• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2017 г

Отправить по почте

"Метрополитендердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 ақпандағы N 109 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Метрополитендердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін. 
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай еткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 5 ақпандағы
 N 109 қаулысымен
 бекітілген
"Метрополитендердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті
1. Қолданылу саласы
1. Осы "Метрополитендердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" Техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) " Техникалық реттеу туралы " Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы және " Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы " 2002 жылғы 3 сәуірдегі Заңдарын іске асыру мақсатында әзірленген. 
2. Техникалық регламент метрополитендерді жобалауға, салуға, пайдалануға, консервациялауға (жоюға) қолданылады және мынадай: 
тау-кен қазбаларын ұңғылаудың, тау-кен қазындысы тиеу мен тасымалдаудың, құрылыстарды ашық және жер асты тәсілдермен салудың, тау-кен қазбаларын консервациялау мен жоюдың; 
қолданыстағы метрополитеннің жол, станциялық шаруашылық, жылжымалы құрамын пайдалануды; 
метрополитенді салу және пайдалану кезінде тіршілікті қамтамасыз етудің, энергиямен қамтамасыз етудің, желдетудің, су ағызудың, өрт қауіпсіздігінің, дабыл мен байланыстың өндірістік үдерістерін орындау кезіндегі қауіпсіздік талаптарын белгілейді. 
3. Жолаушылар мен қызмет көрсетуші персонал үшін кез келген бүркеме қауіптілікті қоса алғанда, қауіпті жағдайларды теңестіруді және қауіпті факторлардың әсер ететін болжалды қауіп-қатерін бағалауды жобалау және құрылыс ұйымдары, тау-кен жұмыстарын орындау үдерістерінде және метрополитенді пайдалану кезінде қолданылатын жабдықты дайындаушылар өткізеді.
2. Терминдер мен анықтамалар
4. Осы Техникалық регламентте мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады: 
1) аварияларды жою жоспары - алдын ала әзірленген сценарий бойынша адамдарды құтқару және аварияларды жою жөніндегі іс-шаралар жиынтығын, құлақтандыру және лауазымды тұлғалардың іс-қимыл жасау, аварияларды жоюды ұйымдастыру тәртібін анықтайтын құжат; 
2) аралық - шектес станциялар арасында орналасқан метрополитен желісінің бөлігі; 
3) бекітпе (бітем) - бекіткіш пен қазбаның бүйір қабырғалары арасындағы кеңістікті бетонмен немесе басқа да рұқсат етілген материалмен толтыру үдерісі; 
4) бекіткіш - сыйыстырылатын жыныстардың қирауын болдырмау және қазба қимасының алаңын сақтау үшін тау-кен қазбасында тұрғызылатын жасанды құрылыс; 
5) бөлу бекеті - метрополитен желілерін бөлу бекеті, блок-учаскелер; 
6) жабдықтың жақындау габариті - ішіне тоннелде орналасқан жабдықтың ешбір бөлшегі кірмеуі тиіс шекті көлденең кескін; 
7) жылдамдықты автоматты реттеуші автоматты локомотив дабылы - пойызды басқару кабинасына белгі көрсеткіштерін беруді қамтамасыз ететін тұрақты және пойыз құралдарының жүйесі, жолдардың бос болуын және пойыз қозғалысының жылдамдығын үздіксіз бақылау, жылдамдық жоғарылаған жағдайда оны автоматты түрде төмендету; 
8) жылжымалы құрам габариті - ішіне жылжымалы құрам кіргізілуі тиіс шекті көлденең кескін; 
9) калотта - күмбезді қаптаманы тұрғызуға арналған тоннелдің үстіңгі бөлігі; 
10) кен қазбасының кенжары - тау-кен жыныстары тікелей жүзеге асырылатын жер бетіндегі кеңістікте орналасатын қазба; 
11) кен қазбасы - тау-кен жұмыстарын жүргізу нәтижесінде құрылған жер қабатындағы жасанды құрылыс; 
12) клеть - шахта оқпанының бойымен адамдарды түсіруге және көтеруге, жыныстарды, жабдық пен материалдарды көтеруге арналған құрылғы; 
13) курбель - орталықтандырылған тілшелерді қолмен ауыстыруға арналған тұтқа; 
14) кірме - қимасы шектелген, қазба кеңістігіне тікелей қабысқан, қазу жабдығының бір өту жолы үшін қазылған аса ұзын емес қазба; 
15) қалыптама — монолиттік бетон немесе темірбетон құрылымдары мен құрылыстарының пішіндерін дайындауға арналған элементтер мен бөлшектердің жиынтығы; 
16) қаптау - жер асты құрылысын пайдаланудың барлық мерзіміне есептелген тау-кен қазбасының негізгі бекіткіші; 
17) қауға - жыныстарды көтеруге, материалдарды түсіруге, адамдарды көтеруге және түсіруге арналған шахта оқпандары мен шыңырауларды ұңғылау кезінде қолданылатын көтергіш ыдыс; 
18) құрылыстардың жақындау габариті - ішіне құрылыстың ешбір бөлшегі (тоннель қаптамасының дөңес жерлері, платформалар, бағаналар) кірмеуі тиіс тоннель шүлдігінің шекті көлденең контуры; 
19) маневрлік құрам - бір-бірімен немесе маневрлер дайындайтын локомотивпен тіркелген вагон, вагондардың тобы; 
20) өзін-өзі құтқарғыш - ауасы тыныс алуға қолайсыз қазбалардан жұмысшыларды авариялық шығару үшін қысқа мерзімді жұмыс істейтін портативті респиратор; 
21) өрлеме қазба - желдету, адамдардың қозғалысы, жыныстарды түсіру, материалдар мен жабдықтарды жеткізу үшін қызмет ететін тік немесе көлбеу тау-кен қазбасы; 
22) өткізу, бекіту паспорты — тау-кен қазбасын өткізу, бекіту тәртібін анықтайтын құжат; 
23) парашют құрылғылары — көтергіш арқан үзілген жағдайда шахталық клеттерді ұстауға, бір қалыпты тоқтатуға және ұстап қалуға арналған автоматты жұмыс құрылғысы; 
24) пойыз - белгіленген дабылдары, берілген нөмірі мен қызмет көрсететін машинисі бар тіркемесінде вагондары бар локомотив; 
25) сақтандырғыш сөре - шахталық оқпанда ағаштан, металдан немесе бетоннан құрылған және жабдықты пен ұңғыма жұмыс істейтін адамдарды, оқпан бекіткіштерін қорғау үшін қызмет ететін сөре; 
26) скип - тау-кен жыныстарын шахта оқпанымен жер бетіне көтеруге арналған ыдыс; 
27) станция - пойыздарды қабылдау, жөнелту және жолаушыларға қызмет көрсету бойынша құрылыстар мен құрылғылардың кешені; 
28) тежеуіш жолы - машинистің кран тұтқасын, тоқтатқыш кранын тежеу күйіне толық тоқтату үшін ауыстырған сәттен бастап пойыз өтетін қашықтық; 
29) тоннель - адамдарды, тау-кен массасын, материалдар мен жабдықты тасымалдау үшін қызмет ететін көлденең жер асты қазбасы; 
30) трасса — жобада жергілікті жердегі алынған жағдайға сай келетін метрополитеннің жобаланатын шүлдігі; 
31) түйіспе рельс - ауырлық күшінің шағын станциясынан электрлік жылжымалы құрамның ток қабылдағышына электр энергиясын беруді қамтамасыз ететін рельс; 
32) тілшелерді микроүдерістік орталықтандырғыш - станцияның тілшелерді мен дабылдарын бір орыннан қашықтықтан басқаруға арналған құрылғылар жүйесі; 
33) тілше - рамалық рельстерден, ұштардан және ауыспалы тетіктен тұратын бағыт ауыстыру бөлігі;