• Мое избранное
Амбулатория-емхана көмегін көрсету ережелерін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 26.11.2009 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Амбулатория-емхана көмегін көрсету ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 874 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 29 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3315

Күші жойылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 26.11.2009 № 794 бұйрығымен. (15.12.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
"Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 17, 21, 28, 44-баптарын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН : 
1. Қосымшаға сәйкес амбулатория-емхана көмегін көрсету ережесі бекітілсін. 
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының (келісім бойынша) денсаулық сақтау, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармаларының (департаменттерінің), өзінің құрамында амбулатория-емхана бөлімшелері бар мемлекеттік республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары осы бұйрыққа сәйкес халыққа амбулатория-емхана көмегін ұйымдастыру мен көрсетуді қамтамасыз етсін. 
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Емдеу алдын-алу ісі, аккредиттеу және ақпаратты талдау департаменті (Нерсесов А.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Әкімшілік департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми жариялауға жіберсін. 
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі С.Ә.Диқанбаеваға жүктелсін. 
6. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Министрдің 
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау министрінің
 2004 жылғы 15 желтоқсандағы
 N 874 бұйрығына 1 қосымша
 "Амбулатория-емхана көмегін
 көрсету ережелері туралы"
Амбулатория-емхана көмегін көрсету ережесі 
1. Жалпы ережелер 
1. Осы Ереже амбулатория-емхана көмегін көрсету және бастапқы-медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына азаматтарды тіркеу тәртібін белгілейді. 
2. Ереже меншік нысаны мен ведомстволық тиістілігіне қарамастан амбулатория-емхана көмегін көрсететін медициналық ұйымдарға таралады.
2. Амбулатория-емхана көмегін көрсету 
3. Амбулатория-емхана көмегі "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына сәйкес (бұдан әрі - Заң) фельдшерлік немесе фельдшерлік-акушерлік пункттерде, ауылдық (отбасылық) дәрігерлік амбулаторияларда, ауылдық учаскелік ауруханаларда, аудандық (орталық) ауруханалардың жанындағы емханаларда, балалар, әйелдер консультацияларын қоса алғанда аумақтық қалалық емханаларда азаматтарды тіркеген жері бойынша өзге де амбулаториялық-емханалық ұйымдарда бастапқы медициналық-санитарлық көмек (бұдан әрі - БМСК), білікті және мамандандырылған медициналық көмек түрінде ұсынылады. 
4. Амбулатория-емхана көмегін учаскелік терапевтер, педиатрлар, акушер-гинекологтар, жасөспірімдер кабинеттерінің дәрігерлері, жалпы практика дәрігерлері, фельдшерлер, акушерлер, жеке үй-жайы жоқ медицина қызметкерлері (бұдан әрі - БМСК мамандары) және бейін мамандары көрсетеді.
5. Амбулатория-емхана көмегі Заңның 13-бабына сәйкес уәкілетті орган бекіткен денсаулық сақтау стандарттарына, сондай-ақ уақытша жұмысқа жарамсыздық сараптамасына сәйкес алдын алу, диагностикалық және емдеу қызметтерін қамтиды. 
6. Алдын алу қызметтері өзіне алдын алу тексерулерін, иммундауды, алдын алу емдеуін, оның ішінде бактериофагирлеу, эпидемиологиялық айғақтар бойынша зертханалық зерттеулер жүргізу, санитарлық-гигиеналық, індетке қарсы іс-шараларды, қауіпсіз су және ұтымды тамақтандыру жөніндегі түсіндіру жұмысын, салауатты өмір салтын қалыптастыруды, отбасын жоспарлау мен ұрпақты болу денсаулығын сақтауды қамтиды. Науқастарды жыл сайын алдын алу тексерулері мен диспансерлеуді жүргізу, одан кейін динамикалық бақылау, сауықтыру қолданыстағы заңға сәйкес жүзеге асырылады.
7. Диагностикалық қызметтер өзіне БМСК маманының жолдамасы бойынша бастапқы медициналық-санитарлық көмек, бейін мамандарының тексеруін, сондай-ақ БМСК маманының және/немесе бейін маманының жолдамасы бойынша зертханалық және аспаптық зерттеулерді қамтиды.
8. Емдеу қызметтері өзіне медициналық ұйымдардың шығыс материалдарын пайдалана отырып, шұғыл көмек көрсетуді, жоспарлы емдік манипуляцияларды (инъекциялар, физиоем-шаралар, дәке, қатайтатын таңғыштар, шендеуіштер салу, хирургиялық, гинекологиялық, урологиялық, офтальмологиялық, оториноларингологиялық және басқа да амбулаториялық ем-шаралар), стоматологиялық көмекті, сондай-ақ Заңның 44-бабына сәйкес уәкілетті орган бекіткен аурулар түрлері мен халықтың жекелеген санаттарының тізбесіне сәйкес дәрілік қамтамасыз етуге (оның ішінде тегін/жеңілдікті) рецептер беруді қамтиды.
9. Амбулатория-емхана ұйымдарында уақытша еңбекке жарамсыздықты сараптау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес жүргізіледі.
10. Шұғыл амбулатория-емхана медициналық көмегі тіркеу фактісіне қарамастан тегін көрсетіледі.
11. Тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне кіретін жоспарлы амбулатория-емхана көмегі тіркелген азаматтарға тек алдын ала жазылу немесе өтініш бойынша көрсетіледі. 
12. "2005 жылға арналған тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы N 1348 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің тізбесімен (бұдан әрі - ТМККК тізбесі) халықтың жекелеген әлеуметтік-қорғалатын санаттарына амбулатория-емхана көмегінің қосымша түрлерін қарастырған жағдайларда оны алу үшін азаматтар амбулатория-емхана ұйымына олардың тиісті санатқа жататындығын нақтылайтын ресми құжаттарды ұсынуы тиіс. Қараныз 
13. Тіркелген азаматтар алғаш, сондай-ақ ақылы негізде қаралған жағдайда тіркеу орнында бастапқы есепке алу медициналық құжаты болып табылатын амбулаториялық науқастың (баланың даму тарихы) медициналық картасы ресімделеді және медициналық ұйымның тіркеу орнында сақталады. Амбулаториялық картаның сақталуына аға тіркеуші, ал фельдшерлік-акушерлік және фельдшерлік пункттерде - БМСК маманы жауапты болады.
14. Емделуші алғаш қаралған кезде міндетті тексеру минимумы дәрігерге дейінгі/дәрігерлік тексеруді, қанның жалпы талдауын (лейкоциттердің, гемоглобиннің санын, эритроциттердің шөгу жылдамдығын анықтау), несептің жалпы талдауын, мерезге микрореакцияны, кеуде клеткасы мүшелерінің флюорографиясын қамтиды.
15. Денсаулық жағдайы және ауруының сипаты бойынша амбулатория-емхана ұйымдарына бара алмайтын, не медициналық айғақтары бойынша алдын ала (алдын алу) іс-шараларын жүргізуді қажет ететін адамдарға медициналық көмекті БМСК мамандары, не шақыруды тіркеген күні БМСК мамандарының өтінімі бойынша бейін мамандары үйде көрсетеді.
16. Амбулатория-емхана ұйымына қаралуға келген емделушілерді денсаулық сақтау стандарттарына сәйкес медициналық айғақтары бойынша зерттеулер жүргізуге және жоспарлы ауруханаға жатқызуға жолдама беруді БМСК мамандары жүзеге асырады.
17. Амбулатория-емхана ұйымында ТМККК тізбесінде көзделген зертханалық-аспаптық зерттеулер жүргізу үшін қажетті жабдықтар болмаған жағдайда тіркелген азаматтар осы зерттеулерге денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары белгілеген тәртіппен оларды тегін жасайтын басқа медициналық ұйымдарға жіберіледі.
18. Амбулатория-емхана деңгейінде дәрілік қамтамасыз ету қолданыстағы заңға сәйкес жүзеге асырылады. Рецептер нақты дәріхана ұйымының атауы көрсетілмеген тек бекітілген үлгідегі бланктерде жазылады. Дәріхана объектілері жоқ елді мекендердегі амбулатория-емхана ұйымдарының, ауылдық/отбасылық дәрігерлік амбулаториялардың, фельшерлік және фельдшерлік-акушерлік пункттердің медицина қызметкерлеріне, осы қызметтің түріне аттестатталған медицина қызметкерлерін қоспағанда, дәрілік заттар мен биологиялық белсенді қоспаларды сатуға жол берілмейді. 
19. Амбулатория-емхана көмегін көрсететін ұйымдарда пайдаланылатын бастапқы есепке алу медициналық құжаттамасы тек бекітілген үлгіде толтырылады.
3. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін  
 амбулатория-емхана ұйымына азаматтарды тіркеу 
20. Тіркеу - бұл амбулатория-емхана көмегін көрсету бойынша БМСК ұйымдарының міндеттерін тіркеу және оны тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде азаматтардың алуын іске асыру.
21. Азаматтарды БМСК ұйымдарына тіркеу тіркелген, тұрақты немесе уақытша тұрған, жұмыс, оқу орны бойынша, сондай-ақ медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы бойынша жүзеге асырылады.
22. Азамат тек бір бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымына тіркелуі мүмкін.
23. Осы ережеге қоса беріліп отырған N 057/е нысанды талонға сәйкес медициналық ұйымға тіркеу талоны (бұдан әрі - талон) азаматтың БМСК ұйымына тіркелгендігі туралы куәландыратын құжат болып табылады.
24. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымына тіркелу үшін азамат мынадай құжаттарды ұсынады: 
өтініш; 
жеке басының куәлігі (паспорт, туу туралы куәлік) немесе оның нотариалды расталған көшірмесі. 
Ал тіркеу орнын өзгерткен жағдайда одан басқа, қосымша бұрынғы тіркеу орны бойынша берілген талонның жыртылмалы түбіртегі (тіркеуден шығару талоны).
25. БМСК ұйымдары азаматтар өздігінен қаралған жағдайда, сондай-ақ тіркелген аумақты аулалық тексерулер арқылы тіркеуді жүзеге асырады.
26. Денсаулық жағдайы бойынша өздігінен келуге мүмкіндігі жоқ адамдарды БМСК ұйымдарына тіркеу олардың тұрған жері бойынша БМСК ұйымдары қызметкерлерінің жазбаша немесе ауызша өтініші бойынша жүргізіледі.
27. БМСК ұйымдары азаматтарға, учаскеде тіркелген халықтың саны нормативтерден артпайтын болса, тіркеуге қарсылық білдіруге құқығы жоқ. 
Бұндай жағдайларда азаматтарды басқа БМСК ұйымдарына тіркеу немесе медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы бойынша жүзеге асырылады.
28. БМСК ұйымдарына азаматтардың тіркелуін өзгертуге мынадай жағдайда жол беріледі: 
тіркелу, тұрақты немесе уақытша тұратын, жұмыс немесе оқу орнын өзгертуін құжат бойынша растаған жағдайда, сондай-ақ амбулатория-емхана ұйымын қайта ұйымдастырған немесе таратқан жағдайда шектелмейді; 
азамат медициналық ұйымды еркін таңдаған жағдайда денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органы белгілеген мерзімдерінде жылына біреуден жиі емес.
29. Тіркеуді өзгерткен жағдайда талон БМСК ұйымында сақталады, ал азаматқа оның жыртылмалы түбіртегі (тіркеуден шығару талоны) беріледі.
30. Азамат БМСК ұйымына тіркелуді еркін таңдаған жағдайда оған үйде қызмет көрсету туралы осы ұйымның мамандарымен ертерек келісіледі және Талонда көрсетіледі.
31. БМСК ұйымы тіркелген халық туралы ақпаратты денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органына ұсынады.
                                 Амбулатория-емхана көмегін 
                                   көрсету Ережесіне қосымша
                                              057/е нысаны
      Медициналық ұйымдарға тіркеу талоны 
                                        ___________________________ 
                                  Нысанның ТКЖК бойынша коды 
                                  ҚҰЖК бойынша ұйым коды 
 ___________________________________________________________________ 
 Қазақстан Республикасы      |     |Қазақстан Республикасы 
 Денсаулық сақтау министрлігі|     |Денсаулық сақтау министрінің 
                             |     |2004 жылғы 15 желтоқсан N 874 
                             |     |бұйрығымен бекітілген 
                             |     |N 057/е нысанды 
                             |     |Медициналық құжаттама 
 ____________________________|     |________________________________ 
 Ұйымның атауы               |     | 
 ___________________________________________________________________
Медициналық ұйым __________________________________________________ 
                                  _______________________ 
 Медициналық тіркеу нөмірі (МТН) |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
Амбулаториялық картаның N ____________ Учаскенің N ________________
      МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРҒА ТІРКЕУ ТАЛОНЫ 
1. Тегі ___________________________________________________________ 
 Аты ____________________________ Әкесінің аты  ____________________ 
                                          _      _        _ 
 2. Туған күні (кк/аа/жж) __/__/__/ ж. 3. Жынысы |_| ер |_| әйел |_| 
 4. Ұлты ___________________ 5. Азаматтық __________________________ 
 6. Туған жері: ел ______________ Өңір (облыс) _____________________ 
 Аудан, қала __________________ Елді-мекен _________________________ 
_           _                _ 
 7. |_| Паспорт |_| Жеке күәлігі |_| Тууы туралы куәлік 
_ 
    |_| Өзге де 
 Сериясы _______ Нөмірі _________ Кім берді: _______________________ 
 Берілген күні ____/_____/_______/ж. 
8. Тұрақты тұратын жері (тіркелген орны): 
 Облыс ________________ Аудан, қала ________________________________ 
 Елді мекен ________________________________________________________ 
 Көше _______________ Үй _____ Пәтер ____________ Телефон __________ 
 9. Тұратын жері: Облысы ____________ Аудан, қала __________________ 
 Елді мекен ________________________________________________________ 
 Көше ____________ Үй _____ Пәтер ____________ Телефон _____________ 
 10. Осы медициналық ұйымда ______ жылдан бастап қызмет көрсетіледі. 
               _           _                  _ 
 11. Отбасы жағдайы: |_| Бойдақ; |_| Тұрмыста емес; |_| Үйленген; 
_             _                _                _ 
 |_| Тұрмыста; |_| Айырылысқан; |_| Әйелі өлген; |_| Жесір. 
      _           _                       _ 
 12. Білімі: |_| Жоғары; |_| Аяқталмаған жоғары; |_| Арнаулы орта; 
_ 
 |_| Бастауыш. 
 13. Жұмыс (оқу) орны ______________________________________________ 
            _ 
 14. Халық санаты: |_| Жұмыс істейтіндер; 
_                          _ 
 |_| Тіркелген жұмыссыздар; |_| Тіркелмеген жұмыссыздар; 
_                            _ 
 |_| Ұйымдастырылған балалар; |_| Ұйымдастырылмаған балалар; 
_ 
 |_| 18 жастан асқан күндізгі оқу нысанындағы оқушылар; 
_                           _ 
 |_| Бала жастан мүгедектер; |_| Аурулары бойынша мүгедектер; 
_                     _                    _ 
 |_| ҰОС қатысушылары; |_| ҰОС мүгедектері; |_| Оралмандар. 
15. 18 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарының Т.А.Ә. 
 ___________________________________________________________________ 
16. БМСК медициналық ұйымдарын еркін таңдау кезінде үйде 
медициналық қызмет көрсету. 
_                     _ 
 |_| Кепілдендіріледі; |_| Кепілдендірілмейді. 
 17. Тіркеушінің Т.А.Ә. __________________ қолы ____________________ 
Мен осы медициналық ұйымға тіркелуге келісемін. 
 18. Емделушінің қолы _________ Тіркелген күні ___/ ____/________/ж. 
 19. Тіркеуден шыққан күні ____/____/_______/ж. 
      _              _         _ 
 20. Себебі: |_| Бас тарту; |_| Кету; |_| Қайтыс болу. 
------------------------------------------------------------------ 
 Медициналық ұйым __________________________________________________ 
                                  _______________________ 
 Медициналық тіркеу нөмірі (МТН) |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
Амбулаториялық картаның N ____________ Учаскенің N ________________
 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМНАН ТІРКЕУДЕН ШЫҒУ ТАЛОНЫ 
1. Тегі ___________________________________________________________ 
 Аты ____________________________ Әкесінің аты  ____________________ 
                                          _      _        _ 
 2. Туған күні (кк/аа/жж) __/__/__/ ж. 3. Жынысы |_| ер |_| әйел |_| 
 4.Тіркеуден шыққан күні ____/____/_______/ж. 
    _              _ 
 5.Себебі: |_| Бас тарту; |_| Кету; 
Медициналық ұйым басшысының қолы 
 _________________ 
 _________________ 
Тегі А.Ә.
М.О.