• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 08.08.2015 г

Отправить по почте

7

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығы туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 тамыздағы N 983 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 8 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 28.07.2015 жылғы № 597 Қаулысына сәйкес
Жастардың ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметiн қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығы туралы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығын беру жөнiндегi Комиссиясы туралы қоса берiлiп отырған ережелер бекiтiлсiн. 
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінiң 20.09.2002. № 1038 қаулысымен. (27.10.1998 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшiн жойды - ҚР Үкіметінiң 27.10.1998. № 1086 қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiленген тәртiппен сыйлық беретiн жылы мемлекеттiк бюджетте Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығының лауреаттарына ақшалай сыйлық төлеуге қаражат көздесiн. 
4. Қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 1996 жылғы 7 тамыздағы
 N 983 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығы туралы ЕРЕЖЕ
1. "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығы (Бұдан әрi - сыйлық) Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейiнгi азаматтарына жемiстi ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметi үшiн берiледi. Сыйлық талантты жастарды ынталандыру және олардың айрықша сіңірген еңбегін тану мақсатында беріледі.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінiң 20.09.2002. № 1038 қаулысымен. (27.10.1998 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Сыйлық мынадай (саны 10): ғылым, әдебиет, журналистика, спорт, халық шығармашылығы, дизайн және бейнелеу өнері, эстрада, театр және кино, классикалық музыка, қоғамдық қызмет атаулары бойынша екі жылда бір рет беріледі.
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінiң 20.09.2002. № 1038 қаулысымен. (27.10.1998 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Сыйлықтың ақшалай мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi берiлетiн жылы белгiлейдi.  
4. Сыйлық беруге қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті саланы және тұтастай алғанда қоғамды дамытуға ықпал ететін кандидаттар ұсынылады.  
Бiр кандидатураны сыйлыққа қайта ұсынуға болмайды. Бiр кандидатураны бiр саладан артық сыйлыққа ұсынуға болмайды.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінiң 20.09.2002. № 1038 қаулысымен. (27.10.1998 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Конкурстық құжаттарды қабылдау, iрiктеу, талқылау және сыйлыққа ұсыну туралы шешiмдер қабылдау тәртiбiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығын беру жөнiндегi Комиссия (бұдан әрi - Комиссия) жүзеге асырады.
Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi сыйлық берiлетiн жылы бекiтедi.
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінiң 20.09.2002. № 1038 қаулысымен. (27.10.1998 жылғы редакцияны қараңыз)
6. Кандидатураларды сыйлыққа ұсыну тәртібі мен мерзімі туралы хабарландыру, сондай-ақ жекелеген атаулар бойынша Комиссияның қарауына берілетін қажетті конкурстық материалдардың тізбесі осы Ереженің 13-тармағына сәйкес сыйлық ресми тапсырылғанға дейін төрт айдан кешіктірмей баспасөзде жарияланады.  
Конкурсқа қатысатын кандидатуралар тізімі мен оларды ұсынған ұйымдарда да баспасөзде жарияланады.
6-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінiң 20.09.2002. № 1038 қаулысымен. (27.10.1998 жылғы редакцияны қараңыз)
7. Сыйлық алуға кандидатураларды ұсынуды орталық, жергiлiктi және өзге де мемлекеттiк органдар, шығармашылық және кәсiптiк одақтар, қоғамдық жастар бiрлестiктерi және қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де ұйымдар жүргiзедi. 
Сыйлық алуға ұсынылған кандидатуралар туралы дұрыс емес ақпарат ұсынылған жағдайда аталған кандидатуралар конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi.
7-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінiң 22.08.2006. № 797 (29.09.2005 жылғы редакцияны қараңыз) қаулысымен.(алғаш рет peсми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
8. Сыйлық алу конкурсына қатысушы кандидаттардың қызметі бұқаралық ақпарат құралдарында талқылануы керек. Талқылау материалдары Комиссияға жiберiледi. 
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінiң 20.09.2002. № 1038 қаулысымен. (27.10.1998 жылғы редакцияны қараңыз)
9. Спектакльдердi, кино және телефильмдердi, бейнелеу өнерiнiң көрмелерiн қарауды, концерттiк бағдарламалар мен музыкалық шығармаларды тыңдауды ұйымдастыру, сыйлыққа ұсынылғандардың қызметімен таныстыру ұсынушы ұйымдармен бiрге Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығы жөнiндегi Комиссиясына жүктеледi.
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінiң 20.09.2002. № 1038 қаулысымен. (27.10.1998 жылғы редакцияны қараңыз)
10.  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
10-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінiң 20.09.2002. № 1038 қаулысымен. (27.10.1998 жылғы редакцияны қараңыз)
11. Сыйлық алған адамдарға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығының лауреаты" атағы берiлiп, диплом, омырауға тағатын белгi және ақшалай сыйлық табыс етiледi. 
12. Сыйлық авторлар ұжымына берiлсе, оның ақшалай бөлiгi олардың мүшелері арасында тең бөлiнедi. 
12-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінiң 20.09.2002. № 1038 қаулысымен. (27.10.1998 жылғы редакцияны қараңыз)
13. Сыйлықтар салтанатты жағдайда тапсырылады, наградтау рәсiмi Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк Күнiне орайластырылады. 
14. Лауреаттың омырауға тағатын белгiсi мен дипломның сипаттамасын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығы жөнiндегi Комиссиясының төрағасы бекiтедi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 1996 жылғы 7 тамыздағы
 N 983 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығын беру жөнiндегi Комиссия туралы ЕРЕЖЕ
тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінiң 20.09.2002. № 1038 қаулысымен. (27.10.1998 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығын беру жөнiндегi Комиссия (Бұдан әрi - Комиссия) сарапшы-кеңесшi орган болып табылады, ол өз мiндеттерiн қоғамдық негiзде атқаратын мәдениеттiң, өнердiң, ғылымның беделдi қайраткерлерiнен, орталық атқарушы органдардың жауапты қызметкерлерiнен құрылады.  
Комиссия қызметінің ұйымдық, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi жүзеге асырады. 
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінiң 20.09.2002. № 1038, 26.08.2004. № 897, 29.09.2005. № 964 қаулыларымен. (27.10.1998 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Комиссияның жұмысын төраға бастаған төралқа басқарады. 
Комиссия төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, Комиссияның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызмет үшiн, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестiру үшiн және Комиссия әзiрлейтiн шешiмдер үшiн дербес жауапты болады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары орындайды. 
Комиссия хатшысы Комиссия отырыстарының күн тәртiбi жөнiндегi ұсыныстарды, қажеттi құжаттарды, материалдарды дайындайды және ол өткiзiлгеннен кейiн хаттаманы ресiмдейдi. 
Комиссия мүшелерi Комиссия қызметiне алмастыру құқығынсыз қатысады.  
Комиссияның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi сыйлық берiлетiн жылы бекiтедi.  
Комиссияның сандық құрамы 28 адамнан аспауға тиiс. 
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінiң 20.09.2002. № 1038, 26.08.2004. № 897, 22.08.2006. № 797 қаулыларымен (27.10.1998 жылғы редакцияны қараңыз).(алғаш рет peсми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
сыйлыққа ұсынылған кандидатуралардың конкурстық құжаттарын қабылдап, алдын ала қарайды, оларды ұсыну тәртiбiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;   
кандидатураларды iрiктеп алып, конкурсқа қатысуға рұқсат ету туралы ұсыныстар енгiзедi, конкурсқа жiберiлген жұмыстарды ұсынған ұйымдарды көрсете отырып, олардың тiзiмiн баспасөзде жариялайды;  
конкурсқа жiберiлген кандидатуралардың қызметін кең және ашық талқылануын ұйымдастырады;  
сыйлық лауреатының дипломдары мен омырауға тағатын белгiсiн ресiмдейдi. 
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінiң 20.09.2002. № 1038 қаулысымен. (27.10.1998 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Комиссия сыйлыққа ұсынылған кандидатураларды алдын ала қарау үшiн секциялар мен сараптау топтарын құрады. 
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінiң 20.09.2002. № 1038, 29.09.2005. № 964 қаулыларымен. (27.10.1998 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Сыйлық алуға ұсынылған кандидатураларды Комиссия екi кезеңде қарайды. Бiрiншiсiнде Комиссия конкурсқа сыйлық алуға қатысу үшiн кандидатураларды iрiктейдi, екiншiсiнде сыйлық тағайындау туралы шешiм қабылдайды. 
Комиссия шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады. 
Комиссия отырыстарын өткiзу нәтижелерi бойынша оның барлық мүшелерi мiндеттi түрде қол қоятын хаттама жасалады.
5-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінiң 22.08.2006. № 797 (29.09.2005 жылғы редакцияны қараңыз) қаулысымен.(алғаш рет peсми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
6. Егер де сыйлыққа Комиссия мүшесiнiң кандидатурасы ұсынылған болса, оның авторы Комиссияның секциялары мен мәжiлiстерiнiң жұмысына қатыспайды. 
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінiң 20.09.2002. № 1038 қаулысымен. (27.10.1998 жылғы редакцияны қараңыз)
7. Мемлекеттiк сыйлықты беру туралы шешiмдi Комиссия дауыс беру нәтижелерi бойынша қабылдайды және ол Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткеннен кейiн күшiне кiредi. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Мемлекеттiк сыйлықты беру туралы қаулысы Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк Күнiне орай баспасөзде жарияланады.
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінiң 22.08.2006. № 797 қаулысымен (29.09.2005 жылғы редакцияны қараңыз).(алғаш рет peсми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 1996 жылғы 7 тамыздағы
 N 983 қаулысымен
 қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң ТIЗБЕСI
1. "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 11 тамыздағы N 666  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 32, 489-бап). 
2. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 11 тамыздағы N 666 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 9 тамыздағы N 888  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 34, 374-бап).  
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 16 мамырдағы N 525 қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 22, 229-бап).  
4. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 9 тамыздағы N 888 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 24 желтоқсандағы N 1462  қаулысы.