• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 24.04.2013 г

Отправить по почте

5

Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттiк меншiк жөнiндегi деректердiң ақпараттық базасын жүргiзу жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 21 наурыздағы N 246 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.04.2013 жылғы № 391 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.08.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Мемлекеттiк меншiктi есепке алуды жетiлдiру, сондай-ақ оның пайдаланылуына бақылау жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
1. Қосымшаға сәйкес Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың тiзiлiмiн жүргiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.05.2002. № 580, 27.09.2006. № 926 қаулыларымен. (28.10.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Мемлекеттiк кәсiпорындарға, мемлекеттiк мекемелерге және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға қатысты ұйымдастыру, қайта құру, тарату және қайта тiркеу, сондай-ақ жүктеу (кепiл, басқаруға беру), мемлекеттiң үлестiк қатысуын өзгерту осы Ережемен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен реттеледi деп белгiленсiн. 
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.05.2002. № 580 қаулысымен. (28.10.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi және өзге де мемлекеттiк органдар Ережеге сәйкес деректердiң уақытылы ұсынылуын қамтамасыз етсiн. 
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.10.2001. № 1369, 27.09.2006. № 926 қаулыларымен. (29.03.2000 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Министрлiктер, ведомстволар және өзге де мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп нормативтiк базаны осы қаулыға сәйкес келтiрсiн. 
5. "Мемлекеттiк меншiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 1 тамыздағы N 1207 қаулысының 1-тармағының күшi жойылған деп танылсын.
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 1998 жылғы 21 наурыздағы
 N 246 Қаулысымен
 бекiтiлген
Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаның тiзiлiмiн жүргiзу ережесi 
Мәтіндегі сөздер өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.05.2002. № 580, тақырып өзгертілді - 27.09.2006. № 926 қаулыларымен. (28.10.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың тiзiлiмi (бұдан әрi - Тiзiлiм) - Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде орналасқан мемлекеттiк кәсiпорындар, мемлекеттiк мекемелер және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар туралы экономикалық, статистикалық және мәтiндiк ақпаратты қамтитын сандық және сапалық көрсеткiштердiң бiрыңғай жүйесi.   
Осы Ереже Тiзiлiмдi жүргiзудi ұйымдастырудың негiзгi принциптерi мен технологиясын, сондай-ақ Тiзiлiмнiң деректерiн пайдаланудың тәртiбiн белгiлейдi. 
1. Тiзiлiм мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелер, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар туралы жиынтық деректердi қамтиды. Осы Ереже көрсетiлген заңды тұлғаларға кiрмейтiн мемлекеттiк мүлiктi тiркеу мен есепке алудың тәртiбiн белгiлемейдi.   
2. Тiзiлiм Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi (бұдан әрi - Комитет) белгiлеген талаптарға сәйкес есептелетiн объектiлердi құрылымдауға мүмкiндiк беруi тиiс.  
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.05.2002. № 580 қаулысымен. (28.10.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
Тiзiлiмнiң негiзгi бөлiмi 1-қосымшада көрсетiлген, объектiнi бiрдейлендiруге және объектi туралы негiзгi статистикалық деректердi ұстауға мүмкiндiк беретiн көрсеткiштердi, оның iшiнде акциялары ұлттық холдингтiң және ұлттық басқарушы компанияның меншiгiндегi акционерлiк қоғамдардың (олардың еншiлес, тәуелдi ұйымдарын және өзiнiң қатысу үлесiн есепке алу және олардың ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан, қатысушылардың қаржылық есептiлiгiнде активтердi, мiндеттемелердi, осы қызметтен түсетiн кiрiстер мен шығыстарды көрсету үшiн бiрлескен қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарды қоса алғанда) қызметi туралы ақпаратты қамтиды. Қосымша кiшi бөлiм мемлекеттiк мiндеттердi шешу үшiн қажеттi, түрлi серпiндi көрсеткiштердi қамтиды. 
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.09.2006. № 926 қаулысымен. (28.05.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Комитет Тiзiлiмнiң тапсырысшысы және менеджерi болып табылады.  
негiзгi және қосымша кiшi бөлiмдердiң ақпараттарын дайындаудың және енгiзудiң тәртiбiн айқындайды;   
Тiзiлiмдi жүргiзу жөнiндегi бiрыңғай нормаларды, ережелердi және әдiстемелiк нұсқауларды бекiтедi;  
Тiзiлiмдi әзiрлеуге және оның бiрыңғай ғылыми-әдiстемелiк және нормативтiк-құқықтық базасын құруға байланысты жұмыстарды ұйымдастырады және бөлiнген қаражаттың шектерiнде қаржыландырады;  
экономика секторларында мемлекеттiк активтердi басқару саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға уәкiлеттi мемлекеттiк органның Тiзiлiмге қол жеткiзуiн ұйымдастырады; 
Тiзiлiмге тiкелей басшылықты жүзеге асырады, Тiзiлiмнiң деректерiнiң жинақталуына, түзетуге, ақпараттарды пайдаланушыларды және Тiзiлiмнiң деректерiн ұсынудың тәртiбiн айқындауға байланысты өкiмдер бередi;  
оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелер, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар туралы ақпаратты мемлекеттiк органдарға тоқсан сайын бередi;   
Тiзiлiмнiң жұмыс iстеуiне қолдау көрсетудiң ұйымдастыру мәселелерiне байланысты басқа да функцияларды атқарады. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.05.2002. № 580, 27.09.2006. № 926 қаулыларымен
5
 5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 09.07.1999. № 951 қаулысымен. (28.10.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
5-1.  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды
 5-1-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 28.05.2002. № 580 қаулысымен. (28.10.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
мемлекетке тиесiлi немесе мемлекеттiң оларға қатысты мүлiктiк құқықтары бар бағалы қағаздарды атаулы ұстау;   
бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу, енгiзу және жаңарту, сондай-ақ Тiзiлiмдi жүргiзу үшiн қажеттi жабдықтарды iрiктеу және сатып алу; 
Тiзiлiмдi жүргiзудiң техникалық және бағдарламалық құралдарының тоқтаусыз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету; 
Тiзiлiм деректерi базаларына қол жеткiзудi Тiзiлiм менеджерiнiң нұсқауларына қатаң сәйкестiкте әкiмшiлiктендiру, ұсыну және қолдау; 
Тiзiлiмге тiкелей өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жатады. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.05.2002. № 580, 27.09.2006. № 926 қаулыларымен
 II-бөлім алынып тасталды ҚР Үкіметінің 28.05.2002. № 580 қаулысымен. (28.10.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
7. Негiзгi кiшi бөлiмдi бастапқы толтыру мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелер, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар туралы:  
тiркелген мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелер, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар туралы - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнiң;  
бағалы қағаздар эмиссияларының проспектiлерiн тiркеу туралы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің;   
мемлекеттiк статистикалық есептiлiк туралы - Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң Статистика және талдау жөнiндегi комитетiнiң;  
Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелер, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар туралы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментiнiң;  
өзiне қайта ұйымдастыру рәсiмдерiн жүргiзу үшiн берiлген объектiлер туралы - "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөнiндегi агенттiк" АҚ-ның деректер жинағының негiзiнде жүзеге асырылады. 
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.10.2001. № 1369 қаулысымен. (29.03.2000 жылғы редакцияны қараңыз)
8. Тiзiлiмнiң қосымша кiшi бөлiмiн бастапқы толтыру тапсырысшының талап етуi бойынша министрлiктер, ведомстволар және басқа да уәкiлеттi органдар ұсынатын деректер жиынтығының негiзiнде жүзеге асырылады.  
9. Жоғарыда көрсетiлген органдар ұсынатын деректер 1998 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 2-қосымшада көрсетiлген құрылымдарға сәйкес қалыптастырылуы және 1998 жылдың 15 сәуiрiнен кешiктiрiлмей Тiзiлiмнiң менеджерiне берiлуi тиiс.  
10. Тiзiлiмнiң деректер жинағы және оны бастапқы толтыруды тiзiлiмдi ұстаушы жүзеге асырады.