• Мое избранное
Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат алуға қажетті құжаттардың тізбесін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 09.08.2012 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 2

Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат алуға қажетті құжаттардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 27 наурыздағы № 108 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 23 сәуірде № 7593 тіркелді

Күші жойылды ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 09.08.2012 № 396 Бұйрығымен. (27.03.2012 жылғы редакцияны қараңыз)
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабының 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса берiлген Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге рұқсат алуға қажеттi құжаттардың тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, қадағалау, лицензиялау және аттестаттау департаменті (Ғ.Р. Әбдірайымов) белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. «Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге арналған рұқсатты алуға қажетті құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 наурыздағы № 92 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6151 болып тіркелген және 2010 жылғы 18 мамырдағы № 69 (1865) «Заң газеті» газетінде жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгі төрағасының орынбасары Н.П. Тихонюкке жүктелсiн.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға                                     С. Нокин
Қазақстан Республикасы
 Құрылыс және тұрғын
 үй-коммуналдық шаруашылық
 істері агенттігі төрағасының
 2012 жылғы 27 наурыздағы
 № 108 бұйрығымен
 бекітілген
Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге
 рұқсат алуға қажетті құжаттардың тізбесі
1. Осы тізбенің қосымшасына сәйкес нысандағы өтiнiш.
2. Жер учаскесiне тиісті құқық беру туралы жергілікті атқарушы органдардың шешiмiнің көшірмесі (меншік құқығымен тапсырыс берушінің иелігіндегі үй жанындағы, саяжай, бау-бақша учаскелерінде уақытша құрылыстарды, шаруашылық-тұрмыстық құрылыстарды және абаттандыру элементтерін, сондай-ақ жерді пайдалану құқығымен тапсырыс беруші пайдаланатын жер учаскелерінде (аумақтарда) маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығына арналған тұрғын үйлер мен тұрмыстық үй-жайларды салуды қоспағанда).
3. Жобалау-сметалық құжаттамаға сараптаманың оң қорытындысының көшірмесі (бір сатылы жобалау кезінде жұмыс жобасы бойынша не екі сатылы жобалау кезінде жоба бойынша).
4. Бас мердiгердiң құрылыс-монтаж жұмыстары түрлерiнiң тiзбесi бар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыру құқығына мемлекеттiк лицензиясының көшірмесі.
Құрылыс-монтаж жұмыстарын
 жүргiзуге рұқсат алуға қажеттi
 құжаттардың тiзбесiне
 қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторына
 ____________________________________________________________________
                 (тегi, аты, әкесiнiң аты) 
       Тапсырыс берушi (құрылыс салушы) _____________________________
 ____________________________________________________________________
 (жеке тұлға үшін тегi, аты, әкесiнiң аты, мекенжайы және телефоны, 
заңды тұлға үшін ұйымның атауы, мекенжайы, телефоны)
ӨТІНІШ
____________________________________________________________________
              (объектiнiң атауы, мекенжайы) 
 ____________________________________________________________________
      Объектісі бойынша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама құрамында ___________ айға (айларға) бекітілген құрылыстың нормативтік ұзақтық мерзіміне құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруді сұраймын.
       Құрылыс 20___ жылғы «__» __________ басталды.
       Пайдалануға беру мерзiмi 20___ жылы «__» __________
Мынаны хабарлаймын:
       жер учаскесiне тиісті құқық беру туралы 20___«__» __________ № _____ шешім (меншік құқығымен тапсырыс берушінің иелігіндегі үй жанындағы, саяжай, бау-бақша учаскелерінде уақытша құрылыстарды, шаруашылық-тұрмыстық құрылыстарды және абаттандыру элементтерін, сондай-ақ жерді пайдалану құқығымен тапсырыс беруші пайдаланатын жер учаскелерінде (аумақтарда) маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығына арналған тұрғын үйлер мен тұрмыстық үй-жайларды салуды қоспағанда);
объектіні салуға арналған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы
 ____________________________________________________________________
       (жобалау ұйымның атауы, лицензия №, берілген күні, жобалаудың 
                        сатылығы) 
 ____________________________________________________________ әзірледі
 және _______________________________________________________ бекітті,
           (ұйымның атауы, бұйрықтың күні және №) 
 бұл орайда объект ___________________________________________________
           (бірінші – жоғары, екінші – қалыпты немесе үшінші – 
                              төмен) 
жауапкершілік деңгейіне жатады.
Сонымен қатар, мынаны мәлімдеймін:
       а) жұмыстар мердігерлік әдіспен _______________________________
 _____________________________________________________________________
       (құрылысты жүзеге асыратын ұйымның атауы, мекенжайы, телефоны, 
           лицензияның №, алған күні) 
 20__ «__»____________ №____ мердігерлік шарты негізінде жүргізіледі;
       б) сараптамалық сүйемелдеу режимінде (егер құрылысты кезең-кезеңмен жүргізу қарастырылған болса) құрылыстың тиісті кезеңдеріне арналған 20___ «___»______________ №_____ шешім берілген;
       в) тапсырыс берушінің атынан жауапты тұлға ретінде ____________
 _____________________________________________________________________
     (оқу орнының атауы, бітірген жылы, мамандығы) 
 білімі бар __________________________________________________________
                 (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы) 
 20___ «___»______________ №_____ бұйрықпен тағайындалған;
       г) бас мердігердің атынан құрылыс үшін жауапты тұлға ретінде __
 _____________________________________________________________________
     (оқу орнының атауы, бітірген жылы, мамандығы) 
 білімі және құрылыста ________ жыл еңбек өтілі, «Сейсмикаға төзiмдi құрылыс» (сейсмикалық аудандарда құрылыс жүргізілген жағдайда) курсы бойынша _____________________________________________________________
     (куәлік нөмірі, кіммен берілген және ұзартылған) 
 ____________________________________________ қолданыстағы куәлiгi бар
 _____________________________________________________________________
           (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы) 
 20___ «___»____________ № _____ бұйрықпен тағайындалған;
д) авторлық қадағалауды (қажетті тармақшаларды толтыру қажет) мыналар жүзеге асырады:
       1) 20___ «___»______________ № ___ бұйрыққа сәйкес ____________
 _____________________________________________________________________
           (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы) 
 атынан жобаны әзірлеуші _____________________________________________
 ____________________________________________________________________,
      (ұйымның атауы, лицензияның №, алған күні, мекенжайы, телефоны) 
       2) 20___ «___»___________ №_____ шартқа сәйкес өз құрамында аттестатталған(-дер) сарапшы(-лар) бар ______________________________
 _____________________________________________________________________
           (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы) 
 ұйым_______________________________________________________________,
           (ұйымның атауы, мекенжайы, телефоны) 
       3) 20___ «___»____________ №_____ шартқа сәйкес сарапшы________
 ____________________________________________________________________;
   (сарапшының тегі, аты, әкесінің аты, аттестаттың № және алған күні, 
                 мекенжайы және телефоны) 
е) техникалық қадағалауды (қажетті тармақшаларды толтыру қажет) мыналар жүзеге асырады:
       1) өз штатында 20___ «___»______________ №_____ бұйрықпен тағайындалған(-дар) аттестатталған сарапшысы(-лары) бар _____________
 _____________________________________________________________________
           (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы) 
тапсырыс беруші;
       2) 20___ «___»______________ №_____ шартқа сәйкес өз құрамында аттестатталған(-дер) сарапшысы(-лары) бар ___________________________
 _____________________________________________________________________
           (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы) 
 ұйым _______________________________________________________________,
           (ұйымның атауы, мекенжайы, телефоны) 
       3) 20___ «___»____________ №_____ шартқа сәйкес сарапшы________
 ____________________________________________________________________;
 (сарапшының тегі, аты, әкесінің аты, аттестаттың № және алған күні, 
                 мекенжайы және телефоны) 
Осы өтініште келтірілген мәліметтерге байланысты барлық өзгерістер туралы сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарына уақытылы хабарлауға міндеттенемін.
Тапсырыс беруші                         Бас мердігер
       (құрылыс салушы)                        
 _________________________                ___________________________
 (тегі, аты, әкесінің                       (тегі, аты, әкесінің
аты, лауазымы, қолы)                       аты, лауазымы, қолы)
М.О.                                          М.О.