Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы темір жол өткізу пункттерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 шілдедегі № 648 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1608 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2013 жылғы 20 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 09.07.2013 жылғы № 697 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы -темір жол өткізу пункттерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 шілдедегі № 648 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы темір жол өткізу пункттерінің тізбесінде:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ресей Федерациясымен шекарадағы көп жақты қатынас үшін ашық темір жол жүк-жолаушы өткізу пункттері:»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қырғыз Республикасымен шекарадағы көп жақты қатынас үшін ашық темір жол жүк-жолаушы өткізу пункті:
Мерке (Жамбыл облысы).»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қытай Халық Республикасымен шекарадағы көп жақты қатынас үшін ашық темір жол жүк-жолаушы өткізу пункттері:
Достық (Алматы облысы)
Алтынкөл (Алматы облысы).»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Түрікменстанмен шекарадағы көп жақты қатынас үшін ашық темір жол жүк-жолаушы өткізу пункті:
Болашақ (Маңғыстау облысы).».
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы, Қытай Халық Республикасы және Түрікменстан өкілдіктерінің назарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы темір жол өткізу пункттерінің тізбесіне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы ақпаратты жеткізсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов