Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
-
Продукты:
Судебная практика
Судебная практика
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 тамыздағы N 897 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 8 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 28.07.2015 жылғы № 597 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 тамыздағы N 983 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 33, 311-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде:
1-тармақтың екiнші абзацындағы ", ақпарат және қоғамдық келiсiм" деген сөздер алынып тасталсын;
2-тармақтың үшiншi абзацындағы "17" деген сан "28" деген санмен ауыстырылсын.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 22.08.2006. № 797 қаулысымен (16.03.2005 жылғы редакцияны қараңыз).(қаулы алғаш рет peсми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығының кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 20 қыркүйектегi N 1038 қаулысы 2-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 30, 335-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 26 тамыздағы N 897 қаулысымен бекiтілген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығын беру жөнiндегi комиссияның құрамы
Құрамның күшін жойды ҚР Үкіметінің 22.08.2006. № 797 қаулысымен (16.03.2005 жылғы редакцияны қараңыз).(қаулы алғаш рет peсми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |