• Мое избранное
Тарих және мәдениет ескерткіштеріне қорғау міндеттемелерін беру ережесін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 10.06.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Тарих және мәдениет ескерткіштеріне қорғау міндеттемелерін беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1045 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 10.06.2015 жылғы № 426 Қаулысына сәйкес
Редакция 29.04.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 17-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Тарих және мәдениет ескерткіштеріне қорғау міндеттемелерін беру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 6 қарашадағы
 N 1045 қаулысымен
 бекітілген
Тарих және мәдениет ескерткіштеріне қорғау міндеттемелерін беру ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тарих және мәдениет ескерткіштеріне қорғау міндеттемелерін беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 17-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленген және ескерткіштердің меншік иелеріне немесе пайдаланушыларға тарих және мәдениет ескерткіштеріне (бұдан әрі - ескерткіштер) қорғау міндеттемелерін беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 
1) қорғау міндеттемесі - тарих және мәдениет ескерткішінің осы құжатты ресімдеу сәтіндегі жай-күйі және меншік иесінің немесе пайдаланушының тарих және мәдениет ескерткішін күтіп-ұстау шарттары тіркелетін құжат; 
2) меншік иесі - өз бетімен құрту құқығын қоспағанда, тарих және мәдениет ескерткішіне қатысты иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; 
3) тарих және мәдениет ескерткішін пайдаланушы - Заңға сәйкес тарих және мәдениет ескерткішін оның меншік иесімен жасалған шарт негізінде пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға.
2. Қорғау міндеттемелерін ресімдеу және беру тәртібі
3. Ескерткіштің меншік иесі немесе пайдаланушы облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарын (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) ескерткішке меншік (пайдалану) құқықтарының болуы мүмкін немесе болған өзгерістері туралы хабардар етуге міндетті.
4. Жергілікті атқарушы органдар хабар алған сәттен бастап не тарихи-мәдени мұра объектісіне ескерткіш мәртебесін берген сәттен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде қорғау міндеттемесін ресімдейді.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.04.2011 № 467 Қаулысымен. (06.11.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Қорғау міндеттемесінде: 
оны ресімдеу сәтіндегі ескерткіштің жай-күйі; 
меншік иелерінің немесе пайдаланушылардың ескерткішті күтіп-ұстау шарттары тіркеледі. 
Қорғау міндеттемесін ресімдеу сәтіндегі ескерткіштің жай-күйін тіркеу үшін жергілікті атқарушы органдар меншік иелерімен немесе пайдаланушылармен бірлесіп, ескерткішке техникалық байқау жүргізеді, оның деректері қорғау міндеттемесіне енгізіледі.
6. Ансамбльді құрайтын ескерткіштердің қорғау міндеттемелерін ресімдеу кезінде техникалық байқау деректері ескерткіштің әрқайсысы бойынша жеке тіркеледі.
7. Ескерткішке меншік (пайдалану) құқықтары ауысқан кезде жергілікті атқарушы органдар осы Ережеде көзделген тәртіппен қорғау міндеттемесін қайта ресімдеуді жүзеге асырады.
8. Қорғау міндеттемесін беруді оны ресімдегеннен кейін үш күннің ішінде жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.