Көлiк құралдарын ерiксiз тоқтатуды қамтамасыз ету мақсатында бұйырамын:
Отправить по почте
Көлiк құралдарын ерiксiз тоқтатуға "Кiрпi" арнайы құрылғысын қолдану тәртiбiнiң нұсқамасын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi 1996 жылғы 13 тамыз N 265 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1997 жылғы 13 маусымда N 316 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ішкі істер министрінің 15.10.2015 жылғы № 842 Бұйрығына сәйкес
Редакция 09.01.2009 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Көлiк құралдарын ерiксiз тоқтатуды қамтамасыз ету мақсатында бұйырамын:
1. 1996 жылдың 1-шi тамызынан бастап көлiк құралдарын ерiксiз тоқтататын "Кiрпi" арнайы құрылғысын қолдану тәртiбiнiң нұсқамасы iске асырылсын және бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Ішкі істер департаменттерінің бастықтары:
1) аталған Нұсқаманы ішкі істер органдары жеке құрамының зерделеуін ұйымдастырып, сынақтар қабылдай отырып, практикалық сабақтар өткізілсін;
2) белгіленген тиесілік нормаларына сәйкес "Кірпі" арнайы құрылғысын сатып алуды қамтамасыз етсін.
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ішкі Істер министрінің 09.01.2009 № 7 Бұйрығымен. (13.08.1996 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ алынып тасталды ҚР Ішкі Істер министрінің 09.01.2009 № 7 Бұйрығымен. (13.08.1996 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ алынып тасталды ҚР Ішкі Істер министрінің 09.01.2009 № 7 Бұйрығымен. (13.08.1996 жылғы редакцияны қараңыз)
5. 1983 жылғы 31 мамырдағы ССРО IIМ-нiң N 0146 "Көлiк құралдарын ерiксiз тоқтатуға арналған "Кiрпi" арнайы құрылғысын қолдану тәртiбi туралы" бұйрығының күшi жойылды деп есептелсiн. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрi iшкi әскерлер қолбасшысы генерал-лейтенант Қазақстан Республикасы IIМ 1996 жылғы 13 тамыздағы N 265 бұйрығына қосымша КЕЛIСIЛГЕН Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары юстиция аға кеңесшiсi Ж.С.Елубаев 1996 ж. 18 шiлде Көлiк құралдарын ерiксiз тоқтатуға арналған "Кiрпi" арнайы құрылғысын қолданудың тәртiбi туралы* НҰСҚАМА Бұдан әрi қарай "Кiрпi" құрылғысы аталады I. "Кiрпi" құрылғысының қызметi:
І.1. "Кiрпi" құрылғысы көлiк құралдарын мынадай белгiлi жағдайларда анық мәлiмет бойынша ерiксiз тоқтатуға арналған:
- қылмыс жасау үшiн қолданылған, ұрланған немесе айдап кеткен;
- адамдардың өлiмi мен жарақаттануына соқтырған көлiк-жол оқиғасы жасалған жерден жасырынған жүргiзушiнiң басқаруындағы;
- адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiрiп, iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң әлденеше Заңды талабына бағынбаған жүргiзушi басқаруындағы көлiктерге қолданылады.
І.2. "Кiрпi" құрылғысы бiрдей түзу арақашықтықта капрон (металл) лентаға орнатылған тiкенектерден тұрады.
II. "Кiрпi" құрылғысын қолдану тәртiбi
1. "Кiрпi" құрылғысын iшкi iстер органдарының осы Нұсқаулықты бiлетiн және оны iс жүзiнде қолдануды жақсы меңгерген қызметкерлерi қолданады.
2. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi 1.1. пунктте көрсетiлгендей көлiк құралының келе жатқандағы туралы мәлiмет алысымен:
2.1. Тұрақты стационарлық поста қызметте тұрғанда:
- "Кiрпi" құрылғысы қолданылады деген жерден мүмкiндiгiнше алысырақтау жерге барлық жүргiн көлiктер тоқтатылып қойылады, сонымен қатар "Кiрпi" қондырғысы қойылған жерден елдi мекенде 50 м, елдi мекеннен тыс жерде 75 м. ара қашықтықта "Өтуге болмайды" деген уақытша белгi қойылуы тиiс. Сонымен қатар шлагбаумдар мен бағдаршамдарды пайдалануға да болады.
- iшкi iстер органының қызметкерi күдiктi машинаны тоқтату үшiн үздiксiз белгi бере отырып "Кiрпi" құрылғысын құрады да оны айналып өтетiн жол бөлiктерiн автомашиналармен, тракторлармен, өздiгiнен жүретiн машиналармен немесе басқа да поста тұрған дөңгелектi техникалармен бөгеп қояды.
2.2. Патруль автомобилiмен қызметте жүргенде:
- iшкi iстер органдарының қызметкерi айналып өтiп кетедi-ау деген жолдарды ескере отырып күдiктi көлiк құралдарын ұстау ауданын белгiлейдi;
- iшкi iстер органдарының қызметкерлерi патруль автомобилiн жол жағасына қойып, ондағы арнайы жарық және дыбыс дабылдарын қосып қояды да жолда келе жатқан барлық көлiк құралдарын тоқтатып "Кiрпi" құрылғысымен жолды бөгейдi.
2.3. Күдiктi көлiк "Кiрпi" құрылғысын басып өтiсiмен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi көлiк жүргiзушi және онымен бiрге келе жатқан адамдары ұстауды ұйымдастырады.
2.4. Iшiнде қарулы қылмыскерлер бар көлiк құралдарын ұстауға қарсы "Кiрпi" қондырғысын пайдаланғанда арнайы топ шақырылады.
3. "Кiрпi" құрылғысын:
3.1. Темiржол тораптарында, жер асты жолдарында, көпiрлерде, жол өткелдерiнде эстакадаларда;
3.2. Автобустарға, троллейбустарға, адам таситын жүк машиналарына (егер кузов пен салонда жолаушылар бар болса);
- мотоциклдерге, мотоколяскаларға, мотороллер және мопедтерге;
- шетелдiк өкiлдiктер мен шетел азаматтарына тиiстi автокөлiктерге, егер бұл көлiктердiң тоналған немесе ұрланғандығы жайында, сондай-ақ оларды тартып алып қылмыстық мақсатқа қолданғандығы туралы анық мәлiметтер бар жағдайлардан басқа кезде қолдануға болмайды.
4. "Кiрпi" құрылғысын қолданған iшкi iстер органдарының қызметкер ол туралы IIБ-нiң, МАИ бөлiмшелерiнiң бастықтарына көлiк құралын ерiксiз тоқтату жөнiндегi хабар қашан, кiмнен (фамилиясы, аты-жөнi, лауазымы, шенi) қайдан берiлгендiгi жөнiнде және кiмге қарсы қолданғаны мен оны қолдану жағдайы әрi нәтижесi көрсетiлген рапортпен баяндайды.
Қазақстан Республикасы IIМ МАИББ
Қазақстан Республикасы
IIМ МАИ Бас басқармасы
Көлiк құралдарын ерiксiз тоқтатуға арналған "Кiрпi" арнаулы құрылғысын қолдану тәртiбi жөнiндегi нұсқаманы қайта жолдап отырмыз; Нұсқама Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келiсiлiп және оның қолы қойылған. ҚОСЫМША: Нұсқама 3 (үш) бетте. Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының басқарма бастығы юстиция аға кеңесшiсi
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |