Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Продукты: | Судебная практика |
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы" 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 және "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарын пайдалануды реттеу туралы" 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 маусымдағы № 739 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 12 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 28.12.2016 жылғы № 887 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 23-24, 228-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердiң тиiстiлiк нормативiнде:
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
6 | Премьер-Министрдiң Кеңсесi | Премьер-Министрдiң орынбасары | 1 | 2600 | ||
Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы | 1******** | 2600 | ||||
Премьер-Министрдiң Кеңсесi Басшысының орынбасары | 1******** | 2000 | ||||
Алматы қаласында көлiк қызметiн көрсету | 12 | 1 | 2600 | |||
Қонақтарға арналған | 14 | *** |
»;
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
«********осы норматив, «Назарбаев орталығы» көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесінің басшысы мен орынбасарларына да қолданылады»;
2) «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарын пайдалануды реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарының тиесілiлiк табелінде:
«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi» деген бөлім мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
Жедел | Жедел жұмыс iстеу үшiн | «Назарбаев орталығы» көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттiк мекемесi | 2 |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсімов