Toggle Dropdown
2
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және осы тізілімге енгізу үшін бағалау өлшемдерін қоса алғанда, оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі N 334 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 01.04.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 7-бабы 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: қараңыз
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және осы тізілімге енгізу үшін бағалау өлшемдерін қоса алғанда, оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу ережесі бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 8 сәуірдегі
N 334 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде
пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін
кызметтердің және осы тізілімге енгізу үшін бағалау өлшемдерін
қоса алғанда, оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және
жүргізу ережесі
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және осы тізілімге енгізу үшін бағалау өлшемдерін қоса алғанда, оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 12-тармақшасына сәйкес әзірленген және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау өлшемдерін қоса алғанда, оларды өндірушілердің тізілімін (бұдан әрі - тізілім) қалыптастыру және жүргізу тәртібін белгілейді. қараңыз
Toggle Dropdown
2. Ережеде Заңда белгіленген ұғымдар мен анықтамалар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
құзыретті орган - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және келісім-шарттарды жасасу мен оларды орындауға байланысты құқықтарды жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының атынан әрекет ететін мемлекеттік орган;
Toggle Dropdown
тізілім - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесі;
Toggle Dropdown
өндіруші - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды өндіретін және (немесе) жеткізетін және (немесе) жұмыстарды орындайтын және (немесе) қызметтерді көрсететін жеке немесе заңды тұлға;
Toggle Dropdown
электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиістілігі мен мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық белгілер жиынтығы. Электрондық цифрлық қолтаңба заңдық күші бойынша электрондық құжаттарды дәстүрлі қағаз құжаттарына теңестіреді және хабарламаны алушыға хабарламаға кімнің қол қоюы керек болса, дәл соның өзі қол қойғанына көз жеткізуге мүмкіндік береді.
Toggle Dropdown
3. Тізілімді құзыретті орган қалыптастырады және жүргізеді.
Toggle Dropdown
2. Тізілімді қалыптастыру және жүргізу
Toggle Dropdown
4. Тізілімді қалыптастыру және жүргізу «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
5. Тізілімде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы мәліметтерді қалыптастыру құзыретті орган бекіткен нысан бойынша жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламаларының мәліметтері негізінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Тізілімде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді өндірушілер туралы мәліметтерді қалыптастыру өндірушілер ұсынған мәліметтердің негізінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
6. Тізілімді жүргізу дегенде:
Toggle Dropdown
1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер және оларды өндірушілер туралы мәліметтерді тізілімге енгізу;
Toggle Dropdown
2) өндірушілер ұсынған мәліметтер өзгерген кезде, сондай-ақ өндірушілер тізілімнен шығарылған кезде тізілімді жаңарту;
Toggle Dropdown
3) жер қойнауын пайдаланушылар ұсынған мәліметтер өзгерген кезде тізілімді жаңарту;
Toggle Dropdown
4) тізілімді «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесіне орналастыру түсініледі.
Toggle Dropdown
7. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдар облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында өндірілетін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер және оларды өндірушілер тізбесін Ереженің 1-қосымшасына сәйкес уәкілетті адам қол қойған және мөрмен куәландырылған қағаз тасығышта тоқсан сайын құзыретті органдарға ұсынады.
Toggle Dropdown
8. Құзыретті орган тізілімді қалыптастыру және жүргізу мақсатында облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдар ұсынған мәліметтерде көрсетілген өндірушілерге оларды және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын, олар ұсынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы мәліметтерді тізілімге енгізу мүмкіндігі туралы хабарлама жіберуі мүмкін.
Toggle Dropdown
9. Тізілімде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы мәліметтерді қалыптастыру үшін жер қойнауын пайдаланушы:
Toggle Dropdown
1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге келісім-шарт жасалған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде тіркеу сауалнамасын толтыру жолымен «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесінде тіркеледі;
Toggle Dropdown
2) «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесінде тіркеу сауалнамасын толтырған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде қағаз тасығышта басшы немесе өзге уәкілетті адам қол қойған және мөрмен куаландырылған сауалнаманы құзыретті органға ұсынады;
Toggle Dropdown
3) Ереженің 10-тармағына сәйкес ұсынылатын пайдаланушының аты мен құпия паролін қолданып, «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасын ұсынады.
Toggle Dropdown
10. Құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушыдан қағаз тасығышта уәкілетті адам қол қойған және мөрмен куәландырылған тіркеу сауалнамасын алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдаланушының сауалнамасында көрсетілген электрондық мекен-жайға пайдаланушының атын және құпия сөзін жібереді.
Toggle Dropdown
11. Тізілімде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді өндірушілер туралы мәліметтерді қалыптастыру үшін өндіруші ерікті негізде:
Toggle Dropdown
1) тіркеу сауалнамасын толтыру жолымен «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесінде тіркеледі;
Toggle Dropdown
2) қағаз тасығышта басшы немесе өзге уәкілетті адам қол қойған және мөрмен куәландырылғн тіркеу сауалнамасын, сондай-ақ заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін немесе кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжаттың көшірмесін «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесіне ол енгізілген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде құзыретті органға ұсынады. Резидент еместер мемлекеттік және орыс тілдеріне аударылған нотариалды куәландырылған, шетел мемлекетінің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатын шетелдік заңды тұлғаны куәландыратын сауда тізілімінен заңдастырылған көшірмені немесе басқа заңдастырылған құжатты ұсынады;
Toggle Dropdown
3) Ереженің 12-тармағына сәйкес ұсынылатын пайдаланушының атын және құпия сөзін қолдана отырып ұсынылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы мәліметтерді «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесіне енгізеді және оларды басшының немесе уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.
Toggle Dropdown
12. Құзыретті орган:
Toggle Dropdown
1) өндірушіден құжаттарды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Ереженің 11-тармағы 2) тармақшасына сәйкес өндірушінің Ереженің 13-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген өлшемге сәйкестігін тексереді және «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы өндірушінің сауалнамасында көрсетілген электрондық мекен-жайға пайдаланушының атын және құпия сөзін жібереді;
Toggle Dropdown
2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын, ұсынылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы мәліметтерді өндіруші енгізгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы өндірушінің Ереженің 13-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген өлшемге сәйкестігін тексереді;
Toggle Dropdown
3) ол Ереженің 13-тармағында көрсетілген өлшемдерге сәйкес болған жағдайда, өндірушіні «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы тізілімге енгізеді.
Toggle Dropdown
13. Мыналар тізілімге енгізу үшін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндірушіні бағалау өлшемдері болып табылады:
Toggle Dropdown
1) заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде тіркелу;
Toggle Dropdown
2) Ереженің 11-тармағы 3) тармақшасына сәйкес өндіруші көрсеткен тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жылдық сатып алу бағдарламасында болуы.
Toggle Dropdown
14. Тізілімді жаңарту өндірушілер, жер қойнауын пайдаланушылар ұсынған мәліметтер өзгерген кезде, сондай-ақ өндірушілері тізілімнен шығарылған кезде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
15. Құзыретті орган өндірушіні мынадай жағдайларда тізілімнен шығаруды жүзеге асырады:
Toggle Dropdown
1) өндіруші жабылғанда;
Toggle Dropdown
2) өндірушінің бастамасы бойынша.
Toggle Dropdown
16. Тізілімнен шығару үшін өндіруші құзыретті органға өзін тізілімнен шығару туралы өтініш береді.
Toggle Dropdown
Құзыретті орган өтініш түскеннен кейін және (немесе) Ереженің 15-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген жағдайлар орын алғанда үш жұмыс күні ішінде өндірушіні тізілімнен шығарады.
Toggle Dropdown
17. Тізілімді орналастыру «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесінде Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі
операцияларды жүргізу кезінде
пайдаланылатын тауарлардың,
жұмыстар мен көрсетілетін
қызметтердің және осы тізілімге
енгізу үшін бағалау өлшемдерін қоса
алғанда, оларды өндірушілердің
тізілімін қалыптастыру және жүргізу
ережесіне
1-қосымша
Toggle Dropdown
Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін
қызметтердің және оларды өндірушілердің
тізбесі
Toggle Dropdown
1 | Өндірушінің атауы | |
2 | Облысы | |
3 | Қала (елді-мекен) | |
4 | Көше, үй, офис | |
5 | Телефон | |
6 | Электрондық мекен-жай | |
7 | Веб-сайт | |
8 | Тауардың, жұмыстың, қызметтің атауы | |
Toggle Dropdown
________________________ __________________
Toggle Dropdown
(бірінші басшының немесе (қолы)
Toggle Dropdown
оны алмастыратын адамның
Toggle Dropdown
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі
операцияларды жүргізу кезінде
пайдаланылатын тауарлардың,
жұмыстар мен көрсетілетін
қызметтердің және осы тізілімге
енгізу үшін бағалау өлшемдерін қоса
алғанда, оларды өндірушілердің
тізілімін қалыптастыру және жүргізу
ережесіне
2-қосымша
Toggle Dropdown
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде
пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін
қызметтердің және оларды өндірушілердің
тізілімі
Toggle Dropdown
Р/с № | СӨЖ1 бойынша тауардың, жұмыстың/қызметтің коды және атауы | Тауардың, жұмыстың, қызметтің қосымша сипаты | Өндірушінің атауы |
| | | |
Toggle Dropdown
1 Қазақстан Республикасының Статистикалық өнім жіктеуіші