• Менің таңдаулыларым

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 30 қарашадағы N 906 қаулысына толықтыру енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 қазандағы N 1085 қаулысы

Сауда-экономикалық қатынастар мен мәдени байланыстарды одан әрi дамыту және басқа мемлекеттерден жүк-жолаушы тасқынын ұлғайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасындағы өткiзу пункттерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 30 қазандағы N 906 қаулысына  мынадай толықтыру енгiзiлсiн: 
3-тармақ мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын: 
"Маңғыстау облысы Баутино кентiндегi "Баутино" теңiз порты".
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгі белгiленген тәртiппен мүдделi шетел мемлекеттерi өкiлдiктерiнiң назарына халықаралық теңiз тасымалдары үшiн өткiзу пунктi ашылғаны туралы ақпаратты жеткiзсiн.