Toggle Dropdown
"Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету және азаматтарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 794 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 903 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 13 желтоқсанда № 6679 тіркелді
Toggle Dropdown
Амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметтерін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету және азаматтарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 794 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 5953 тіркелген, 2010 жылы № 7 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
Toggle Dropdown
көрсетілген бұйрықпен бекітілген медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету және азаматтарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына тіркеу ережесінде:
Toggle Dropdown
6-тармақта «анықтамалықтар» деген сөз сөзін «тізбелер» деген сөзбен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
8-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«8) әлеуметтік-психологиялық консультация».
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
Toggle Dropdown
5. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен соң күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.