Bestprofi Logo

Қаулы № 983 от 1996-08-07г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығы туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығы туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 7 тамыз N 983

Жастардың ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметiн қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығы туралы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығы жөнiндегi Комиссиясы туралы қоса берiлiп отырған ережелер бекiтiлсiн.

2. 2-тармақ күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1998.10.27. N 1086 қаулысымен. 3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiленген тәртiппен сыйлық беретiн жылы мемлекеттiк бюджетте Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығының лауреаттарына ақшалай сыйлық төлеуге қаражат көздесiн. 4. Қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 тамыздағы N 983 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығы туралы ЕРЕЖЕ

1. "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығы (Бұдан әрi - сыйлық) Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейiнгi азаматтарына қоғамдық, кәсiби жағынан танылған жемiстi ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметi үшiн берiледi.

2. Сыйлық саны 7, ол: ғылым, сәулет, өнер, әдебиет, журналистика, спорт, халық шығармашылығы салалары бойынша екi жылда бiр рет берiледi.

3. Сыйлықтың ақшалай мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi берiлетiн жылы белгiлейдi.

4. Сыйлық беруге конкурс жарияланғанға дейін кемiнде бiр жыл бұрын көпшiлiк алдында орындалған немесе баспасөзде жарияланған жұмыстарды ұсынуға болады.

Бiр жұмысты сыйлыққа қайта ұсынуға болмайды. Бiр кандидатураны бiр саладан артық сыйлыққа, сондай-ақ еңбектерiнiң жиынтығы бойынша ұсынуға болмайды.

5. Шығармалар мен еңбектердi ұсыну, оларды қабылдау, сараптау және iрiктеу, талқылау және сыйлыққа ұсыну туралы шешiмдер қабылдау тәртiбiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығы жөнiндегi Комиссия (бұдан әрi - Комиссия) жүзеге асырады.

Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi сыйлық берiлетiн жылы бекiтедi.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание