• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 26.03.2018 г

Отправить по почте

Әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін дербес қолдану ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 24 маусымдағы N 274-ОД бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 3 тамызда тіркелді. Тіркеу N 2981

Осы Бұйрықтың тақырыбы өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы № 77-НҚ бұйрығымен
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 26 наурызынан бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.01.2018 ж. № 22 Бұйрығына сәйкес
Редакция 13.02.2009 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 қазандағы N 1126 қаулысымен бекітілген Табиғи монополия субъектілерінің тарифтік саясатын жетілдірудің 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 38-тармағына, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 5 қарашадағы N 263-НҚ бұйрығымен  бекітілген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2599 нөмірмен тіркелген Әуежайлар мен аэронавигация қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін белгілеу және алып тастау ережесіне сәйкес Бұйырамын: 
кіріспе өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің 2009 жылғы 13 ақпандағы № 42-НҚ Бұйрығымен.
1. Қоса беріліп отырған Әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін дербес қолдану ережесі бекітілсін.
: 1-тармақ өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы № 77-НҚ бұйрығымен.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Темір жол көлігі мен порттар саласындағы реттеу мен бақылау жөніндегі департаменті (Е.С.Жусанбаев) осы бұйрықтың заңда белгіленген ереженің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін. 
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Әкімшілік және аумақтық жұмыстар департаменті (М.А.Токарева) мемлекеттік тіркелгеннен кейін: 
1) осы бұйрықтың белгіленген ереженің ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін; 
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің, "Астана халықаралық әуежайы" жабық акционерлік қоғамының, "Алматы халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамының және "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының назарына жеткізсін. 
4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын. 
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төрағаның 
міндетін атқарушы
Келісілді:
Қазақстан Республикасы 
Көлік және коммуникациялар 
министрінің міндетін атқарушы 
     2004 жылғы 2 шілде
Қазақстан Республикасының
 Табиғи монополияларды реттеу
 және бәсекелестікті қорғау
 жөніндегі агенттігі төрағасының
 міндетін атқарушының
 2004 жылғы 24 маусымдағы
 N 274-ОД бұйрығымен
 бекітілген
Әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін дербес қолдану ережесі 
: Тақырыпта және барлық мәтін бойынша "мемлекеттік реттеуге жататын әуежайлар мен аэронавигация қызметтерінің" сөздер "әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің" сөздермен ауыстырылды
барлық мәтін бойынша "өсуіне" сөз "өсу" сөзбен ауыстырылды ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы № 77-НҚ, 2006 жылғы 11 қазандағы № 242 бұйрығымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз)
1. Жалпы ережелер 
1. Әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін дербес қолданудың осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 қазандағы N 1126 қаулысымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтік саясатын жетілдірудің 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес әзірленді. 
1-тармақ өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің 2009 жылғы 13 ақпандағы № 42-НҚ Бұйрығымен.
2. Осы Ереже табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес  әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (бұдан әрі - реттелетін қызметтер) тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін дербес қолданудың шарттары мен тетігін айқындайды.
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 
жаңадан іске қосылған рейс - әуе кемелерін басқа пайдаланушылар орындамайтын әуе кемелерін пайдаланушы орындайтын жаңа бағыт бойынша рейс; 
тарифтің (бағаның, алым ставкасының) кіріс бөлігі - қолданыстағы тарифке (бағаға, алым ставкасына) салынған, уәкілетті орган бекіткен субъектінің реттелетін қызметі тарифінің (бағасының, алым ставкасының) және реттелетін қызметтің субъект көрсететін бірлігінің толық өзіндік құнының  арасындағы айырмашылықты көрсететін пайда;      
өтінім - әуе кемелерін пайдаланушының субъектіге әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифіне (бағасына, алым ставкасына) уақытша төмендету коэффициентін қолдануға  арналған өтініші (еркін нысанда); 
субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметін тұтынудың мәлімделген көлемі - әуе кемелерін пайдаланушының мәлімделген кезеңде жоспарланған уақытша төмендету коэффициентін белгілеуге берілген өтінімде көрсетілген субъектінің реттелетін қызметтерін тұтыну көлемі; 
мәлімделген кезең - әуе кемелерін пайдаланушының уақытша төмендету коэффициентін белгілеуге берген өтінімінде көрсетілген кезең; 
реттеліп көрсетілетін қызметтердің толық өзіндік құны - шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібі туралы ереженің  талаптарына сәйкес реттелетін қызметтің бірлігіне арналған тарифте (бағада, алым ставкасында) ескерілген субъектінің шығындары; 
субъектінің реттелетін қызмет көрсетуінің табыстылығы - тарифтің кіріс бөлігінің реттеліп көрсетілетін қызметтің толық өзіндік құнына арақатынасы; 
субъект - әуежайлардың немесе аэронавигацияның реттелетін қызметтерін көрсететін әуежай немесе аэронавигация ұйымы; 
шартты-ауыспалы шығындар - көрсетілетін реттелетін қызметтер көлеміне тәуелді реттелетін қызметтер ұсынуға байланысты субъектінің шығындары; 
әуе кемелерін пайдаланушы - әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өзінің қызметтерін ұсынатын, әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын заңды немесе жеке тұлға; 
уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган. 
Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.
#$: 3-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы № 77-НҚ, 2006 жылғы 11 қазандағы № 242, 13.02.2009. № 42-НҚ Бұйрықтарымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз)
4. Осы Ереже субъектілерге және олардың қызметтерін тұтынушы - әуе кемелерін пайдаланушыларға қолданылады.
2. Уақытша төмендету коэффициентін 
 дербес қолдану шарты 
5. Өтінімдер болған кезде, әуе кемелерін пайдаланушының мынадай талаптардың біреуін орындау кезінде әуежай әуежайдың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне уақытша төмендету коэффициентін дербес қолданады: 
1) белгілі бір кезеңге арналған өтінімде көрсетілген реттеліп көрсетілетін жоспарланған тұтыну көлемі өткен жылдың осы кезеңіндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерді нақты тұтыну көлемінен жоғары болғанда; 
2) әуежайдың іске қосылмаған немесе әлсіз іске қосылған қуатын пайдалану мүмкіндігі; 
3) әуе кемелерінің әуежайға техникалық қона отырып, транзиттік ұшуларды орындауы. 
4) алынып тасталды.
#$: 5-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы № 77-НҚ, 2006 жылғы 11 қазандағы № 242 бұйрығымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз)
5-1. Өтінімдер болған жағдайда, әуе кемелерін пайдаланушының мынадай талаптарының біреуін орындау кезінде аэронавигация ұйымы аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне уақытша төмендету коэффициентін дербес қолданады: 
1) әуе кемелерінің ұшу жиілігінің өсуі және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде жаңа бағыттарды тарту; 
2) іске қосылмаған немесе әлсіз іске қосылған әуе трассаларын пайдалану мүмкіндігі.
: 5-1-тармақпен толықтырылды ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2006 жылғы 11 қазандағы № 242 бұйрығымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз)
6. Әуе кемелерін пайдаланушы үшін уақытша төмендету коэффициенттерін қолдану субъектінің алдында реттеліп көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу жөнінде мерзімі өткен кредиторлық берешегі болмаған жағдайда немесе кредиторлық берешегін өтеу кестесіне сәйкес өтеген жағдайда жүргізіледі.
#$: 6-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы № 77-НҚ бұйрығымен.
7. Субъектінің уақытша төмендету коэффициентін қолдануымен реттелетін қызмет көрсетуден алған кірістері оны көрсетуге байланысты шығындарды жабуға және субъектінің тиімді жұмыс істеуіне қажетті пайда алуын қамтамасыз етуге тиіс. 
7-1. Осы Ереженің 5, 5-1, 6 және 7-тармақтарында көзделген шарттарды орындамаған жағдайда, субъект әуе кемелерін пайдаланушының атына уақытша төмендету коэффициентін дербес қолданудан бас тартылғаны туралы жазбаша хабарлама жолдайды.
: 7-1-тармақпен толықтырылды ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2006 жылғы 11 қазандағы № 242 бұйрығымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз)
3. Қолданылу мерзімін айқындау тәртібі және 
 уақытша төмендету коэффициентінің деңгейі 
8. Субъект уақытша төмендету коэффициентінің қолданылу мерзімін әуе кемелерін пайдаланушының өтінімінің негізінде айқындайды. Осы Ереженің 5-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, уақытша төмендету коэффициенті белгілі бір мерзімге (ай, тоқсан, жыл) қолданысқа енгізіледі, бірақ күнтізбелік жылдың аяғына дейінгі мерзімнен аспауға тиіс.
: 8-тармақ өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2006 жылғы 11 қазандағы № 242 бұйрығымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз)