Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығының кейбiр мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 тамыздағы N 797 Қаулысы
Редакция 05.12.2008 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 тамыздағы N 983 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 33, 311-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығы туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Сыйлық алуға кандидатураларды ұсынуды орталық, жергiлiктi және өзге де мемлекеттiк органдар, шығармашылық және кәсiптiк одақтар, қоғамдық жастар бiрлестiктерi және қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де ұйымдар жүргiзедi.
Сыйлық алуға ұсынылған кандидатуралар туралы дұрыс емес ақпарат ұсынылған жағдайда аталған кандидатуралар конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi.";
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығын беру жөнiндегi комиссия туралы ережеде:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi, үшiншi, төртiншi және бесiншi абзацтармен толықтырылсын:
"Комиссия төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, Комиссияның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызмет үшiн, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестiру үшiн және Комиссия әзiрлейтiн шешiмдер үшiн дербес жауапты болады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары орындайды.
Комиссия хатшысы Комиссия отырыстарының күн тәртiбi жөнiндегi ұсыныстарды, қажеттi құжаттарды, материалдарды дайындайды және ол өткiзiлгеннен кейiн хаттаманы ресiмдейдi.
Хатшы жұмыс тобының мүшесi болып табылмайды.
Комиссия мүшелерi Комиссия қызметiне алмастыру құқығынсыз қатысады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Сыйлық алуға ұсынылған кандидатураларды Комиссия екi кезеңде қарайды. Бiрiншiсiнде Комиссия конкурсқа сыйлық алуға қатысу үшiн кандидатураларды iрiктейдi, екiншiсiнде сыйлық тағайындау туралы шешiм қабылдайды.
Комиссия шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады.
Комиссия отырыстарын өткiзу нәтижелерi бойынша оның барлық мүшелерi мiндеттi түрде қол қоятын хаттама жасалады.";
7-тармақтағы "жасырын" деген сөз алынып тасталсын.
3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығының кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 26 тамыздағы N 897 қаулысының екiншi тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 30, 418-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 26 тамыздағы N 897 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 3 желтоқсандағы N 1256 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 48, 602-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 26 тамыздағы N 897 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 16 наурыздағы N 234 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., N 12, 132-құжат).
4. Осы қаулы алғаш рет peсми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 22 тамыздағы
N 797 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығын беру жөнiндегi комиссияның құрамы
Әйтiмова - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Бiрғаным Сарықызы және ғылым министрi, төрайым
Әлиев - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Арыстанбек Мұхамедиұлы және ақпарат вице-министрi, төрайымның
орынбасары
Өтешев - Қазақстан Республикасы Бiлiм және
Нұрлан Сүлейменұлы ғылым министрлiгi Жастар саясаты
департаментiнiң директоры, хатшы
"Театр және кино, әдебиет, журналистика" секциясы
Бабақұмаров - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ержан Жалбақұлы және ақпарат вице-министрi
Теменов - Қазақстан Республикасы Мәдениет
Талғат Досымғалиұлы және ақпарат министрлiгi "Ғ. Мүсiрепов
атындағы Қазақ мемлекеттiк академиялық жас
көрермен театры" республикалық мемлекеттiк
қазыналық кәсiпорнының директоры,
Қазақстан Республикасының халық әртiсi
Нөгербек - Қазақстан Республикасы Бiлiм және
Бауыржан Рамазанұлы ғылым министрлiгi "Т. Жүргенов атындағы
Қазақ ұлттық өнер академиясы" мемлекеттiк
мекемесiнiң профессоры, Қазақстан
Республикасының еңбек сiңiрген қайраткерi,
өнертану кандидаты
Жолдасбеков - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Мырзатай Жолдасбекұлы ақпарат министрлiгi "Қазақстан
Республикасы Президенттiк мәдениет
орталығы" мемлекеттiк мекемесiнiң
директоры, профессор, филология
ғылымдарының докторы, Халықаралық жоғары
мектеп ғылым академиясының академигi
Жүсiп - "Егемен Қазақстан" республикалық газетi"
Нұртөре Байтiлесұлы акционерлiк қоғамының бас директоры,
Президент сыйлығының лауреаты
"Эстрада, классикалық музыка, халық шығармашылығы" секциясы
Ахмедияров - "Қазақ әуендерi" акционерлiк қоғамының
Ғалым Алғалиұлы вице-президентi, Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар
сыйлығының лауреаты
Мұсақожаева - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
Айман Қожабекқызы министрлiгi "Қазақ ұлттық музыка
академиясы" мемлекеттiк мекемесiнiң
ректоры, профессор, Қазақстан
Республикасының халық әртiсi, әлем әртiсi,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
сыйлығының лауреаты
Артығалиев - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Мәди Әдиұлы ақпарат министрлiгi "Қазақстан
Республикасында мәдениет пен өнердi қолдау
мемлекеттiк қоры" мемлекеттiк мекемесiнiң
директоры
Бабаева - Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген
Айгүл Дүйсенбайқызы әртiсi, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
"Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығының
лауреаты
Шұғыла Сапарғалиқызы - Қазақстан Республикасы Республикалық
ұланының Президенттiк оркестрi би
ансамблiнiң солист-балетмейстерi,
Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген
әртiсi
"Дизайн және бейнелеу өнерi" секциясы
Өмiрбеков - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Байтұрсын Есжанұлы ақпарат министрлiгi "Қазақстан
Республикасының Ә. Қacтeeв атындағы
мемлекеттiк өнер мұражайы" республикалық
мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының
директоры
Ерғалиева - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
Райхан Әбдешқызы министрлiгiнiң "M.O. Әуезов атындағы
Әдебиет және өнер институты" республикалық
мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны бейнелеу
өнерi бөлiмiнiң меңгерушiсi, өнертану
докторы, ЮНЕСКО жанындағы Көркем
сыншылардың халықаралық қауымдастығының
мүшесi
Зәуiрбекова - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
Фатима Есмұратқызы сыйлығының лауреаты, қолданбалы өнер
суретшiсi
Төлепбай Ерболат - Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген
қайраткерi, Ресей Көркем академиясының
академигi, Сальвадор Дали сыйлығының
лауреаты, Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты
Ли - "Қазақстан Республикасының Суретшiлер
Камилла Витальевна одағы" қоғамдық бiрлестiгiнiң жауапты
хатшысы, ЮНЕСКО жанындағы Көркем сыншылар
қауымдастығының мүшесi Халықаралық
авторлық қауымдастықтың мүшесi
"Ғылым және қоғамдық қызмет" секциясы
Бектұрғанов - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
Нұралы Сұлтанұлы министрлiгi "Химиялық-технологиялық
зерттеулер орталығы" республикалық
мемлекеттiк кәсiпорнының бас директоры,
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
академиясының академигi
Сүлеев - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
Досым Қасымұлы министрлiгi "Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ
ұлттық техникалық университетi"
республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының
ректоры, профессор, техника ғылымдарының
докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық
ғылым академиясының құрметтi академигi
Нәбиева - "Халықаралық бағдарламалар орталығы"
Рита Сәбитқызы акционерлiк қоғамының бiрiншi
вице-президентi
Кәрiмбаев - "Студенттiк құрылыс және жастардың
Нұрсұлтан Тұрлыбекұлы еңбек жасақтары республикалық штабы"
мекемесiнiң төрағасы
Бегентаев - Қазақстан Республикасы Бiлiм және
Мейрам Мұхаметрахымұлы ғылым министрлiгi "С. Торайғыров атындағы
Павлодар мемлекеттiк университетi"
республикалық мемлекеттiк қазыналық
кәсiпорнының әлеуметтiк мәселелер және
тәрбие жұмысы жөнiндегi проректоры,
экономика ғылымдарының кандидаты, Павлодар
қалалық мәслихатының депутаты, "Ертiс
жастары" Павлодар облыстық жастар ұйымының
Құлназаров - Қазақстан Республикасы Туризм және
Анатолий Қожекенұлы спорт министрлiгi Спорт комитетiнiң
төрағасы
Кәрiмжанов - Қазақстан Республикасының бокстан еңбек
Нұржан Мыңжасарұлы сiңiрген спорт шеберi, Олимпиада
ойындарының жүлдегерi, Азия ойындарының
чемпионы, Азия чемпионы, Шығыс Азия
ойындарының чемпионы, әлем кубогiнiң күмiс
жүлдегерi
Рысбеков - Қазақстан Республикасы Туризм және
Қыдырбек Әдiлбекұлы спорт министрлiгi "Қажымұқан Мұңайтпасов
атындағы спортта дарынды балаларға
арналған республикалық мектеп-интернат"
мемлекеттiк мекемесiнiң директоры,
Қазақстан Республикасының тоғыз
құмалақтан еңбек сiңiрген жаттықтырушысы
Сәдуақасов - халықаралық гроссмейстер,
Дәрмен Қанатұлы жасөспiрiмдер арасында шахматтан
әлем чемпионы, Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар
сыйлығының лауреаты
Храпатый - Кеңестiк Социалистiк Республикалар
Анатолий Михайлович Одағының ауыр атлетикадан еңбек сiңiрген
спорт шеберi, Олимпиада ойындарының
чемпионы, әлем чемпионы, Азия чемпионы,
Еуропа чемпионы