Toggle Dropdown
Осы редакция 30.11.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінiң ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы N 14 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгінің облыстық, қалалық және аудандық жер ресурстарын басқару комитеттерi - мемлекеттiк мекемелерi Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық басқармалары және аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардағы бөлiмдерi болып қайта аталсын.
3. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігіне төрағаның үш орынбасары болуына рұқсат етілсiн.
4. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен бiр ай мерзiмде:
1) қайта аталған мемлекеттiк мекемелердiң құрылтай құжаттарын бекiтсiн және олардың әдiлет органдарында қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыны iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Yкiметінің
2005 жылғы 14 қаңтардағы
N 14 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi туралы ереже
1. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі (бұдан әрі - Агенттiк) Үкiметтiң құрамына кiрмейтiн, заңнамада көзделген шектерде арнайы атқару, рұқсат ету және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ жер ресурстарын мемлекеттiк басқару саласында топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
2. Агенттiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Агенттiктiң ережесi мен оның штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
4. Агенттiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдарында шоттары болады.
Агенттiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Агенттiктiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкiлеттi болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
5. Агенттік өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Төрағаның бұйрықтарымен рәсiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
6. Агенттiктiң облыстарда және Астана, Алматы қалаларында заңды тұлғалар болып табылатын аумақтық органдары болады.
7. Агенттiктiң заңды мекен-жайы:
473000, Астана қаласы, Желтоқсан көшесi, 41.
8. Агенттiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi" мемлекеттiк мекемесi.
9. Осы Ереже Агенттiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
10. Агенттiктiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Агенттікке Агенттіктiң бақылау және қадағалау функциялары болып табылатын міндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Агенттікке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
2. Агенттiктiң негiзгі міндеттерi, функциялары және құқықтары
11. Агенттiктiң негізгi мiндеттерi:
1) жер ресурстарын басқару, жер қатынастарын реттеу, геодезия және картография саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзу;
2) жер ресурстарын басқару жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру, жерге орналастыру, геодезия және картография жөнiндегі iс-шараларды әзiрлеу және iске асыру;
3) мемлекеттiк геодезиялық қадағалауды жүзеге асыру және тиiстi ақпаратты қорғау болып табылады.
Агенттiк заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функциялар:
жер заңнамасын қолдану практикасын жинақтау және оны жетiлдiру геодезия және картография саласында бiрыңғай мемлекеттiк және ғылыми-техникалық саясат жүргiзу;
нормативтiк құқықтық кесiмдер мен геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзуге арналған техникалық талаптарды әзiрлеу, бекiту және қолданысқа енгiзу, геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiнiң осы талаптарды сақтауын қадағалауды жүзеге асыру және олардың дұрыс қолданылуын бақылау мемлекеттiк құпияларға жататын топографиялық-геодезиялық, картографиялық және аэросуретке түсiру материалдарын пайдаланудың тәртiбiн белгiлеу;
жер қатынастарын реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң бекiтуiне енгiзу;
жерге орналастыру және мемлекеттiк жер кадастры жөнiндегi нормативтiк құқықтық кесiмдердi бекiту;
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi паспортының нысанын бекiту;
жер-кадастрлық құжаттаманың құрылымын, құрамын, мазмұнын және нысандарын белгiлеу;
өз құзыретiне кiретiн, жердi беру және оны алып қою, жердi бiр санаттан басқасына ауыстыру мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң жобаларын дайындау;
2) мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн функциялар:
мемлекеттік жер кадастрын жүргiзудi ұйымдастыру және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер теңгерiмiнiң деректерi негiзiнде Қазақстан Республикасының жер теңгерiмiн жасау;
жердiң мониторингiн жүргізудi ұйымдастыру;