Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы N 1158 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің өңіраралық жер инспекциялары - мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылсын.
2. "Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы N 14 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 1, 7-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі туралы ереже осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
1-тармақтың 2) тармақшасы, 2, 3-тармақтар алынып тасталсын.
3. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы N№1158 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің өңіраралық жер инспекциялары - мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Қарағанды облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Астана қалалық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы біріктіру жолымен Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Ақмола, Қарағанды облыстары және Астана қаласы бойынша өңіраралық жер инспекциясы.
2. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Ақтөбе облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы біріктіру жолымен Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясы.
3. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Алматы қалалық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы біріктіру жолымен Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша өңіраралық жер инспекциясы.
4. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Атырау облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Маңғыстау облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы біріктіру жолымен Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясы.
5. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Жамбыл облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Қызылорда облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы және Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы біріктіру жолымен Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша аумақаралық жер инспекциясы.
6. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Қостанай облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы біріктіру жолымен Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясы.
7. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Павлодар облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы біріктіру жолымен Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы N 1158 қаулысына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Үкіметтің құрамына кірмейтін, жер ресурстарын басқару, сондай-ақ геодезиялық және картографиялық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын, заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді және өзге де арнайы атқарушылық және рұқсат ету функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Агенттіктің заңды тұлғалар болып табылатын өңіраралық жер инспекциялары болады.
2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Агенттіктің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілетті болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
6. Агенттік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Агенттік төрағасының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Агенттіктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
8. Агенттіктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, 35-көше, 8-үй, 12-кіреберіс.
9. Агенттіктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Агенттіктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Агенттікке Агенттіктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
13. Егер Агенттікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Агенттіктің негізгі міндеттері мен функциялары
14. Агенттіктің өз қызметі саласындағы негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) жер ресурстарын басқару, геодезиялық және картографиялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыруға қатысу;
2) жер ресурстарын басқару, геодезиялық және картографиялық қызмет саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
3) Агенттікке өз құзыреті шегінде жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
15. Агенттік қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) жер заңнамасын қолдану практикасын қорыту және оны жетілдіру;
2) өз құзыреті шегінде халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру;
3) жер қатынастарын реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізу;
4) жерге орналастыру және мемлекеттік жер кадастры жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
5) жерлерді пайдалану және қорғау мәселелерін қозғайтын республикалық бағдарламаларға, жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
6) орталық және жергілікті атқарушы органдармен жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
7) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері паспортының нысанын бекіту;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |