• Мое избранное
Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 07.08.2013 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы N 16 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 18 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6061 болып енгізілді

Редакция 31.03.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің233-бабына және 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 37-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесі бекітілсін.
2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Н.Р. Аршабеков) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (Н.Б. Қалабаев) педагог қызметкерлердің біліктілік тестілеуге уақытылы дайындалуы үшін пайдаланылған әдебиеттерді көрсете отырып тест тапсырмаларының және сұрақ-тапсырмалардың дайындығын қамтамасыз етсін.
4. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Н.Р. Аршабеков), Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков), Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев) аталған бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалалық білім департаменттерінің, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының, жоғары оқу орындарының назарына жеткізсін.
5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 9 сәуірдегі № 181 бұйрығының (№ 5215 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2008 жылғы № 155 «Юридическая газета» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н. Сарыбековке жүктелсін.
7. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр                                 Ж. Түймебаев
Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2010 жылғы 22 қаңтардағы
 № 16 бұйрығымен бекітілген
Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесі (бұдан әрі - Ереже) 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 233-бабына және 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 37-тармағына сәйкес әзірленген және меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім, арнайы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттау тәртібін айқындайды.
2. Педагог қызметкерлерді аттестаттаудың негізгі мақсаттары:
1) тиісті санатты белгілеу және растау үшін педагог қызметкер құзыреттілігінің біліктілік талаптарына сәйкестік деңгейін анықтау;
2) тұлғалық жетістіктерді жобалау үшін педагог қызметкер қызметінің уәждемелік саласын кеңейту.
3. Осы Ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) педагог қызметкерлерді аттестаттау - педагог қызметкердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;
2) біліктілік санаты – жұмысты орындаудың күрделілігін көрсететін қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптардың деңгейі;
3) ерікті біліктілік тестілеу (бұдан әрі – тестілеу) – мерзімінен бұрын біліктілік санатты жоғарылату және растау кезінде кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындау үшін өткізілетін педагог қызметкерлерді аттестаттауды өткізу рәсімінің бір түрі;
4) қызмет қорытындыларын талдамалық жалпылау – педагог қызметкердің кәсіби қызметін жүйелі, бірізді және оң зерделеу негізінде кәсіби құзыреттілігін бағалауды қамтитын аттестаттау кезеңдерінің бірі.
3-тармақ өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 31.03.2011 № 119 бұйрығымен (22.01.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
4. Аттестаттаудың негізгі қағидаттары аттестатталатын педагог қызметкерге, объективті, ашықтық және алқалық қатынасты қамтамасыз ететін; ішкі және сыртқы бағалаудың жүйелілігі мен тұтастығы болып табылады.
5. Аттестаттау 5 жылда кемінде бір рет өткізіледі.
6. Республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттауды білім беру саласындағы уәкілеттік орган жүзеге асырады.
Салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттауды білім беру ұйымдары мен тиісті мемлекеттік органдардың аттестаттау комиссиялары жүзеге асырады.
Медициналық мекемелер мен әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелері (оқу сыныптары, топтар), балалар-жасөспірімдер спорттық мектептері, спорттық мектеп-интернаттар жанындағы білім беру ұйымдарында педагогикалық қызметті жүзеге асыратын педагог қызметкерлерді аттестаттау білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы, қосымша, техникалық және кәсіптік, кәсіптік білім беру ұйымдарының (республикалық ведомстволық білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінен басқа) педагог қызметкерлерді аттестаттауды білім беру ұйымдарының және білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдардың аттестаттау комиссиялары жүзеге асырады.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттауды жоғары оқу орны басшысының бұйрығымен құрылған аттестаттау комиссиясы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін халықаралық (шетелдік) білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттауды білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
7. Білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері белгіленген штаттық кестеге және еңбек шартында, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықта көрсетілген лауазым бойынша аттестаттаудан өтеді.
Бір біліктілік ретінде дипломда көрсетілген білімі туралы дипломда көрсетілген пәннен сабақ берген жағдайда дипломда көрсетілген біліктілікке сәйкес пәнді көрсете отырып, лауазымдық негізде аттестаттау өткізіледі.
Педагог қызметкер курсты өту нәтижесінде алынған сертификаттың негізінде сабақ беретін қосымша пәндер бойынша аттестатталады.
8. Шағын жинақталған мектептерде сабақ беретін педагог қызметкерлер дипломда көрсетілген мамандыққа сәйкес және тиісті сертификаты бар жағдайда қосымша (аралас) пәндер бойынша курстардан өткенін ескере отырып аттестаттаудан өтеді.
Арнайы (түзету) білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер білімі туралы дипломда көрсетілген біліктілік бойынша аттестаттаудан өтеді. Білімі туралы дипломда көрсетілмеген пәннен сабақ берген жағдайда білім беру ұйымдарында қайта даярлау курстарынан өту нәтижесінде алған сертификатының негізінде атқарып отырған лауазым бойынша аттестаттаудан өткізіледі.
Арнайы (түзету) мектептерді дипломда көрсетілген пәннен сабақ беретін педагог қызметкерлер сабақ беріп отырған пәні бойынша және білім беру ұйымдарында қайта даялаудан өту нәтижесінде алған сертификат негізінде аттестаттаудан өткізіледі.
9. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Білім және ғылым министрінің 31.03.2011 № 119 бұйрығымен (22.01.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
10. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы, қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан өтінішінің негізінде:
1) екінші біліктілік санатына:
жоғары оқу орнын «үздікке» бітірген, кемінде бір жыл педагог қызметінің өтілі бар тұлғалар;
кәсіптік орта білім беретін оқу орнын (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі) «үздікке» бітірген, кемінде бір жыл педагог қызметінің өтілі бар тұлғалар;
2) бірінші біліктілік санатына:
екінші білікті санаты бар және кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, аудандық (қалалық) деңгейдегі кәсіптік конкурстардың жеңімпаздары болып табылатын тұлғалар;
екінші білікті санаты бар және кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, аудандық (қалалық) деңгейдегі пән олимпиадаларын, шығармашылық конкурстардың, ғылыми және спорттық жарыстардың қатысушыларын дайындаған тұлғалар;
3) жоғары білікті санатқа:
бірінші білікті санаты бар, облыстық, республикалық немесе халықаралық деңгейдегі пән олимпиадаларының, шығармашылық конкурстардың, ғылыми және спорттық жарыстардың қатысушыларын дайындаған тұлғалар;
бірінші білікті санаты бар, республикалық немесе халықаралық деңгейдегі кәсіптік конкурстардың жеңімпаздары болып табылатын тұлғалар;
немесе бірінші білікті санаты бар, аралық аттестаттау кезеңінде ғылым кандидаты (докторы) ғылыми дәрежесін, немесе магистр академиялық дәрежесін, философия докторын, сабақ беретін мамандығының бейіні бойынша докторын алған тұлғалар жедел аттестаттаудан өтеді.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейін білім беретін оқу орындарының педагог қызметкерлері меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан өтінішінің негізінде біліктілік талаптарына және лауазымына сәйкестігіне: