Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
-
Продукты:
Судебная практика
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығының кейбiр мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 тамыздағы N 797 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығын беру жөнiндегi комиссияның құрамы бекiтiлсiн.
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 тамыздағы N 983 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 33, 311-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығы туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Сыйлық алуға кандидатураларды ұсынуды орталық, жергiлiктi және өзге де мемлекеттiк органдар, шығармашылық және кәсiптiк одақтар, қоғамдық жастар бiрлестiктерi және қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де ұйымдар жүргiзедi.
Сыйлық алуға ұсынылған кандидатуралар туралы дұрыс емес ақпарат ұсынылған жағдайда аталған кандидатуралар конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi.";
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығын беру жөнiндегi комиссия туралы ережеде:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi, үшiншi, төртiншi және бесiншi абзацтармен толықтырылсын:
"Комиссия төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, Комиссияның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызмет үшiн, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестiру үшiн және Комиссия әзiрлейтiн шешiмдер үшiн дербес жауапты болады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары орындайды.
Комиссия хатшысы Комиссия отырыстарының күн тәртiбi жөнiндегi ұсыныстарды, қажеттi құжаттарды, материалдарды дайындайды және ол өткiзiлгеннен кейiн хаттаманы ресiмдейдi.
Хатшы жұмыс тобының мүшесi болып табылмайды.
Комиссия мүшелерi Комиссия қызметiне алмастыру құқығынсыз қатысады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Сыйлық алуға ұсынылған кандидатураларды Комиссия екi кезеңде қарайды. Бiрiншiсiнде Комиссия конкурсқа сыйлық алуға қатысу үшiн кандидатураларды iрiктейдi, екiншiсiнде сыйлық тағайындау туралы шешiм қабылдайды.
Комиссия шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады.
Комиссия отырыстарын өткiзу нәтижелерi бойынша оның барлық мүшелерi мiндеттi түрде қол қоятын хаттама жасалады.";
7-тармақтағы "жасырын" деген сөз алынып тасталсын.
3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығының кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 26 тамыздағы N 897 қаулысының екiншi тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 30, 418-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 26 тамыздағы N 897 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 3 желтоқсандағы N 1256 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 48, 602-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 26 тамыздағы N 897 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 16 наурыздағы N 234 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., N 12, 132-құжат).
4. Осы қаулы алғаш рет peсми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |