• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Осы редакция 14.12.2012 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасындағы темiр жол өткiзу пункттерiнiң тiзбесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 шілдедегі N 648 қаулысы
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және кеден шекаралары арқылы өтетiн жеке тұлғаларды, көлiк құралдары мен өзге де мүлiктi мемлекеттiк бақылауды жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасындағы темiр жол өткiзу пункттерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi белгiленген тәртiппен Ресей Федерациясының, Өзбекстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Қытай Халық Республикасының өкiлдiктерiне Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасындағы темiр жол өткiзу пункттерi тiзбесiнiң бекiтiлуi туралы ақпаратты жеткiзсiн.
3. "Қазақстан Республикасындағы өткiзу пункттерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 30 қазандағы N 906  қаулысына  мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: 
1-тармақтың үшiншi абзацы алынып тасталсын.
4. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы 
Премьер-Mинистрі
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2003 жылғы 3 шiлдедегi
 N 648 қаулысымен
 бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
 шекарасындағы темiр жол өткiзу пункттерiнiң тiзбесi
1. Ресей Федерациясымен шекарадағы көп жақты қатынас үшiн ашық темiр жол өткiзу пункттерi: