• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2009 г

Отправить по почте

Қазақстан Республикасында нашақорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған басым іс-шараларының жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 2 ақпан N 176

Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.09.2009. № 1411 Қаулысымен. (04.03.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
Редакция 04.03.2004 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясы туралы" 2000 жылғы 16 мамырдағы N 394 Жарлығын  іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында нашақорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған басым іс-шараларының жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін. 
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының басшылары Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау жөніндегі комитетіне тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 3-күнінен кешіктірмей, Жоспар іс-шараларының орындалуы туралы ақпарат ұсынсын.  
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкiметiнiң 03.03.2004. № 261 қаулысымен. (02.02.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасының Үкіметіне тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей, Жоспар іс-шараларының орындалуы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.  
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкiметiнiң 03.03.2004. № 261 қаулысымен. (02.02.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
4.   Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ алынып тасталды ҚР Үкiметiнiң 03.03.2004. № 261 қаулысымен. (02.02.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2001 жылғы 2 ақпандағы
 N 176 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасында нашақорлыққа қарсы күрестің  
  2001-2005 жылдарға арналған басым іс-шараларының  
  Жоспары 
Жоспар өзгертілді ҚР Үкiметiнiң 03.03.2004. № 261 қаулысымен
 жоспар өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.03.2004. № 272 қаулысымен. (02.02.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
 
--------------------------------------------------------------------------- 
      Іс-шара            !   Аяқтау нысаны   !  Жауапты  ! Орындалу 
                         !                   ! орындаушы ! мерзімі 
---------------------------------------------------------------------------
1. Есірткі құралдар мен психотроптық заттарға сұранымды қысқарту 
1.1. Есірткі құралдарды,         Ведомстволық        ІІМ,   2001 ж. 
психотроптық заттарды            бұйрықтар           Бас         наурыз 
пайдалануға салынудың алдын алу                      прокуратура 
және оларға бақылау жасауды                          (келісім 
ұйымдастыру үшін қажетті                             бойынша), 
нормативтік құқықтық кесімдерді                      ДСМ, ІІМ 
әзірлеу    
1.2. Есірткі құралдарды,         ӘдМ НЕКК-іне        Облыстар,    2001-2005 
психотроптық заттарды            ақпарат             Астана және     жж. 
медициналық емес мақсатта                            Алматы қа.   желтоқсан 
пайдалану көлемі мен олардың                         лаларының 
жасырын сипаты деңгейіне кешенді                     әкімдері, 
зерттеулер жүргізу                                   ДСМ    
1.3. Бұқаралық ақпарат құралдары  Ведомстволық       ДСМ, Ақпарат. 2001 ж. 
үшін есірткіге қарсы              бұйрықтар          мині, ІІМ     қыркүйек 
бағдарламалар әзірлеу жөнінде 
ғылыми негізделген ұсынымдар 
әзірлеу және олардың 
тиімділігіне жүйелі талдама 
жасауды ұйымдастыру         
1.4. Әлеуметтік қызметтер мен     Ведомстволық       БҒМ, ДСМ,    2001-2002 
құқық қорғау органдары            бұйрықтар          ІІМ, Ақпарат.   жж. 
қызметкерлеріне "аса қатерлі"                        мині, ТСА,   желтоқсан 
топтарда алдын алу жұмыстарын                        
жүргізу тәртібіне қатысты 
семинарлар ұйымдастыру         
1.5. Педагогтар мен профессор-    Ведомстволық       ДСМ, БҒМ,   2001 ж. 
оқытушылар құрамы үшін оқушылар   бұйрықтар          ІІМ         қыркүйек 
мен студенттердің есірткі 
құралдарын, психотроптық 
заттарды қабылдау ықтималдығын 
көрсететін нышандарды байқау 
және анықтау жөнінде нұсқама- 
әдістемелік басшылық әзірлеу         
1.6. Медициналық оқу орындарының  Ведомстволық       ДСМ, БҒМ,    2001 ж. 
және білім беру жүйесінің         бұйрықтар,         облыстар,    қыркүйек 
облыстық біліктілік жетілдіру     әкімдердің         Астана және 
институтының оқу жоспарларына     кесімдері          Алматы қа. 
оқушылар мен студенттер арасында                     лаларының 
нашақорлықты анықтау мен оның                        әкімдері 
алдын алу әдісі жөнінде курс 
енгізу    
1.7. Теле-, радиохабар            Министрдің         Ақпаратмині,  2001-2005 
арналарында нашақорлыққа қарсы    бұйрығы,           облыстар,       жж. 
күрестің проблемаларына арналған  әкімдердің         Астана және    қаңтар 
ай сайынғы хабарлар (мемлекеттік  кесімдері          Алматы қа. 
және орыс тілдерінде)                                лаларының 
ұйымдастыру                                          әкімдері    
1.8. Есірткіге қарсы насихат      Әкімдердің         Облыстар,    2001-2005 
және салауатты өмір салтының      кесімдері          Астана және     жж. 
идеологиясы жөнінде пәрменді                         Алматы қа.   желтоқсан 
алдын алу шаралары жүйесін жасау                     лаларының 
                                              әкімдері, 
                                              Ақпаратмині, ДСМ, 
                                              ІІМ    
1.9. Мектептерде, колледждерде    Әкімдердің         Облыстар,    2001 ж. 
және ЖОО-да есірткілерді          кесімдері,         Астана және  желтоқсан 
пайдалануға салынуға байланысты   министрдің         Алматы қа. 
проблемалар жөнінде жасырын       бұйрығы            лаларының 
консультациялар өткізу үшін                          әкімдері, 
консультациялық пунктер ашу                          БҒМ 
жөнінде шаралар қолдану. 
Консультациялық пунктер штатына 
психолог және (немесе) 
психотерапевт бірлігін енгізу 
туралы мәселені шешу    
                                             ІІМ,Мәдениет. 
1.10. "Нашақорлық - Қазақстанның  Министрлердің      мині, Ақпарат.   Жыл 
болашағына төнген қатер" деген    бұйрықтары,        мині, БҒМ,      сайын, 
ұранмен мектеп оқушылары мен      әкімдердің         ІІМ, облыстар,  мамыр 
студенттердің бүкілқазақстандық   кесімдері          Астана және 
қозғалысын ұйымдастыру                               Алматы қа. 
                                              лаларының 
                                              әкімдері    
1.11. Наркологиялық диспансерлер  Әкімдердің         Облыстар,   2001 ж. 
 (ауруханалар) жанындағы есірткі   кесімдері,         Астана және желтоқсан 
құралдарды және психотроптық      ведомстволық       Алматы қа. 
заттарды пайдаланатын адамдарды   бұйрық             лаларының 
айғақтау зертханаларын                               әкімдері, 
ұйымдастыру-кадрлық нығайту                          ДСМ 
жүргізу         
1.12. Жастар жаппай жиналатын     ӘдМ НЕКК-іне       Облыстар,     Тоқсан 
жерлерде, демалыс және бос        ақпарат            Астана және   сайын 
уақытты өткізу орындарында                           Алматы қа. 
есірткі құралдарды, психотроптық                     лаларының 
заттарды пайдалануға салынудың                       әкімдері, 
алдын алу мақсатында бақылауды                       ІІМ 
жүзеге асыру жөніндегі 
жұмыстарды күшейту    
1.13. Жасөспірімдер мен            ӘдМ НЕКК-іне      Облыстар,     Тоқсан 
жастардың демалысын ұйымдастыруға  ақпарат           Астана және   сайын 
ПИК-тер (пәтер иелерінің                             Алматы қа. 
кооперативтері) қызметін                             лаларының 
бағдарлау                                            әкімдері
1.14. ПИК-тер (пәтер иелерінің     ӘдМ НЕКК-іне      Облыстар,     Тоқсан 
кооперативтері) пен нашақорлыққа   ақпарат           Астана және   сайын 
және есірткі бизнесіне қарсы                         Алматы қа. 
күрес жөніндегі аймақтық                             лаларының 
комиссиялар өкілдерінің                              әкімдері, 
қатысуымен есірткі құралдарды                        ІІМ, ДСМ 
және психотроптық заттарды 
пайдалануға жарамды тұрғын емес 
үй-жайларды анықтауға бағытталған 
"Жертөле", "Тор", "Жасөспірім", 
"Шатыр" атты алдын алу 
операцияларын өткізу    
1.15. Жабайы өсетін кендірдің      ӘдМ НЕКК-іне      ІІМ,         2001-2005 
заңсыз егістері мен шабындықтарын  ақпарат           облыстар,       жж. 
анықтау және жою жөніндегі                           Астана және    шілде, 
іс-шаралардың жүргізілуін                            Алматы қа.     қазан 
қамтамасыз ету                                       лаларының 
                                              әкімдері 
--------------------------------------------------------------------------- 
      2. Есірткі құралдарды, психотроптық заттарды пайдалануға      
            салынған адамдарды емдеу және әлеуметтік оңалту         
2.1. "Нашақорлықпен ауыратын       Қазақстан         ДСА,         2001 ж. 
адамдарды медициналық-әлеуметтік   Республикасы      Бас         желтоқсан 
оңалту туралы" Қазақстан           Заңының           прокуратура 
Республикасының Заңының жобасын    жобасы            (келісім 
әзірлеу                                              бойынша), ІІМ, 
                                              ЕХҚМ    
2.2. Нашақорлыққа байланысты       Әкімдердің        Облыстар,    2001 ж. 
жағдай күрделі облыс               кесімдері,        Астана және  желтоқсан 
орталықтарында, аудандарда және    ведомстволық      Алматы қа. 
қалаларда наркологиялық            бұйрық            лаларының 
диспансерлер мен кабинеттерді,                       әкімдері, 
ауылдық жерлерде - фельдшерлік                       ДСМ 
наркологиялық пунктерді қалпына 
келтіру         
2.3. Есірткіге тәуелді адамдарды   Ведомстволық      ДСМ          Жыл сайын 
емдеу мен оңалтудың бар            бұйрық                         маусым, 
әдістемелерін жетілдіру және                                      желтоқсан 
жаңаларын әзірлеу мақсатында 
халықтың есірткі құралдарды және 
психотроптық заттарды пайдалану 
мәселесі бойынша эпидемиологиялық 
зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру       
2.4. Есірткіге тәуелді адамдарды   Ведомстволық      ДСМ          2001 ж. 
нәтижелі емдеу және оңалту үшін    бұйрық                         желтоқсан 
психиатр-нарколог дәрігерлерін 
кәсіби даярлауды және олардың 
біліктілігін арттыруды ұйымдастыру         
2.5. Бас бостандықтан айыру        ӘдМ НЕКК-іне      ІІМ,         Тоқсан 
орындарында наркологиялық қызмет   ақпарат           облыстар,    сайын 
ұйымдастыру және оны материалдық                     Астана және 
-техникалық жарақтандыру жөнінде                     Алматы қа. 
қажетті шараларды қабылдау                           лаларының 
                                              әкімдері    
2.6. Наркологиялық орталықтар мен   Әкімдердің       Облыстар,    2001 ж. 
наркологиялық диспансерлерде        кесімдері,       Астана және  желтоқсан 
кәмелетке толмаған жастарды емдеу   ведомстволық     Алматы қа. 
үшін станционарлық бөлімшелер құру  бұйрық           лаларының 
                                              әкімдері, 
                                              ДСМ    
2.7. Мемлекеттік емес ұйымдарға     ӘдМ НЕКК-іне     Облыстар,    Тоқсан 
олардың есірткі құралдарды,         ақпарат          Астана және  сайын 
психотроптық заттарды пайдаланатын                   Алматы қа. 
адамдарды емдеу мен оңалту                           лаларының 
саласындағы заңды қызметінде көмек                   әкімдері 
көрсету       
2.8. Есірткі құралдарды және        Ведомстволық     ДСМ,        Жыл сайын, 
психотроптық заттарды пайдалануға   бұйрықтар        ІІМ         желтоқсан 
салынған адамдарды емдеу және 
оңалту бағдарламаларының жыл 
сайынғы конкурсын өткізу    
2.9. Есірткі құралдардың және       ӘдМ НЕКК-іне     ДСМ         Жыл сайын, 
психотроптық заттардың медициналық  ақпарат                      желтоқсан 
мақсатының негізділігіне талдау 
жасау     
---------------------------------------------------------------------------