматикасын басқаруын, электр қондырғысының блокталуын, өлшенуін, қорғалуын және сигнализациясын жалғастырушы электр сымдары мен кәбілдердің, қысқыш қатарларының жиынтығы;

30) электр энергиясының көзі – энергияның әр алуан түрін электр энергиясына түрлендіретін электр техникалық бұйым (құрылғы);

31) электр берудің кәбілдік желісі – электр энергиясын немесе оның жекелеген тізбегін беру үшін жалғамалы, кідірткі және шеткі муфталармен (бітеулермен) және бекіткіш бөлшекті бір немесе бірнеше қатар кәбілдерден, ал май толтырылатын кәбілдік желілер үшін, одан басқа, қуат алатын аппараттары мен май қысымы сигнализациясының жүйесінен тұратын желілер;

32) электр беру желісі – электр станциясы немесе қосалқы станция аумағынан тыс шығатын және электр энергиясын беруге арналған электр желісі;

33) электр энергиясын қабылдағыш (электр қабылдағыш) – электр энергиясын тұтынатын және оны пайдалану үшін энергияның басқа түріне айналдырушы аппарат, агрегат, механизм немесе кез келген құрылғы;

34) электр станциясының (қосалқы станцияның) принципті электр схемасы – электр станциясының (қосалқы станцияның) электр тогы жүретін бөлігінің жұмыс принципі туралы мағлұмат беруші, жабдықтың құрамын және оның байланысын кескіндеуші схема;

35) электр қондырғысын (электр станциясын, қосалқы станцияны, сорғы станциясын) басқару қалқаны – бір үй-жайда орналастырылған электр қондырғысының жекелеген агрегаттарын басқару, қадағалау және қорғау құрылғылары бар панельдер мен қалқандарының жиынтығы;

36) тұтынушының электр торабы – белгілі бір аумақта жұмыс істейтін қосалқы станциядан, тарату құрылғыларынан, ток өткізгіштерден, электр қуатын беретін әуе және кәбілді желілерден құралатын электр энергиясын беруге және таратуға арналған электр қондырғыларының жиынтығы;

37) электр тарату пункті – қосалқы станцияның құрамына кірмейтін электр тогын таратушы құрылғы;

38) электр тогын таратушы құрылғы – коммутациялық аппараттарды, құрама және жалғамалы шиналарды, қосалқы құрылғыларды (компрессорлық қондырғылар, аккумуляторлық батареялар), сонымен қатар қорғау автоматика құрылғыларын және өлшегіш аспаптарды қамтитын және электр энергиясының бір кернеуде қабылданып, таратылуы үшін қызмет ететін электр қондырғысы;

39) электр сымы – құрылыстар мен ғимараттардың беткі немесе ішкі құрылымдық құрылыс элементтері бойынша салынатын сымдар мен кәбілдердің, оларға бекітілген, ұстап тұратын және қорғауыш бөлшектердің жиынтығы;

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание