• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 29.06.2010 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 Қаулысы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесі;
2) Профилактикалық егу жүргізу ережесі;
3) халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
1) егу жүргізу ережесі мен мерзімдеріне сәйкес халықтың профилактикалық егу алуын;
2) медициналық ұйымдары жоқ елді мекендерде тұратын халықты вакцинациялау мақсатында жылжымалы егу бригадаларының жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Халықты жұқпалы ауруларға қарсы вакциналауды жақсарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 мамырдағы № 488 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 21- 22, 216-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 мамырдағы № 488 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 1250 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 46, 515-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 мамырдағы № 488 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 қаңтардағы № 40 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 1, 19-құжат).
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 30 желтоқсандағы
 № 2295 қаулысымен
 бекітілген
Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесі
1. Республикалық бюджет қаражаты есебінен мынадай инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы профилактикалық егулер (вакциналар мен басқа да иммундық биологиялық препараттарды енгізу) жүргізіледі:
құтырма        іш сүзегі        көктемгі-жазғы кене энцефалиті
«В» вирусты гепатиті        b типті гемофильдік инфекция        дифтерия        көкжөтел        қызылша        қызамық        полиомиелит        сіреспе        туберкулез        оба        эпидемиялық паротит        дизентерия        сальмонеллез.
2. Жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен мынадай инфекциялық ауруларға қарсы профилактикалық егулер (вакциналар мен басқа да иммундық биологиялық препараттарды енгізу) жүргізіледі:
«А» вирусты гепатиті;