Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қазандағы N 972 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 мамырдағы N 623 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі" деген 6-бөлімде 27-тармақ алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" деген 8-бөлім мынадай мазмұндағы 34-1-тармақпен толықтырылсын:
"34-1. Қазақстан-ливия үкіметаралық бірлескен комиссиясы".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов