Осы редакция 22.08.2006 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығы туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 7 тамыз N 983
Жастардың ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметiн қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығы туралы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығын беру жөнiндегi Комиссиясы туралы қоса берiлiп отырған ережелер бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiленген тәртiппен сыйлық беретiн жылы мемлекеттiк бюджетте Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығының лауреаттарына ақшалай сыйлық төлеуге қаражат көздесiн.
4. Қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 7 тамыздағы
N 983 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығы туралы ЕРЕЖЕ
1. "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығы (Бұдан әрi - сыйлық) Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейiнгi азаматтарына жемiстi ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметi үшiн берiледi. Сыйлық талантты жастарды ынталандыру және олардың айрықша сіңірген еңбегін тану мақсатында беріледі.
2. Сыйлық мынадай (саны 10): ғылым, әдебиет, журналистика, спорт, халық шығармашылығы, дизайн және бейнелеу өнері, эстрада, театр және кино, классикалық музыка, қоғамдық қызмет атаулары бойынша екі жылда бір рет беріледі.
3. Сыйлықтың ақшалай мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi берiлетiн жылы белгiлейдi.
4. Сыйлық беруге қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті саланы және тұтастай алғанда қоғамды дамытуға ықпал ететін кандидаттар ұсынылады.
Бiр кандидатураны сыйлыққа қайта ұсынуға болмайды. Бiр кандидатураны бiр саладан артық сыйлыққа ұсынуға болмайды.
5. Конкурстық құжаттарды қабылдау, iрiктеу, талқылау және сыйлыққа ұсыну туралы шешiмдер қабылдау тәртiбiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығын беру жөнiндегi Комиссия (бұдан әрi - Комиссия) жүзеге асырады.
Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi сыйлық берiлетiн жылы бекiтедi.
6. Кандидатураларды сыйлыққа ұсыну тәртібі мен мерзімі туралы хабарландыру, сондай-ақ жекелеген атаулар бойынша Комиссияның қарауына берілетін қажетті конкурстық материалдардың тізбесі осы Ереженің 13-тармағына сәйкес сыйлық ресми тапсырылғанға дейін төрт айдан кешіктірмей баспасөзде жарияланады.
Конкурсқа қатысатын кандидатуралар тізімі мен оларды ұсынған ұйымдарда да баспасөзде жарияланады.